AFEX

Қалыпқа салынған нан (бөлке) өндіру желісі

Өзбек халқы ежелден нанды қастерлеп келеді.

Жеке ұсыныс
Баға

Сипаттама

Жабдық туралы

Өзбек халқы ежелден нанды қастерлеп келеді. Нан мен нан өнімдері, ұлттық тәттілер біздің елімізде әрдайым сұранысқа ие өнімдер болып саналады. Біздің AFEX-GROUP компаниясы Сіздердің сапасы жоғары өнім өндіруіңізді қолдайды, сондықтан нан және кондитерлік өнімдерді Сізге де, бізге де жақсы таныс дәстүрлі қабатты пештерде емес, заманауи PLC басқару жүйесіне негізделген, энергияны жоғары деңгейде үнемдейтін конвекциялық пештерімізде пісіруді ұсынамыз. Сонымен қатар қосалқы жабдықтарды да ұзақ мерзімді кепілдікпен дәл біздің кәсіпорыннан сатып ала аласыз.

Қалыпқа салынған нан өндіру қазіргі уақытта табысты салалар қатарында тұр, себебі бизнесіңіз үшін таза, ұқыпты орын мен онша үлкен емес инвестиция талап етілетіні көпшілік үшін тиімді. Нан өнімдерін немесе тоқаштарды дайындау үшін жұмысты алдымен жақсылап електен өткізілген ұннан қамыр дайындаудан бастаған жөн. Біз Сіздерге жоғары сапалы әрі өнімді қамыр илеу жабдықтарын кең ассортиментте ұсына аламыз. Бұл болашақта өніміңіздің сапалы шығуына, қамырдың тез ашуына әкеледі. Бұл болашақта өніміңіздің сапалы шығуына, қамырдың тез ашуына әкеледі.

Қамыр илеу жабдығы

Қамыр илеу үшін електен өткізілген ұнды қамыр илеу жабдығына салып, ыстық су, ашытқы қоспасын және қажетті мөлшерде тұз қосып араластырамыз. Қамыр илеу жабдығы Қытайдың bred компаниясының өнімі болып табылады және Сізге ұзақ уақыт мінсіз қызмет етеді. Қамыр илеу процесіне орта есеппен 15-20 минут уақыт жұмсалады. Қамыр дайын болғаннан кейін оны арнайы үстелге алып, қалыптау кезеңінен өткізеді. Егер қалыптауды қолмен орындағысы келмейтін клиенттеріміз болса, олар үшін автоматты қалыптау жабдығын да тапсырыс бойынша әкелу мүмкіндігіміз бар. Нандар қалыптанып болған соң, келесі кезең — оларды жақсылап ашыту. Ол үшін бізге келесі жабдық қажет:

Қамыр ашыту шкафы

Қамыр ашыту шкафы суды буландыру арқылы қамырдың көтерілуіне үлкен үлес қосады. Бұл процесс те орта есеппен 15-20 минут уақыт алады. Содан кейін ашытылған нандарымызды микрокомпьютерлі пешке жібереміз.

Үш қабатты тоғыз табалы пеш

Микрокомпьютерлі пеш көмегімен 180-200C қызу деңгейі аралығында, 30-35 минут ішінде пісіріп аламыз. Біз Сізге ұсынған пеш микрокомпьютерлі, қызу деңгейін жоғары дәлдікпен, яғни +/- 5 C белгілейді. Пеш үш қабатты, тоғыз табалы және бір мезгілде 108 қалыпты нанды пісіру қуатына ие. Дайын болған нандарды пештен алып, стеллажға тізіп қоямыз.  

Электр таразы

Электрондық таразы арқылы Сіз қамырды қалыпқа салар алдында оның салмағын өлшей аласыз.

Электр самауыр

Қамыр илеу процесінде Сізге ыстық су қажет болады, сондықтан суды электр самауыр арқылы қайната аласыз. 

Қалыптау процесінде пайдаланылатын тот баспайтын металдан жасалған үстел

тот баспайтын металдан жасалған жуу үстелі

стеллаж

Нанға арналған қалып

AFEX · КЕҢЕС
Операторлар желіде

Бағаны жылдам сұрау

Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.

ЖабдықҚалыпқа салынған нан (бөлке) өндіру желісі

Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді

Бейне

Жабдық жұмыс үстінде.

Жеткізу және іске қосу

Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

  1. 1

    Кеңес

    Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

  2. 2

    Шарт

    Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

  3. 3

    Жеткізу

    Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

  4. 4

    Монтаж және оқыту

    Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.

Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Сіз тапсырыстарды онлайн бақылай аласыз. Өзбекстанда алғашқылардың бірі болып GPS жүйесі арқылы жүктерді бақылайтын, олардың орналасқан жерін анықтап, жеткізілу уақытын шамамен есептейтін механизм әзірленді. Бұл ақпаратты тек шарт нөмірін енгізу арқылы алуға болады.
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жүктерді жеткізу мерзімі көп жағдайда өндірушіге байланысты болады. Ірі көлемді өндірістік жабдықтардың көпшілігін жеткізу кәдімгі жабдықтарға қарағанда 2-3 есе көп уақытты талап етеді. Дайын жабдықтар болған жағдайда жеткізу мерзімі 30 күннен басталады.  Жабдықтарды Өзбекстан аумағында кедендік ресімдеуге және сертификаттау процестеріне кететін уақыт бұған кірмейді.
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шетелден тауар түріне және тапсырыс алынған мерзімге қарай жүктер Өзбекстан аумағына келесі тәсілдермен жеткізіледі: Әуе жолы арқылы Теміржол арқылы Құрлық көлігі арқылы Аралас көлік арқылы
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Компаниямыздың клиенті болу үшін Сізден мыналар қажет: Кәсіпкерлік субъектісін растайтын КУӘЛІК; Банк деректемелері; Салық төлеуші нөмірі (СТИР); Басшының паспорт көшірмесі; Шартты растау үшін кәсіпорын мөрі
Кеңес

Жобаңызды бірге талқылайық

Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.

Қоңырау шалыңыз+998 93 381 6699Дс–Сн: 9:00 – 18:00
AFEX · ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Бізді бақылаңыз

Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.

Ұқсас жабдықтар

Барлығын көру