AFEX

Құсқа арналған жем өндірудің ықшам желісі (тәулігіне 8-12 т)

Елімізде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әрқашан өзекті болып келген.

Қоймада бар
Баға

Сипаттама

Жабдық туралы

Елімізде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әрқашан өзекті болып келген. Осыған байланысты AFEX-GROUP компаниясы бройлер және жұмыртқа бағытындағы тауықтарды, түйеқұс, қаз және үйрек өсірушілерге арналған арнайы байытылған жем өндірудің ықшам желісін ұсынады. Сонымен қатар осы жабдықтың ұсақтау бөлігін өзгерту арқылы мал үшін де түйіршіктелген жем өндіруге болады. Жем өндіру процесі және оларды құстың бағу кезеңіне қарай 3 түрлі өлшемде болады. Бұл 3 түрлі өнім тек өлшемімен ғана емес, құрамымен де ерекшеленеді. Халық арасында Старт, Рост және Финиш деп аталады. Ал енді алдымен Сіздермен бірге өнім өндіру кезеңдерімен және оған қатысатын жабдықтармен танысып шығайық.

ДӘНДІ ӨНІМДЕРДІ ҰСАҚТАУ ЖӘНЕ АРАЛАСТЫРУ ЖАБДЫҒЫ, көлемі 1000 л (МИКСЕР)

Ұсақтағыш орнатылған миксер жабдығы дәнді өнімдерді ұсақтап, оларды бір мезгілде араластыру бөлімшесіне жібереді. Сондай-ақ осы жабдыққа қосымша бункер арқылы ұсақтауды қажет етпейтін өнімдерді қосуға болады: ол өнімді жоғары көтеріп, содан кейін араластырады. Осы себепті өнімнің бірдей пропорцияда араласуына қол жеткізіледі.

ӨНІМДІ КӨТЕРІП БЕРЕТІН ШНЕКТІ ТРАНСПОРТЕР

Түйіршіктегіш жабдығы біршама биік болғандықтан, оған өнімді көтеріп салу біраз қиындық туғызады және сонымен қатар қосымша жұмыс күшін талап етеді. Бұл мәселені шешу үшін біз Сіздерге шнекті транспортер жабдығын ұсынамыз. Ол миксерде дайын болған өнімді түйіршіктегіш жабдығына салу үшін қолданылады. Жабдықты пайдалану қосымша білімді талап етпейді және ол автоматты түрде жұмыс істейді.

ТҮЙІРШІКТЕГІШ ЖАБДЫҒЫ

Түйіршіктегіш жабдығы өндіріс кезеңінде негізгі маңызға ие бөлік болып табылады, ол салынған жартылай дайын ұнтақ тәрізді өнімді түйіршік пішініне келтіреді. Компаниямыз ұсынатын түйіршіктегіш — соңғы технология, онда шикізатты бумен ылғалдандыру функциясы бар. Бу беру процесі маңызды, бұл процесте өнім дезинфекцияланады және жоғары температурада зиянды бактериялар жойылады. Құстар табиғатынан тез ауыратын жандар болғандықтан, қазіргі уақытта сатып алушылар бумен өңделмеген жемді алғысы келмейді. Жабдық Сізге ұзақ уақыт қызмет етуі үшін оның қалыптары мен шнек гильзалары тот баспайтын металдан жасалған. Сіз азықтандыратын құс түрі мен жасына қарай қажетті өлшемдегі түйіршіктер таңдалады. Компаниямыз Сізге кез келген өлшемдегі 2 қалыпты тегін ұсынады. Ал қосымша қалыптар үшін 480$-дан төлеуіңіз қажет.

БУ ГЕНЕРАТОРЫ

Жоғары қысымда бу беру жабдығы өнім үшін ең қажетті элемент болып саналады. Тұтынушыларыңыздың балапандары сау өсуі үшін де бумен өңдеу аса қажет. Тұтынушылардың талабы бойынша бұл бу генераторы электр тогымен жұмыс істейді, тапсырыс бойынша табиғи газбен жұмыс істейтін нұсқалары да бар. Бу беру жабдығы PLC басқару жүйесімен басқарылатындықтан, оны қажетті деңгейде және көлемде баптауға болады. Жабдық тіпті басқару жүйесі бейімделмеген жағдайларда да, қысым белгіленген қысымнан асып кеткенде, шамадан тыс қысымнан қазанның жарылу қаупінің алдын алу үшін автоматты түрде ашылады. 2, өнім судың төмен деңгейінен қорғаумен жабдықталған: су беру тоқтатылғанда қазан автоматты түрде жұмысын тоқтатады, қазанның электр қыздыру элементінің зақымдануына жол бермейді. 3, өнім ток ағып кетуінен қорғауды қамтиды: тіпті қазанның дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған қысқа тұйықталу болса да, қазан автоматты түрде өздігінен өшеді, уақытылы жақсы бақылау қамтамасыз етілген.

ТҮЙІРШІККЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЕЛЕУ ЖАБДЫҒЫ

Елеу жабдығы түйіршікті ұнтақ күйіне келіп қалған езілген бөлшектерден сұрыптап береді. Сонымен қатар түйіршікті қапқа салар алдында салқындату үшін де қызмет етеді. Тұтынушыларымыз талабы бойынша елек микрондарын басқа өлшемде тапсырыс бере алады. Жоғарыда берілген жабдықтардың көмегімен Сіз өз бизнесіңізді еркін бастай аласыз. Компаниямыз тарапынан қаптарды тігу құрылғысы ТЕГІН беріледі. Қосымша ретінде өзіңізге ыңғайлы таразы сатып алғаныңыз жөн.
AFEX · КЕҢЕС
Операторлар желіде

Бағаны жылдам сұрау

Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.

ЖабдықҚұсқа арналған жем өндірудің ықшам желісі (тәулігіне 8-12 т)

Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді

Бейне

Жабдық жұмыс үстінде.

Жеткізу және іске қосу

Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

  1. 1

    Кеңес

    Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

  2. 2

    Шарт

    Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

  3. 3

    Жеткізу

    Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

  4. 4

    Монтаж және оқыту

    Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.

Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Сіз тапсырыстарды онлайн бақылай аласыз. Өзбекстанда алғашқылардың бірі болып GPS жүйесі арқылы жүктерді бақылайтын, олардың орналасқан жерін анықтап, жеткізілу уақытын шамамен есептейтін механизм әзірленді. Бұл ақпаратты тек шарт нөмірін енгізу арқылы алуға болады.
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жүктерді жеткізу мерзімі көп жағдайда өндірушіге байланысты болады. Ірі көлемді өндірістік жабдықтардың көпшілігін жеткізу кәдімгі жабдықтарға қарағанда 2-3 есе көп уақытты талап етеді. Дайын жабдықтар болған жағдайда жеткізу мерзімі 30 күннен басталады.  Жабдықтарды Өзбекстан аумағында кедендік ресімдеуге және сертификаттау процестеріне кететін уақыт бұған кірмейді.
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шетелден тауар түріне және тапсырыс алынған мерзімге қарай жүктер Өзбекстан аумағына келесі тәсілдермен жеткізіледі: Әуе жолы арқылы Теміржол арқылы Құрлық көлігі арқылы Аралас көлік арқылы
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Компаниямыздың клиенті болу үшін Сізден мыналар қажет: Кәсіпкерлік субъектісін растайтын КУӘЛІК; Банк деректемелері; Салық төлеуші нөмірі (СТИР); Басшының паспорт көшірмесі; Шартты растау үшін кәсіпорын мөрі
Кеңес

Жобаңызды бірге талқылайық

Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.

Қоңырау шалыңыз+998 93 381 6699Дс–Сн: 9:00 – 18:00
AFEX · ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Бізді бақылаңыз

Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.

Ұқсас жабдықтар

Барлығын көру