# Ылғал майлықтарды өндіретін автоматты 6 қатарлы желі (30-120 даналық)
> Бүгінгі таңда толықтай тұтынысқа енген, басқаша айтқанда ең көп пайдаланылатын өнімдердің бірі — ылғал майлықтар.
Каталог: Қағазды қайта өңдеу
SKU: 6232fe116be6274211065959
Жаңартылды: 2026-07-15

Бүгінгі таңда толықтай тұтынысқа енген, басқаша айтқанда ең көп пайдаланылатын өнімдердің бірі — ылғал майлықтар. Мұндай майлықтар гигиеналық артықшылығы мен әмбебаптығының арқасында күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Осыны ескере отырып, “AFEX-GROUP” LLC командасы Сіздерге ылғал майлықтар өндіретін автоматты жабдықты ұсынады.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуат тұтынуы:** 15 кВт/сағ
- **Кернеу:** 380 В 50 Гц
- **Бүктелмеген ылғал майлықтың өлшемі:** Ұзындығы 120-200 мм
- **Бүктелген ылғал майлықтың өлшемі:** Ұзындығы 110-200 мм
- **Жабдықтың өлшемі:** 4300\*2500\*2040 мм
- **Өндіріс жылдамдығы:** 1800-2100 дана/мин

## Сипаттамалар

### 6 қатарлы ылғал майлықты кесу және пішіндеу жабдығы

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 15 кВт/сағ |
| Ылғал майлықты бүктеу тәсілі | N cross |
| Шикізат тығыздығы | 40-80 г/м² |
| Өндіріс жылдамдығы | 1800-2100 дана/мин (120 даналық қаптамадан 16-17 дана) |
| Бүктелмеген ылғал майлықтың өлшемі | Ұзындығы 120-200 мм, ені 170-220 мм |
| Бүктелген ылғал майлықтың өлшемі | Ұзындығы 110-200 мм, ені 90-110 мм |
| Жабдықтың өлшемі | 4300*2500*2040 мм |
| Жабдықтың салмағы | 1100 кг |

### Автоматты қаптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 3 кВт/сағ |
| Қаптау жылдамдығы | 30-70 дана/мин |
| Қаптаманың ұзындығы | 150-400 мм |
| Қаптаманың ені | 100-145 мм |
| Қаптаманың биіктігі | 110 мм максимум |
| Жабдықтың салмағы | 600 кг |

### Пластик қақпақтарды желімдеу жабдығы

| | |
|---|---|
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 2,5 кВт/сағ |
| Жұмыс температурасы | 20-250 °C |
| Жұмыс ені | 400 мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 20-40 қақпақ/мин |
| Жабдықтың өлшемі | 606*390*565 мм |
| Жабдықтың салмағы | 48 кг |

### Пластик қақпақтарға заттаңба жапсыру жабдығы

| | |
|---|---|
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 2 кВт/сағ |
| Жұмыс жылдамдығы | 0-80 дана/мин |
| Заттаңба жапсыру ені | 10-180 мм |
| Заттаңба жапсыру ұзындығы | 20-300 мм |
| Материал | Тот баспайтын металл |

### Сегіз сатылы кері осмосты су сүзу жабдығы

| | |
|---|---|
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 0.75 кВт/сағ |
| Суды сүзу жылдамдығы | 250 литр/сағ |
| Материал | Тот баспайтын металл |
| Жабдықтың өлшемі | 1450*900*1820 мм |
| Жабдықтың салмағы | 300 кг |

## Сипаттама

### Желі туралы жалпы мәліметтер

Өндіріс алаңы: 170-200 шаршы метр Өнім өндіру көлемі: 1400-1800 қаптама/сағ (120 даналық майлық) Энергия түрі: электр Кернеу: 380 В Жұмысшылар: 3-4 адам Сумен жабдықтау: қажет

### Ылғалдандыратын және хош иіс беретін сұйықтықты дайындауға арналған арнайы ыдыс

Процесс ылғал майлық үшін таптырмас кезеңдердің бірі — арнайы хош иісті сұйықтықты дайындаудан басталады; сұйықтықтың басым бөлігі сүзілген судан және арнайы формула негізіндегі хош иіс беретін заттардан тұрады. Сұйықтық дайындайтын ыдысымыздың көлемі Сіздің тәуліктік өнім өндіру көлеміңізге сәйкес келеді. Ыдыста пайдаланылғаннан артылған сұйықтық арнайы сорғы көмегімен қайта төгіледі. Жоғары өнімді 6 қатарлы шикізат беру және пішіндеу жабдығы. Жабдық майлықтарды ең танымал тәсілмен, яғни N CROSS тәсілімен пішіндеп, ылғалдап, санап, қажетті көлемде қаптау жабдығына жеткізеді. Жабдықтың көмегімен 30-120 даналық ылғал майлық өнімдерін өндіруге болады. Жабдықтың өнімділігі минутына 1800-2100 майлық.

### Пішіндеу бөлігі

### Ылғалдау бөлігі

Қаптау процесі өнім өндірудегі қорытынды кезең болып табылады. Қаптау жабдығы жоғары инженерлік шеберлікпен жасалған: өнім қаптама материалының ішіне орналастырылады, алдымен қаптамада майлықты алу үшін тесіктер ашылады, тесік орнының үстіне арнайы жабысқақ пленка жапсырылады және қаптау осылай жалғасады. Жабдықтың көмегімен әртүрлі өлшемдегі өнімдерді дайындауға болады. Жабдығымыз қапталған өнімнің дизайны әдемі болуы үшін Brick Type Gusset әдісімен қаптайды. Бұл қаптау түрінің артықшылығы — өнімнің бүйір жағы да төртбұрышты пішінде болады. Төмендегі суретте айырмашылығы түсіндірілген. Желіміздің бағасы қымбаттап кетпеуі үшін ашылып-жабылатын пластик бөліктерді желімдеуді жұмысшыларға қалдырамыз. Себебі бұл бөлік үшін робот басқаратын жабдық қажет, ал оның бағасы жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қымбат болуы мүмкін. Жабдық қапталған өнімнің дизайны әдемі болуы үшін Brick Type Gusset әдісімен қаптайды. Бұл қаптау түрінің артықшылығы — өнімнің бүйір жағы да төртбұрышты пішінде болады. Төмендегі суретте айырмашылығы түсіндірілген.

### Дайын өнім үлгілері

### Жұмыс процесінен бейнеүзінді

## Бейне

- https://youtu.be/Fjzad7bD_XI?si=eJpGOCCoj8LZEXE7

Тегтер: жабдықтар бағасы, жабдықтар нарығы, майлық өндіру, өндіріс жабдықтары, Ылғал майлық өндіру жабдығы, ылғал салфетка өндіру желісі

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/ylgal-mailyqtardy-ondiretin-avtomatty-6-qatarly-jeli-30-120-danalyq/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/automatic-6-line-wet-wipes-production-line-30-120-pieces.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/avtomaticheskaya-6-ryadnaya-liniya-po-proizvodstvu-vlazhnykh-salfetok-30-120-sht.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-khudkori-6-qatorai-istehsoli-dastmolchahoi-namnok-30-120-donagi.md) · [uz](https://afex.uz/product/avtomatik-6-qatorli-nam-salfetka-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/quan-zidong-6-lie-shi-jin-shengchan-xian-30-120-pian-bao.md)
