1 / 12Темірбетон плиталар өндіру желісі
Бетон өнімдерін өндіру бизнесі көптеген салаларды қамтитындықтан, табысты қызмет түрлерінің бірі болып табылады.
Сипаттама
Жабдық туралы
Бетон өнімдерін өндіру бизнесі көптеген салаларды қамтитындықтан, табысты қызмет түрлерінің бірі болып табылады. ''AFEX -GROUP'' бетон өнімдерінің бірі – темірбетон плиталарды өндіруде заманауи технологияларды ұсынады.
өнім суреті
Өнім өндірудің технологиялық процестері
Бетон қоспасын дайындау – плитаны біркелкі құю үшін бетон ерітіндісі ылғалданған болуы керек.
Арматура конструкцияларын дайындау – сым тарту жабдығының көмегімен арматуралар керіліп тартылады. Бетон плитаны құятын жабдықты бағыттау үшін қажетті орынға орнату. Шикізатты тасымалдайтын машинаның көмегімен шикізатты жеткізу. Дайындалған өнімдерді белгіленген өлшемдерде кесу.
Бетон плиталарды өндіру үшін келесі шикізаттар қажет:
Цемент, қиыршық тас, құм, металл арматуралар.Қызметті бастауға қажетті инфрақұрылым:
Қажетті алаң: 500 м²-ден кем болмауы керек. Электр энергиясы: 70 кВт/380 В. Жұмысшылар саны: 4-5 адам. Барлық инфрақұрылымның негізгі көзі ретінде су да қажет. Осы жобаға қажетті арнайы кран, тапсырыс берушінің талабына қарай компаниямыз келісім бойынша орнатып береді.Желі құрамындағы жабдықтар:
1. Цемент сақтау бункері (силос). 2. Шикізатты өлшеп салу жабдығы. 3. Ерітінді дайындайтын миксер. 4. Шикізатты жеткізетін машина. 5. Бетон плитаны құятын жабдық. 6. Бетон плиталарды кесу жабдығы. 7. Сым тарту жабдығы. Өнім өндірудегі барлық технологиялық процестер алдымен шикізатты өлшеп салу жабдығына тиеуден басталады.
Цемент сақтау бункері – бұл ыдысқа цемент жоғарғы бөлігінен тиеледі. Тиелген цемент бұрандалы конвейердің көмегімен төменгі бөлігінен ерітінді дайындау үшін миксерге белгіленген қажетті мөлшерде беріледі.


Шикізатты өлшеп салу жабдығы – бұл жабдық қиыршық тас пен ұсақ тас аралас құмды белгіленген мөлшерде таразыда өлшеп, ерітінді дайындау үшін тиеу бункеріне жеткізеді. Жабдық сағатына 56 м³ тас пен құмды шикізатты жеткізе алады. Барлық процестер басқару панелінде басқарылады.
Ерітінді дайындайтын миксер – жабдық тиеу бункерінің көмегімен тас пен құмды шикізатты тиеп алады, цемент цемент сақтау бункерінен бұрандалы конвейер арқылы тікелей жеткізіледі, содан кейін сумен ылғалданғанша араластырылады. Барлық процестер басқару панелінде басқарылады.
Шикізатты жеткізетін машина – шикізатты араластыратын миксерде дайындалған ерітіндіні бетон плита қалыптайтын жабдыққа жеткізеді. Машинаның жүк көтергіштігі 1.5 тонна.

Бетон плитаны құятын жабдық – бетон ерітіндісін қалыптап, яғни плита күйіне келтіреді. Жабдық ұзындығы 4,5 метрден 15 метрге дейінгі, биіктігі 220 мм, ені 1200мм өлшемдегі өнімдер өндіру мүмкіндігіне ие. Бұл жабдықта бір күнде (8 сағат) 500 метр темірбетон плита құюға болады. Өнім өндіруде плита қуыстарының әртүрлі түрлері бар, мысалы: дөңгелек, тамшы және сопақ. Тапсырыс беруші жабдықты сатып алғанда осы түрлердің бірін сатып ала алады.
Бетон плиталарды кесу жабдығы – қалыптанған бетон плиталар кепкеннен кейін оларды қажетті ұзындықта кеседі.
Сым тарту жабдығы – бетон плиталардың беріктігін арттыру үшін болат арматуралар қолданылады, бұл жабдық плитаны құяр алдында арматураларды тартып керіп береді.

Қосалқы бөлшектер:


Жұмыс процесінен бейнеүзінді
Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Бейне
Жабдық жұмыс үстінде.
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар

Металл есік өндіру желісі

Асфальт өндіру зауыты

Бұрыштық профиль (тесікті бұрыштама) өндіру жабдығы

Электр көтергіш жабдық (құрылысқа арналған)

Аграф (аспа) өндіру желісі
Қоймада барСылақ бүрку жабдығы AF-KLL120-A

Портативті кафель плиткаларын кесу жабдығы
