1 / 12EPS панельдерін өндіру желісі
" «AFEX GROUP» тұтынушылары үшін еліміздің ішкі нарығын зерттей отырып, импортталатын өнімдерді елімізде өндіруде кәсіпкерлерімізге «ЖАҢА…
- Моделі
- WNS 1.0-1.0-Y
- Басқару кернеуі
- 220 В/50 Гц/1P
- Жұмыс кернеуі
- 380 В/50 Гц/3P
- Қуаты
- 6 м3
- Сорғының қуаты
- 5,5 кВт
- Инспиратор сорғысының қуаты
- 165 м3/с
Сипаттама
Жабдық туралы
" «AFEX GROUP» тұтынушылары үшін еліміздің ішкі нарығын зерттей отырып, импортталатын өнімдерді елімізде өндіруде кәсіпкерлерімізге «ЖАҢА ЖОБА» мен заманауи технологияларды ұсынуды жалғастырамыз! ПЕНОПОЛИСТИРОЛ өнімдерін өндіру кезеңдері мен технологиялары туралы толық ақпаратпен танысып шығамыз.
EPS – ағылшын тілінде (Enlarged Poli Stirol), яғни көлемі ұлғайтылған полистирол дегенді білдіреді. Пенополистирол (пенопласт) – полистирол мен оның туындыларынан, сондай-ақ стирол сополимерлерінен алынатын газбен толтырылған материал. Көпіршітілген полистирол – полистиролдың кең таралған түрлерінің бірі. Көпіршітілген полистиролды өндірудің әдеттегі технологиясы – полимер массасында ерітілген стирол түйіршіктерін газбен толтырып, кейін массаны бумен қыздыру. Бұл процесте бастапқы түйіршіктердің көлемі олар бүкіл блок пішінін алып, бірге біріккенше ұлғаяды. Дәстүрлі көпіршітілген полистиролда стиролда өте жақсы еритін табиғи газ қолданылады.
Біз Сіздерге ұсынып отырған технологиялар көмегімен пенополистиролдың барлық түрлерін өндіруге болады. Алайда «AFEX GROUP» тұтынушыларына өз бизнесін жаңа өнім өндіруден бастауды ұсынады.
«ЖАҢА ӨНІМ» – бұл жобада өндіруге болатын өнімге сұраныс жоғары, ең бастысы, оны өндіру елімізде әлі жолға қойылмаған. Сізде бәсекенің болмауы осы өнімді өндіріп, өз брендіңізді танымал ету мүмкіндігін одан әрі арттырады.
ESP панельдері – еден жылыту шлангілерін монтаждау жұмыстарына арналған заманауи, оңай әрі ыңғайлы мүмкіндіктері бар панель. ESP панельдері үйіңізді жазда – ыстықтан, қыста – суықтан, судан, ылғалдан қорғайды. Жану деңгейі төмен, 50 жылдан да ұзақ пайдалану мерзімі ішінде өз қасиетін жоғалтпайды.
Өнім өндіру кезеңдері
Алдымен өнім өндіру кезеңдерін жалпы түсіндіріп өтейік. Содан кейін жабдық суреттері арқылы бір-бірлеп түсіндіреміз. Барлық технологиялық процестер бу генераторынан басталады. EPS өндіру үшін дәл ыстық бу қажет. Буландыру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін газды бу қазаны тұрақты жұмыс істеп тұрады. Шикізат ретінде полистирол түйіршіктері арнайы ыдысқа салынады. Содан кейін өнім дозатор арқылы қазанға жіберіледі. Онда полистирол түйіршіктері ыстық су, бу және 90-120C° ыстық ауа көмегімен 30-50 есеге дейін ұлғайтылады. Ауа температурасы неғұрлым жоғары болса, түйіршіктер соғұрлым ұлғаяды және тығыздығы да төмен болады. Түйіршіктерден ұлғайтылған шариктер шнек арқылы арнайы бункерлерге салынады. Онда 24 сағат бойы шариктер кебеді. Арнайы бункерлерде кепкен шариктерге қалыптау жабдығында аморфты салмақты қалыптау үшін ыстық бу беріледі. Қалыптау жабдығында шариктер тығыздалады және деформацияланады. Содан кейін EPS панельдері түзіледі. Дайын болған EPS панельдері ламинаттау жабдығы көмегімен ламинатталады.Өндіріс механизмі
Қажетті алаң
Бұл желі үшін қажетті алаң 600 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Төбенің биіктігі 6 метрден жоғары. Шикізат пен дайын өнімді әкелу немесе әкету үшін жеңіл жүк көліктерінің кіруіне мүмкіндік болса, жұмыс өнімділігі одан әрі артады.Қажетті қамтамасыз ету
Өнеркәсіптік нысан инфрақұрылымының элементтері – табиғи газбен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етілуі керек. •Табиғи газ шығыны - 70 м³/сағ •Желінің электр қуаты - 100 кВт/380 В, 50 Гц. •Қажетті трансформатор - 160 кВт/380 В, 50 Гц-тен жоғары. •1 тонна өнімге - 300 кВт энергия шығыны. •Жұмысшылар саны 5-8 адамды қажет етеді.Желі құрамындағы жабдықтар мен құрылғылар
•Бу қазаны. •Бу генераторы. •EPS бөлшектерін байыту жабдығы. •EPS арнайы ыдыстары. •Ауа компрессоры. •Ауа ыдысы (танк). •Автоматты қалыптау жабдығы. •ESP жылыту жүйесі панельдерінің қалыбы. •Салқындататын су мұнарасы. •Ортадан тепкіш су сорғысы. •Ламинаттау жабдығы. •Құбырлар жүйесі. Өнімге қатысты қажетті ақпарат пен өндіріс механизмі туралы толық білдік. Ал енді желі құрамындағы жабдықтармен танысып шығайық. Бу қазанының қыздыру алаңы 30 м², сондай-ақ ол 3,5 м³ көлемдегі суды табиғи газ көмегімен буландырады. Буландыру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін газды бу қазаны тұрақты жұмыс істеп тұрады. Түзілген бу құбырлар арқылы бу аккумуляторына жіберіледі.Бу қазаны (бу өндіру)

- Моделі
- WNS 1.0-1.0-Y
- Бу шығымы
- Сағатына 1000 кг
- Бу қысымы
- 1.0 МПа
- Тиімділігі
- >92%
- Отын шығыны
- 30 кг/сағ/50 м3/сағ
- Басқару кернеуі
- 220 В/50 Гц/1P
- Жұмыс кернеуі
- 380 В/50 Гц/3P
- Отын түрі
- Табиғи газ
- Салмағы
- 6,8 т
Бу генераторы

- Қуаты
- 6 м3
- Жұмыс қысымы
- Ең көбі 8 бар
- Өлшемі
- 3750*1500 мм
- Салмағы
- 1 т
EPS бөлшектерін байыту жабдығы

- Моделі
- PSJ-1100
- Кеңейткіш ыдыс
- F1100x1500(h)
- Тығыздық диапазоны
- 12-60 кг/м3
- Тиімділігі
- 150-300 кг/сағ
- Бу қысымы
- 0,4-0,8 МПа
- Ауа қысымы
- 0,6-0,8 МПа
- Бу кірісі
- 50 мм
- Ауа кірісі
- 50 мм
- Бу тұтыну
- 3-8 кг/цикл
- Ауа шығыны
- 0,5-0,9 м3/цикл
- Салмағы
- 2500 кг
- Жалпы өлшемі
- 2800*2200*4600 мм
EPS арнайы ыдыстары

- Арнайы ыдыстар саны
- 4 дана
- Сыйымдылығы
- 19 м3 /дана
- Жалпы сыйымдылығы
- 76 м3
- Көлемі
- 2.2x2.2x4 м
- Салмағы
- 800 кг
Ауа компрессоры (сығылған ауа өндіру)

- Ағын
- 2.4 м3/мин, жұмыс қысымы 8 бар
- Қуаты
- 15 кВт
Аксессуарлары бар сығылған ауа ыдысы

- Қуаты
- 3 м3
- Жұмыс қысымы
- Ең көбі 10 бар
Вакуумдық автоматты қалыптау жабдығы

- Моделі
- PSZ-1720
- Көлемі
- 1720*1600 мм
- Өнімнің көлемі
- 1550x1370x350 (биіктігі) мм
- Ең үлкен ашылу
- 1400 мм
- Ең кіші ашылу
- 200 мм
- Бу кірісі
- 80 мм
- Су кіретін орын
- 80 мм
- Ауа кіретін орын
- 80 мм
- Бу қысымы
- 0,5-0,7 МПа
- Су қысымы
- 0,3-0,6 МПа
- Ауа қысымы
- >0.5 МПа
- Сұйықтықты айдау қысымы
- 5,5 кВт
- Сорғының қуаты
- 5,5 кВт
- Инспиратор сорғысының қуаты
- 165 м3/с
- Салмағы
- 5700 кг
- Жалпы көлемі
- 5000x2300x3300 мм
Панель қалыбы
ESP жылыту жүйесі панельдерінің қалыбы – еден жылыту шлангілерін монтаждау жұмыстарына арналған заманауи, оңай әрі ыңғайлы мүмкіндіктері бар панельдерді өндіру үшін. Салқындату жүйесі негізінен өндіріс процесінде суды салқындатуға көмектесу үшін қолданылады. Суды салқындату үшін үлкен су бассейндері қажет. Су бассейні 4x4x2,5 м. Егер жер үлкен су бассейндері үшін шектеулі болса және жергілікті температура жоғары болса, онда суды тезірек салқындату үшін салқындататын су мұнарасы қосыладыСалқындататын су мұнарасы

- Қуаты
- 30 т/сағ
- Кіретін су температурасы
- 60 °C
- Су ағыны
- 50 м3/сағ, t=5 °C
- Диаметрі
- 2215*2830 мм
- Ауа ағыны
- 28000 м3/сағ
- Желдеткіш диаметрі
- 1400 мм
- Қозғалтқыш қуаты
- 1,5 кВт
- Беру суының қысымы
- (104 Па):2.65
Ортадан тепкіш су сорғысы
Ортадан тепкіш сорғы салқындату жүйесінің су мұнарасы немесе су бассейні үшін көмекші құрылғы ретінде пайдаланылады.
Өнім сапасын жақсарту мақсатында бұл жабдықты пайдалану оңай әрі ыңғайлы. Ламинатталған ESP өнімдерінің ұсақталу дәрежесі төмен болады. Су мен ылғал өткізуді болдырмайды. Ламинатталған ESP өнімдері дизайндық көрінісімен сапасын көрсетіп тұрады.Ламинаттау жабдығы

- Көлемі
- 7200 мм x 2200 мм x 2600 мм
- Жалпы салмағы
- 4.8 т
- Өлшемі
- 3750*1500 мм
- Салмағы
- 1 т
- Қалыптау (ұзындығы)
- 1500 мм
- Қалыптау (ені)
- 900 мм
- Қалыптау (биіктігі)
- 100 мм
- Пленканы қыздыру
- 3-7 дана/мин
- Өндіру деңгейі
- 8x11=88 дана
- Электр қуаты
- 60 кВт
- Шикізаттар
- ПВХ,PP,PS,PET,PE,HIPS B.функциясының дизайны мен ерекшелігі
Құбырлар жүйесі
Өндіріс желісіне арналған құбыр жүйесі – EPS бөлшектерін байыту жабдығы, автоматты қалыптау жабдығы, соның ішінде бу (кіріс және шығыс), ауа компрессоры (кіріс және шығыс) және салқындату суын жалғайтын құбырлар болып саналады. Буды тұрақты басқару үшін қысымды төмендететін клапан қолданылады. Ол қазан мен аккумулятор арасында орнатылады.
Желінің жұмыс процесінен бейнежазба
Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Техникалық сипаттамалар
Деректерді өндіруші ұсынған; конфигурация тапсырысқа қарай өзгеруі мүмкін.
Бу қазаны (бу өндіру)
9 параметр- Моделі
- WNS 1.0-1.0-Y
- Бу шығымы
- Сағатына 1000 кг
- Бу қысымы
- 1.0 МПа
- Тиімділігі
- >92%
- Отын шығыны
- 30 кг/сағ/50 м3/сағ
- Басқару кернеуі
- 220 В/50 Гц/1P
- Жұмыс кернеуі
- 380 В/50 Гц/3P
- Отын түрі
- Табиғи газ
- Салмағы
- 6,8 т
Бу генераторы
4 параметр- Қуаты
- 6 м3
- Жұмыс қысымы
- Ең көбі 8 бар
- Өлшемі
- 3750*1500 мм
- Салмағы
- 1 т
EPS бөлшектерін байыту жабдығы
12 параметр- Моделі
- PSJ-1100
- Кеңейткіш ыдыс
- F1100x1500(h)
- Тығыздық диапазоны
- 12-60 кг/м3
- Тиімділігі
- 150-300 кг/сағ
- Бу қысымы
- 0,4-0,8 МПа
- Ауа қысымы
- 0,6-0,8 МПа
- Бу кірісі
- 50 мм
- Ауа кірісі
- 50 мм
- Бу тұтыну
- 3-8 кг/цикл
- Ауа шығыны
- 0,5-0,9 м3/цикл
- Салмағы
- 2500 кг
- Жалпы өлшемі
- 2800*2200*4600 мм
EPS арнайы ыдыстары
5 параметр- Арнайы ыдыстар саны
- 4 дана
- Сыйымдылығы
- 19 м3 /дана
- Жалпы сыйымдылығы
- 76 м3
- Көлемі
- 2.2x2.2x4 м
- Салмағы
- 800 кг
Ауа компрессоры (сығылған ауа өндіру)
2 параметр- Ағын
- 2.4 м3/мин, жұмыс қысымы 8 бар
- Қуаты
- 15 кВт
Аксессуарлары бар сығылған ауа ыдысы
2 параметр- Қуаты
- 3 м3
- Жұмыс қысымы
- Ең көбі 10 бар
Вакуумдық автоматты қалыптау жабдығы
16 параметр- Моделі
- PSZ-1720
- Көлемі
- 1720*1600 мм
- Өнімнің көлемі
- 1550x1370x350 (биіктігі) мм
- Ең үлкен ашылу
- 1400 мм
- Ең кіші ашылу
- 200 мм
- Бу кірісі
- 80 мм
- Су кіретін орын
- 80 мм
- Ауа кіретін орын
- 80 мм
- Бу қысымы
- 0,5-0,7 МПа
- Су қысымы
- 0,3-0,6 МПа
- Ауа қысымы
- >0.5 МПа
- Сұйықтықты айдау қысымы
- 5,5 кВт
- Сорғының қуаты
- 5,5 кВт
- Инспиратор сорғысының қуаты
- 165 м3/с
- Салмағы
- 5700 кг
- Жалпы көлемі
- 5000x2300x3300 мм
Салқындататын су мұнарасы
8 параметр- Қуаты
- 30 т/сағ
- Кіретін су температурасы
- 60 °C
- Су ағыны
- 50 м3/сағ, t=5 °C
- Диаметрі
- 2215*2830 мм
- Ауа ағыны
- 28000 м3/сағ
- Желдеткіш диаметрі
- 1400 мм
- Қозғалтқыш қуаты
- 1,5 кВт
- Беру суының қысымы
- (104 Па):2.65
Ламинаттау жабдығы
11 параметр- Көлемі
- 7200 мм x 2200 мм x 2600 мм
- Жалпы салмағы
- 4.8 т
- Өлшемі
- 3750*1500 мм
- Салмағы
- 1 т
- Қалыптау (ұзындығы)
- 1500 мм
- Қалыптау (ені)
- 900 мм
- Қалыптау (биіктігі)
- 100 мм
- Пленканы қыздыру
- 3-7 дана/мин
- Өндіру деңгейі
- 8x11=88 дана
- Электр қуаты
- 60 кВт
- Шикізаттар
- ПВХ,PP,PS,PET,PE,HIPS B.функциясының дизайны мен ерекшелігі
Жинақтама
Жабдық құрамындағы түйіндер мен жинақтауыштар. Әрқайсысының сипаттамалары — жоғарыдағы бөлімде.
01
02
03
04
05
06
07
08
09
Бейне
Жабдық жұмыс үстінде.
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар

Асфальт өндіру зауыты

Жүзім шырынын өндіру желісі

Акрил ванналарын өндіру желісі

Картоп крахмалынан крекер өндіретін желі

Көкөністерді тазалап, кептіретін біртұтас желі AF-500T

Кір жуғыш ұнтақ өндіру желісі
Қоймада барҚұсқа арналған жем өндірудің ықшам желісі (тәулігіне 8-12 т)
