# Ұн қаптау желісі
> Көптеген кәсіпкерлер қала жағдайында жүргізуге болатын бизнестер туралы жиі сұрайды.
Каталог: Қаптау
SKU: 60a3b6a80bd70c0a6253d111
Жаңартылды: 2026-07-15

Көптеген кәсіпкерлер қала жағдайында жүргізуге болатын бизнестер туралы жиі сұрайды. AFEX-GROUP компаниясы ретінде Сізге жоғары тиімді бизнес әрі ауылдарымызда да сұранысқа ие болып үлгерген ұн қаптау желісін ұсынуды жөн көрдік.

## Сипаттама

### ШНЕКТІ ТРАНСПОРТЕРІ БАР ҚАПТАУ ДОЗАТОРЫ

Біз ұсынатын дозатор ұнтақ өнімдерге арналған және жұмыс кезінде айналаға шаң бөлшектерін шығармайды. Жабдығымызды ұн үшін ғана емес, кез келген ұнтақ және себілмелі өнімдер үшін пайдалануға болады, Қытайда бұл жабдық әсіресе кір жуу ұнтақтарын қаптауда кеңінен қолданылады. Жабдықпен жұмыс істегенде жұмысшылардың қорғаныш маскасын киюі ұсынылады. Азық-түлік өнімдері гигиеналық талаптарға сай келетін өндірістік ғимаратта болуы тиіс. Жабдық SUS 304 маркалы тот баспайтын металдан жасалған, барлық санитариялық талаптарға жауап береді және ешқандай зиянды заттар бөлмейді. Өлшеу дәлдігін PLC басқару панелінің сенсорлы экранынан бақылауға болады. Жабдық соңғы үлгідегі Scale Managing system арқылы басқарылады. Сондықтан қателік деңгейі ең төменгі деңгейге жеткізілген. Алдын ала дайындалған бос пакеттер жабдықтың арнайы бөлігіне орналастырылады. Жабдық пневматикалық қысқыштармен жабдықталған, ол 5 кг-ға дейінгі өнімдерді қаптау кезінде Сізді оларды көтеріп тұру міндетінен босатады. Жабдықтың жұмыс істеуі үшін шусыз 30 л көлемді ауа компрессоры қажет, оны сатып алушы ішкі нарықтан сатып алуды өз мойнына алады.

### ҮЗДІКСІЗ ҚАПТАУ ЖАБДЫҒЫ (ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТ)

Бұл жабдық ұн толтырылған пакеттердің жоғарғы бөлігін арнайы қыздырылған үтіктеу роликтері арқылы жабыстырады және өніміңіз сатуға дайын күйге келеді.

Қаптау кезінде ауыр өнімді қолмен ұстап тұру біршама қиын болғандықтан, жабдықтың астында арнайы жылжымалы таспа бар.

### ӨНІМДІ ЖИЫНТЫҚ ЕТІП ҚАПТАУ ЖАБДЫҒЫ

Бұл жабдықта негізінен 1-3 кг-ға дейін қапталған ұн 10 данадан жиынтық түрінде қапталады. Жиынтық түрінде қапталған өнімді тасымалдау біршама ыңғайлы. Жабдық үшін термоүлбір пайдаланылады. Жабдық өндірістің соңғы кезеңі үшін қолданылады. Термотуннель арнайы орама үлбір көмегімен жиынтық өнімді орап, ыстық туннельге жібереді. Туннель температурасы үлбірді қажетті деңгейге дейін қыздыруы нәтижесінде өнім бір-біріне тығыз орналасады және қалыпты ауада қатады. Осылайша өнім нарықта сатуға дайын күйге келеді. 1. Өнімді уақыт өте келе тексеру және қорғау. 2. Екі есе үлкен желдету өткізгіш жүйесі қаптауды мінсіз деңгейде қамтамасыз етеді. 3. Температура автоматты түрде бақыланады. 4. Импортталған жиілік түрлендіргіш қадамдарды жедел басқару үшін қызмет етеді 5. Өнімдердің мінсіз пішінін жылдам қалыптастыруды қамтамасыз ететін салқындату жүйесі. 6. Басқару панелі қауіпсіз әрі қарапайым жұмыс істейді. 7. Санау позициясын өнім өлшеміне қарай дәл реттеуге болады 8. Туннель өлшемдерін Сіздің талабыңызға бейімдеуге болады.

Тегтер: қаптау, Қытайдан ұн, өндіріс, ұн өндіру

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/un-qaptau-jelisi/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-upakovki-muki.md) · [uz](https://afex.uz/product/un-qadoqlash-liniyasi.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-bastabandii-ord.md) · [en](https://afex.uz/en/product/flour-packing-line.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/mianfen-baozhuang-shengchan-xian.md)
