1 / 12Металл кесетін абразивті диск өндіру желісі
«AFEX GROUP» клиенттері үшін еліміздің ішкі нарығын зерттей отырып, импортталатын өнімдерді елімізде өндіруде кәсіпкерлерімізге заманауи…
Сипаттама
Жабдық туралы
«AFEX GROUP» клиенттері үшін еліміздің ішкі нарығын зерттей отырып, импортталатын өнімдерді елімізде өндіруде кәсіпкерлерімізге заманауи технологияларды ұсынуды жалғастырамыз!
- Ағаш
- Металл
- Кірпіштер
- Бетон
- Мәрмәр-гранит
«AFEX GROUP» клиенттері үшін негізінен жиі қолданылатын металл кесетін абразивті дискілерді өндіруге қажетті шикізат пен технологияларға қатысты мәліметтерді толық баяндауға тырысамыз. Металл кесетін абразивті дискілер елімізге негізінен Ресей мен Қытайдан импортталады. Бұл өнімді өндіре отырып, импорт көлемін азайта аласыз.
Бұл өнімді өндіру процесі күрделі болмағандықтан, жаңа бизнесмендерге де, тәжірибелі кәсіпкерлерге де сай келеді.
ӨНІМГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЖЕТТІ МӘЛІМЕТТЕР.
Жоғарыдағы фотосуретте мемлекеттік стандарттарға сәйкес таңбаланған металл кесуге арналған диск көрсетілген. Дискінің аймақтары сандармен белгіленген, бұл сандар мыналарды білдіреді:
- Конструктивтік түрі (ISO 41, жалпақ).
- Геометриялық сипаттамалар — диаметрі, қалыңдығы, тесігі.
- Физикалық қасиеттері: абразив түрі (A — электрокорунд); түйіршік өлшемі; қаттылық дәрежесі (латынша T — өте қатты); байланыс түрі (BF — арматураланған бакелит).
- Ең жоғары айналу жылдамдығы.
- Рұқсат етілген ең жоғары шеткі жылдамдық.
- Қандай материалға арналғаны.
- Қауіпсіздік пиктограммалары.
- Нормативтік құжаттарға сілтеме.
- Өндірушінің логотипі.
ӨНДІРІС ПАРАМЕТРЛЕРІ
Әртүрлі болгаркалар үшін қажетті өлшемдердегі кескіш дискілер қолданылады. Біз де кеңінен қолданылатын металл кесетін дискілерді өндіретін технологияларды таңдап алдық.- Сыртқы диаметрі: 100,115,125,150,180,230 мм;
- Орталық сақинаның диаметрі: 22,32 мм;
- Қалыңдығы: 1.0, 1.2, 1.6, 1.8, 2.0, 2.5, 3,2 мм
ҚАЖЕТТІ ШИКІЗАТТАР
- Абразив бөлшектері.
- Шайыр ұнтағы.
- Криолит.
- Гипс ұнтағы.
- Қара көміртек.
- Шыны талшықты тор.
- Арнайы қара қағаз (астыңғы бөлігіне).
- Түсті алюминий оксиді (беткі бөлігіне).
- Металл сақина.
САТУ
Елімізде негізінен импортталған абразивті дискілерді кездестіресіз. Өнімнің сұранысқа ие болуы, әрине, сапа деңгейіне байланысты. Өнім өндірудің қарапайымдылығы импорттық өнімдердің орнын басу мүмкіндігін арттырады. Өнімнің кесу процесінде үйкеліп, жарамсыз күйге келуі сатудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.ҚАЖЕТТІ АЛАҢ
Бұл желі үшін қажетті алаң 150 м²-ден кем болмауы тиіс. Шикізат пен дайын өнімді әкелу немесе әкету үшін жеңіл жүк көліктерінің кіруіне мүмкіндік болса, жұмыс өнімділігі одан әрі артады.ҚАЖЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Өнеркәсіп нысаны инфрақұрылымының элементтері электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етілуі тиіс. •Желінің электр қуаты -125 кВт/380 В, 50 Гц. •Қажетті трансформатор - 160 кВт/380 В, 50 Гц-тен жоғары. •1 тонна өнімге - 300 кВт энергия шығыны. •8-10 жұмысшы қажет.ӨНДІРІС МЕХАНИЗМІ
ЖЕЛІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЖАБДЫҚТАР МЕН ҚҰРЫЛҒЫЛАР
•Шыны талшықты торларды кесетін жабдық. •Металл сақина жасайтын жабдық. •Дірілді елек. •Екі ыдысты гидравликалық миксер. •Абразивті диск дайындайтын жабдық (100,115,125 мм). •Абразивті диск дайындайтын жабдық (150,180,230 мм). •Арнайы электр пеші. •Теңгерімді тексеретін жабдық. •Сынақтан өткізетін жабдық. •Ауа компрессоры. Өнімге қатысты қажетті мәліметтер мен өндіріс механизмі туралы толық білдік. Енді желі құрамындағы жабдықтармен танысып шығайық.ШЫНЫ ТАЛШЫҚТЫ ТОРЛАРДЫ КЕСЕТІН ЖАБДЫҚ
Шыны талшықты торларды кесетін жабдық — бұл жабдықта негізінен қол еңбегінің көмегімен қажетті өлшемдерде кесіп алуға болады. Бұл торлар абразивті диск пішінін бекіту үшін қызмет етеді. Өлшемдер бойынша кесілген өнімдер автоматты абразивті диск дайындау жабдығына жіберіледі.
МЕТАЛЛ САҚИНА ЖАСАЙТЫН ЖАБДЫҚ
Металл сақина жасайтын жабдық — бұл жабдықта дайындалған өнім абразивті диск ортасын бекітетін сақина қызметін атқарады. Бұл жабдықта да дайын болған өнімдер автоматты абразивті диск дайындау жабдығына жіберіледі.
ДІРІЛДІ ЕЛЕК
Дірілді електің көмегімен абразив түйіршіктерін ірі бөлшектерден немесе басқа заттардан тазартып аламыз. Тазартылған абразив түйіршіктерін екі ыдысты гидравликалық миксерге жібереміз.
ЕКІ ЫДЫСТЫ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ МИКСЕР
Екі ыдысты гидравликалық миксерлерде абразив түйіршіктеріне қажетті компоненттерді қосып, жақсылап араластырамыз. Дайындалған шикізат автоматты абразивті диск дайындау жабдығына жіберіледі.
АБРАЗИВТІ ДИСК ДАЙЫНДАЙТЫН ЖАБДЫҚ (100,115,125 мм)
Абразивті диск дайындайтын жабдық 100,115,125 мм шағын өлшемдердегі абразивті дискілерді дайындайды. Жабдық абразив түйіршіктерін, шыны талшықты торларды, түсті алюминий оксидін беткі бөлігіне автоматты түрде толтырады.
АБРАЗИВТІ ДИСК ДАЙЫНДАЙТЫН ЖАБДЫҚ (150,180,230 мм)
Абразивті диск дайындайтын жабдық 150,180,230 мм ірі өлшемдердегі абразивті дискілерді дайындайды. Бұл жабдықтың шағын абразивті диск дайындайтын жабдықтан айырмашылығы тек қалыптар жолағында, яғни енінде. Бұл жабдық та абразив түйіршіктерін, шыны талшықты торларды, түсті алюминий оксидін беткі бөлігіне автоматты түрде толтырады.
АРНАЙЫ ЭЛЕКТР ПЕШІ
Арнайы электр пешінің көмегімен абразивті диск дайындау жабдығында дайындалған өнімдер 200°C температурада қыздырылады.
ТЕҢГЕРІМДІ ТЕКСЕРЕТІН ЖАБДЫҚ
Өнім арнайы электр пешінен алынып, теңгерімді тексеретін жабдықтың көмегімен тексеріледі. Сынақтан өткен өнімдерді ең жоғары айналу жылдамдығын тексеретін жабдыққа жібереміз.
СЫНАҚТАН ӨТКІЗЕТІН ЖАБДЫҚ
Сынақтан өткізетін жабдықтың көмегімен дайын абразивті дискілердің ең жоғары айналу жылдамдығын тексеріп алуға болады.
АУА КОМПРЕССОРЫ
Ауа компрессоры жүйесі абразивті диск дайындау жабдығына көмекші құрылғы болып саналады.
Желінің жұмыс барысынан бейнеролик
Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Бейне
Жабдық жұмыс үстінде.
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар

Линолеум өндіру желісі

EPS сәндік өнімдерін шығаратын жабдық

Эмульсиялық бояу өндіру жабдығы

Композитті арматура өндіру желісі

Жабысқақ таспа (скотч) өндіру желісі

Сәндік металл сайдинг өндіру жабдығы

PPR құбырларын өндіру желісі
