1 / 11Пластик пакеттер өндіру желісі AF-L022
AFEX-GROUP компаниясы сіздерге бүгінде кеңінен қолданылатын өнімдерге арналған пластик пакеттер өндіруді ұсынады.
Сипаттама
Жабдық туралы
AFEX-GROUP компаниясы сіздерге бүгінде кеңінен қолданылатын өнімдерге арналған пластик пакеттер өндіруді ұсынады. Үкімет қабылдаған шешімге сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сатушыларға тауар сатып алған тұтынушыларға тегін полиэтилен пакеттер беруге тыйым салынды. Сонымен қатар сатып алынатын тауарлардың бағасына пакеттер құнын қосуға немесе оларды өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға да тыйым салынды. Мемлекеттік экология комитетіне мүдделі министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп, шетелдік тәжірибе мен қоғамдық талқылауды ескере отырып, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалану қасиетін жоғалтқаннан кейін қоршаған ортаға зиян келтіретін, өндірілетін және импортталатын тауарлар тобына экологиялық алым енгізу бойынша негізделген ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сондай-ақ ел аумағында қалыңдығы 40 микроннан аз полимер пленкадан пакеттер өндіруге тыйым салынады. Тек биологиялық ыдырайтын, тұтқасыз полимер материалдардан жасалған пакеттерге — өнімдерді қаптаудың ажырамас бөлігі болып табылатын пакеттерге, сондай-ақ тұрмыста пайдалану үшін сатылатын орауыштарға рұқсат берілді. Жоғарыдағы ойларды оқып, көпшілікте пластик пакеттер жойылу алдында тұр деген ой туындауы мүмкін, бірақ бұл онша дұрыс емес. Қазіргі уақытта пластик өнімдерді қайта өңдеу кең қанат жайған кезең, сондай-ақ өте жұқа пластик пакеттерді қайта өңдеу едәуір қиын және өзін ақтамайтындықтан, қалыңырақ, яғни 40 микрондық пластик пакеттерді қайта өңдеу біршама жеңілдейді деп айта аламыз.
ПЛАСТИК ПАКЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭКСТРУДЕР ЖӘНЕ 2 ТҮСТІ РОТОГРАВЮРЛІК ПРИНТЕР
Төменде ұсынатын желіміздің көмегімен сіз қалыңдығы 200 микронға дейінгі пакеттерді шығара аласыз. Жабдық ең заманауи технологиялар негізінде жасалған, онда PLC басқару жүйесі орнатылған және TOUCH SCREEN панелі арқылы бәрі сіздің бақылауыңызда болады. Біз жабдыққа онлайн режимдегі 2 түсті ротогравюрлік принтер орнаттық, бұл жұмыс барысында пакеттерге қажетті логотиптерді басып шығаруға мүмкіндік береді. Пакет үшін ротогравюрлік және Flexo принтерлер қолданылады, олардың басып шығару сапасы да әртүрлі. Мысалы, Flexo принтерде бейне резеңке білікке түсіру арқылы жасалады, бұл жағдайда ұсақ бөлшектер мен жазулар көрінбей қалуы немесе бұлдырауы мүмкін. Ал ротогравюрлік принтерлер соңғы буын металл білікке лазермен бейне түсіру арқылы басады. Бұл процесте бейненің айқындығы, тіпті ұсақ қаріпті жазулардың да анық көрінуі қамтамасыз етіледі. Жабдығымыздың осы түрдегі басқа пластик пакет шығаратын жабдықтардан қандай айырмашылығы бар екенін қарастырайық
- Ротогравюрлік принтер қолданылған, ол өнімнің екі жағына бір мезгілде бейне түсіре алады
- Жабдық шикізат ретінде PE/HDPE/LDPE/LLDPE/қайта өңделген PE түйіршіктерін пайдалана алады
- Шнек материалы ретінде берік 38CrMoAl қолданылған және 2 жылдық кепілдігі бар
- Әртүрлі диаметрлі цилиндрді пайдалану мүмкіндігі (75-180 мм)
- Қыздыру үшін керамикалық жабыны бар құйма алюминий қолданылады, мұнда қыздыру ТЭН-дері аз қуат жұмсап, жылу шығаруда жоғары тиімділікке қол жеткізеді
- Өнімнің шығу жылдамдығын бақылаудың компьютерленгені
- Әртүрлі өнімдерге (тұз, макарон, майлық, нан және т.б.) заттаңбалар дайындау мүмкіндігі.


ПАКЕТ КЕСУ ЖАБДЫҒЫ
Пакет кесу жабдығы әмбебап, біз ұсынатын модель қапшық түрінде де, 2 жағы жабық күйдегі өнімді шығаруға да арналған. Бұл ретте сатып алушылардың көбірек талабын орындау мүмкіндігіне ие боласыз. Макарон өнімдерін, тұзды және соған ұқсас өнімдерді қаптауда бір жағы ашық қапшықтар қолданылады.


ТҰТҚА БӨЛІГІН ОЮҒА АРНАЛҒАН ПРЕСС
Барлығына түсінікті болуы үшін айтып өтейік: халық арасында «майка» пакеттер деген атпен танымал пакеттеріміз алдымен екі ұшы да жабық күйде болады. Сіз бұл жартылай дайын пакеттерді пресс астына бір мезгілде 50-70 данасын қоясыз, ал пресске орнатылған арнайы қалып пішінінде кесіп береді. Кесу процесі 10 т гидравликалық престеу әдісімен жүргізіледі.


Кез келген пішінде бренд түсіре отырып, тартымды өнімдер шығару мүмкіндігіне иесіз. Ал қайталама шикізатты пайдаланып, арзан қоқысқа арналған қапшықтар да шығара аласыз.

Елімізге әкелу процесінен кейбір көріністер


Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Бейне
Жабдық жұмыс үстінде.
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар

Спанбонд сөмкелерін өндіру желісі

Спанбонд сөмкелер өндіру желісі
Қоймада барҚұсқа арналған жем өндірудің ықшам желісі (тәулігіне 8-12 т)

Антифриз өндіру желісі

Линолеум өндіру желісі

Жылыжай пленкасын өндіру желісі

Шағын сабын өндіру желісі
