1 / 12Линолеум өндіру желісі
Елімізде құрылыс материалдарына сұраныс барған сайын артып келеді.
Сипаттама
Жабдық туралы
Елімізде құрылыс материалдарына сұраныс барған сайын артып келеді. Оның себебі ретінде елімізде қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй құрылысы саласын атауға болады. Жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттардың салынуы мұндай материалдардың сатылымын арттырды. Тұрғын үй саласында ең көп қолданылатын материалдардың бірі — әрине, линолеум. AFEX-GROUP компаниясы еліміздің кәсіпкерлеріне кезекті табысты жабдықтарды ұсынуды жалғастырады. Біздің осы өндіру желісінің көмегімен түрлі дизайндағы сапалы әрі қалың линолеумдер өндіруге болады
Жалпы мәліметтер
Өндіріс көлемі: 600-800 кг/сағ
Өнім өлшемі: ені — 980 мм (сатып алушының талабына сәйкес өзгереді), қалыңдығы 2-8 мм
Кернеу: 380 В 50 Гц
Жалпы қуаты: 200 кВт/сағ
Қажетті шикізат: ПВХ ұнтағы, тоқыма емес мата, композиттік пленкалар
Қажетті алаң өлшемі: 150-200 шаршы метр
Жұмысшылар саны: 7-8 адам
Жабдықтар тізімі
- Қос шнекті экструдерлер
- Гидравликалық елек
- Қалыптар (2 жиынтық)
- Үш білікті пішін беру жабдығы
- Композиттік ламинатты қыздыру жабдығы
- Ламинаттау бөлігі
- Тоқыма емес матаны орау жабдығы
- Температураны бақылау жабдығы
- Білікті салқындату жабдығы
- Салқындату бөлігі (кесу бөлігімен)
- Тегістеу жабдығы
- Көлденең кесу жабдығы
- Электрондық басқару панелі
80/156 қос экструдерлер
Өндіру желісінің ең негізгі жабдығы — әрине, экструдерлер. Біздің экструдерде 38CrMoAIA және 20CrMoTi сапалы металдары қолданылған, ал қосалқы бөлшектері Жапония мен Қытайда өндірілген. Жабдықта барлығы 5 қыздыру аймағы болғандықтан, шикізат жақсы балқытылып, сапалы өнім шығады.
Азоттау қалыңдығы: 0,5-0,7 мм
Негізгі қозғалтқыш: AC қозғалтқышы (Бразилия)
Қозғалтқыш қуаты: 55 кВт
Қозғалтқыш жылдамдығы: 0-1500 айн/мин
Шнек жылдамдығы: 0-50 айн/мин
Қозғалтқыш түрі: 3 фазалы асинхронды қозғалтқыш
Гидравликалық елек
Желі құрамындағы бұл жабдықтың негізгі қызметі — өнім құрамында анықталған артық бөліктер мен қалдықтарды тазарту. Бұл өз кезегінде өнім сапасын арттыруға көмектеседі.
Ф150 қалып: гидравликалық, екі станциялы
Қыздыру аймақтары: 3
Қыздыру қуаты: 12 кВт
Қалыптар
Қалыптар саны: 2 (үстіңгі қабатқа 1, астыңғы қабатқа 1)
Материалы: болат
Қыздыру аймақтары: 7
Қалып ені 1200 мм
Өнім ені: 980 мм
Өнім қалыңдығы: 2-8 мм
Үш білікті пішін беру жабдығы
Білік диаметрі: 400 мм
Білік ені: 1400 мм
Хром қалыңдығы: 0,08 мм
Қозғалтқыш қуаты: 2,5 кВт
Басқару панелі: Швецияның ABB электрондық панелі
Композиттік ламинатты қыздыру жабдығы
Қыздыру біліктері: 3, Ф200 x 1400
Қозғалтқыш қуаты: 0,75 кВт
Басқару панелі: Швецияның ABB электрондық панелі
Ламинаттау жабдығы
Қыздыру біліктері: 3, Ф200 x 1400
Қозғалтқыш қуаты: 0,75 кВт
Басқару панелі: Швецияның ABB электрондық панелі
Тоқыма емес матаны орау жабдығы
Орам ені: 1200 мм
Біліктерді шешу-босату оңай
Материалы: алюминий
4 станциялы температураны бақылау жабдығы
Салқындату тәсілі: май
Орташа температура: 160 °C
Қыздыру қуаты: 4x12 кВт
Үш жиынтығы үш білікті пішін беру жабдығы үшін қолданылады, ал бір жиынтығы орамдарды алдын ала қыздыру үшін, сондай-ақ артық қысым, жоғары температура, май жетіспеушілігі және басқа да дабыл функциялары үшін қолданылады.
Білікті салқындату жабдығы
Білік диаметрі: 3x400 мм, 1400 мм
Қозғалтқыш қуаты: 1,5 кВт
Салқындату әдісі: ішкі сумен салқындату
Басқару панелі: Швецияның ABB электрондық панелі
Кесу жабдығы
Ұзындығы: 6 м
Білік: алюминий
Пышақтар: 2 жиынтық
Кесілген бөліктерді жинау мүмкіндігі бар
Тегістеу-беру жабдығы
Өлшемі: Ф250x1400 мм
Білік материалы: нитрилді каучук
Қозғалтқыш қуаты: 2,5 кВт
Басқару панелі: Швецияның ABB электрондық панелі
Басқару: пневматикалық
Көлденең кесу жабдығы
Тартқыш білік: Ф 180 x 1400 мм
Пышақ: үшбұрышты
Басқару панелі: Швецияның ABB электрондық панелі
Экран: PLC экраны
Электрондық басқару панелі
Операциялық жүйе: Siemens TP1200
PLC экраны: Siemens
Төмен кернеуден қорғау бөлігі: Schneider


Жұмыс процесінен бейнеролик
Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Бейне
Жабдық жұмыс үстінде.
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар
Қоймада барАмерикандық (карамельді) попкорн өндіру жабдығы
Қоймада барCO2 лазерлік таңбалау жабдығы (конвейерде пайдалануға арналған)
Қоймада барМайға арналған пластиналы сүзгі

Ылғал майлықтарды өндіретін автоматты 6 қатарлы желі (30-120 даналық)

Бу арқылы ыдыстарға затбелгі жапсыру жабдығы

Антифриз өндіру желісі

ПВХ-ға арналған арнайы миксер
