1 / 12Тамшылатып суаруға арналған шлангтарды өндіру желісі
Елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесінде әр салаға ерекше көңіл бөлінуде.
Сипаттама
Жабдық туралы
Елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесінде әр салаға ерекше көңіл бөлінуде. Мысал ретінде білім беру, медицина, азық-түлік және басқа да салаларды келтіруге болады. Сондай салалардың бірі — бұл, әрине, ауыл шаруашылығы. Осы жазбада Сіздерге ұсынғымыз келетін желіміздің де ауыл шаруашылығы саласындағы өзектілігі күннен-күнге артып келеді. Себебі халықтың барған сайын өсіп келе жатқан азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыру үшін егіншілікке көбірек ерекше назар аударылуда. Ешқандай күмән жоқ, егіншілікте ең маңыздысы — егіндерге су жеткізу. Бұл тұрғыда суды үнемдеудің де маңызы зор. Сондықтан да фермерлер тамшылатып суару әдісіне көшуде. Осы өндіріс желіміз арқылы ауыл шаруашылығы саласының дамуына лайықты үлес қоса аласыз деп үміттенеміз.
Жалпы мәліметтер
- Шланг диаметрі: 12 мм-20 мм
- Шланг қалыңдығы: 0.6 мм-1.0 мм
- Тесіктер аралығы: 200 мм-1500 мм
- Өндіру жылдамдығы: 40-45 м/мин
- Тесік жасау жылдамдығы: 300 дана/мин
- Шланг орамының ұзындығы: 500 м-1000 м
- Жұмыс қуаты: 65 кВт
- Экструдердің ең үлкен сыйымдылығы: 120 кг
- Электрондық басқару жүйесі: PLC
- Бүкіл желінің салмағы: 6000 кг
- Желі өлшемдері: 25 м*3,5 м*2,4 м (ұзындығы*ені*биіктігі)
- Қажетті алаң: 90 шаршы метр
- Жұмысшылар саны: 2 адам
- Шикізат: PE және бояғыштар
Жабдықтар тізімі
Негізгі
- Тесік бөлігін түзететін жабдық және конвейер
- Экструдер және қалыптар
- Вакуумдық жабдық
- Сумен салқындату бөлігі
- Тесік жасайтын жабдық
- Беру жабдығы
- Екі білікті орау жабдығы
Опция бойынша
- Гидравликалық сүзгі жабдығы
- Түсті сызық экструдері
- Лазерлік принтер
- Камералы басқару жүйесі
- Чиллер
- Миксер
- Ауа компрессоры
Бірінші кезеңде тесікшелерге арналған жапқыш жабдығын іске қосамыз
Жоғарыдағы суреттен көріп отырғаныңыздай, жасыл таспалы конвейер алдын ала дайындалған бөлшектерді қазандыққа салып береді. Бұл бөлшектер қазандық ішінде келесі жабдыққа жету үшін түзетілді. Қысқаша айтқанда, бұл тесік бөлшектері экструдер ішінде пішін алатын шлангтардың үстіне қапталады.
Екінші кезеңде экструдер шлангтарға пішін береді
Бұл өндіріс желісінің ең негізгі жабдығы, әрине, экструдер мен қалыптар. Ең алдымен жабдық шикізатты балқытады. Содан кейін қалыптардың көмегімен талап етілген қалыңдықтағы және диаметрдегі шлангтарды шығарады (техникалық параметрлерді LCD экран арқылы баптауға болады).
Бұрын айтылғандай, шикізатты балқытуымыз керек. Ол үшін бізге жоғарыдағы жабдық қажет болады. Жабдық шикізатты балқытады және балқыған шикізат төменгі бөлігінен келесі жабдыққа жол тартады.
Балқыған шикізатымыз осы қалып ішінде қажетті өлшемдерде пішінделіп шығады. Жабдық ішінде тесік жапқышы да орнатылып шығады. Қалыптан пішін алып шыққан шлангтар сол сәтте сумен салқындатылады.
Үшінші кезеңде пішін алған шлангтарымыз вакуумдық жабдыққа жол тартады
Қысқаша айтатын болсақ, вакуумдық жабдықты пайдаланудың басты мақсаты — қалыптан шыққан шлангтардың диаметрі өзгеріп кетпеуі. Себебі экструдер мен қалыптан кейін шлангтар ыстық күйде болады және пішіні өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан да вакуумдық жабдықты пайдаланамыз.
Төртінші кезеңде шлангтарды сумен салқындатамыз
Төртінші кезеңде шлангтарды сумен тағы бір рет салқындатамыз. Мұның жалғыз мақсаты — тек қана шлангтарымызды қатты күйге келтіріп, сапасын арттыру.
Бесінші кезеңде шлангтарда тесік жасалады
Енді шлангтың ең негізгі қасиетіне кезек келді. Басқа шлангтардан айырмашылығы да дәл тесіктердің болуы. Ол үшін бізге екі жақтан тесік жасайтын жабдық қажет болады.
Алтыншы кезеңде өнім беру жабдығына өтеді
Бұл кезеңде дайын күйге келген шлангымыз орау жабдығына жеткізілуі керек. Сондықтан да жоғарыдағы жабдық бізге қажет болады. Ол шлангты түзетіп, тегістеп жеткізеді.
Жетінші кезеңде шлангтарды ораймыз
Шлангтарды орау үшін біз екі білікті орау жабдығын пайдаланамыз. Осымен барлық процестер аяқталды. Тамшылатып суаруға арналған шлангтарымыз сатылымға дайын.
Төменде біз Сіздерге қосымша жабдықтарды да ұсынуды жөн көрдік. Бұл жабдықтарсыз да талап етілген өнімді өндіре аласыз. Бұл жабдықтар арқылы өніміңіздің сапасы мен сыртқы көрінісін арттыра аласыз. Келіңіз, бір-бірлеп танысып шығайық.
Гидравликалық сүзгі жабдығы
Жабдықтың міндеті мынадай: кейде қайта өңделген шикізатты пайдалануға болады. Бұл жабдық дәл осындай кезде іске жарайды. Ескі шикізатты тазалап береді. Егер әрдайым жаңа материалдар пайдаланылатын болса, бұл жабдық қажет болмайды.
Түсті сызық сызатын жабдық
Жабдық 1, 2 немесе 4 түсті сызық сызу қабілетіне ие.
Лазерлік принтер
Жабдық шлангтардың үстіне кез келген әріптер мен сөздерді жаза алады
Камералы басқару жүйесі
Жабдықтың міндеті — қате орын алған кезде хабар беріп отыру. Бұл арқылы артық
пайдалануға жарамсыз шлангтарды өндірудің алдын алады.
Чиллер
Жабдық судың температурасын өзгерту үшін қажет. Себебі қалыпты
температурадағы су талап етілген сападағы шлангтарды өндіру үшін жеткіліксіз
болуы мүмкін. Жабдық, әсіресе, жаз күндері қажет болады.
Миксер
Шикізат пен бояғыштарды араластыру үшін қажет болады.
Ауа компрессоры
Жабдықтар өндіріс сапасы мен көлемін арттыруға көмектеседі. Жабдықтар сапалы
жұмыс істеуі үшін де жоғары қысымды ауа қажет. Жабдықтың міндеті осыдан
тұрады.
Желінің жұмыс процесінен бейнежазба
Осымен Сізге ұсынғымыз келген мәліметтеріміз аяқталды. Ал енді жабдық бағаларымен танысып шықсақ та болады.

Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Бейне
Жабдық жұмыс үстінде.
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар

Антифриз өндіру желісі

Асфальт өндіру зауыты

Жүзім шырынын өндіру желісі

Акрил ванналарын өндіру желісі

Картоп крахмалынан крекер өндіретін желі

Көкөністерді тазалап, кептіретін біртұтас желі AF-500T

Кір жуғыш ұнтақ өндіру желісі
Қоймада бар