1 / 12Шағын сабын өндіру желісі
Баршамызға белгілі, жылдан жылға гигиеналық өнімдерге сұраныс артпаса, ешқашан азаймай келеді.
Сипаттама
Жабдық туралы
Баршамызға белгілі, жылдан жылға гигиеналық өнімдерге сұраныс артпаса, ешқашан азаймай келеді. Біздің елде сабынға сұраныс өте жоғары. Сондықтан кәсіпкерлер осы бизнес арқылы жоғары табысқа жете алады. Ол үшін AFEX-GROUP Сізді жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Біз ұсынатын өндіріс желісінің көмегімен сабынның 2 түрін шығара аласыз: шаруашылық сабыны (халық тілінде «кір сабын») және иісті сабын. Жабдықтарды Қытай Халық Республикасының осы салада көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық зауыты шығарған. Өндіріс желісі туралы толығырақ мәлімет алайық.
Жалпы мәліметтер
Өнімділігі: 50-100 кг/сағ
Жұмысшылар саны: 1 адам
Қажетті алаң: 60 шаршы метр
Жалпы қуаты: 4,75 кВт·сағ
Жабдықтар жиынтығы
Сонымен, өндіріс процесі үшін мына жабдықтар жиынтығы қажет:
- Миксер
- Диірмен-ұнтақтағыш
- Вакуумдық плоддер
- Пресс жабдығы
- Кесу жабдығы
- Қаптау жабдығы
Өндіріс процесі
Біздің бұл өндіріс процесіміз шағын зауыт болғандықтан, үлкен алаң мен қуатты қажет етпейді. Процестер де күрделі кезеңдерден тұрмайды. Ең бірінші кезеңде миксер қажет болады.Миксер
Ең бірінші кезеңде барлық шикізатты араластырып, дайындап алуымыз керек. Ол сабын өндіру үшін әртүрлі қоспалар мен сабын бөлшектерін араластыруға қолданылады.
Жабдықтың төменгі бөлігінде арнайы саңылау бар. Қоспа дайын болғанда түймені басу арқылы оны ұнтақтағыш жабдыққа автоматты түрде төгуге болады.
Ұнтақтағыш
Келесі кезеңде қоспаны жақсылап ұнтақтаймыз. Осылайша келесі кезеңдерде қоспа сапалы түрде престеледі. (Жұмыс процестерін төменде берілген бейнелерден көре аласыз.)
Вакуумдық плоддер
Өндіріс процесіндегі ең негізгі жабдық — плоддер. Бұл жабдыққа ұнтақталған қоспа салынады және жабдық автоматты түрде сабындарды шығарады.
Кесу жабдығы
Плоддерден шыққан сабынды кесіп алуымыз керек. Жабдық автоматты түрде жұмыс істейді. Кесу уақытын баптау арқылы сабынның өлшемдерін өзгертуге болады. Бұл жабдықтан шыққан сабындарға дайын дөңгелек пішінді қалыптар арқылы да пішін беруге болады.
Пресс жабдығы
Бұл жабдықтың қалыптарын ауыстыру арқылы сопақ-дөңгелек және басқа пішінді сабындар шығаруға болады. Ең бастысы, жабдықтар арқылы артылып қалған өнімдерді қайта пайдалануға болады. Осылайша ешқандай қалдық пайда болмайды. Жабдық минутына 50-ге жуық сабын шығара алады.
Қаптау жабдығы
Жабдықтардан шыққан сабындарымыз конвейерге сатуға дайын күйде түседі. Конвейерден оларды алып, қаптап сата беруге де болады. Қалай қаптағыңыз келетініне қарай әртүрлі жабдықтар ұсына аламыз: пакетке, қорапшаға немесе екі қабатты қағазға қаптау. Біз Сізге көлденең қаптау жабдығын ұсынамыз.

Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар
Қоймада барАмерикандық (карамельді) попкорн өндіру жабдығы

Бу арқылы ыдыстарға затбелгі жапсыру жабдығы

Антифриз өндіру желісі

ПВХ-ға арналған арнайы миксер

Линолеум өндіру желісі

Кір жуғыш ұнтақ өндіру желісі
Қоймада барҚұсқа арналған жем өндірудің ықшам желісі (тәулігіне 8-12 т)
