# Ультрадыбыстық сыру және тігін жабдықтары AF-L020
> Заманымыз дамыған сайын әр салаға жаңалықтар қарқынмен еніп келеді.
Каталог: Жеңіл өнеркәсіп › Тоқыма жабдықтары
SKU: AF-L020
Жаңартылды: 2026-07-14

Заманымыз дамыған сайын әр салаға жаңалықтар қарқынмен еніп келеді. Соның ішінде тоқыма саласында да біршама үнемді әрі ыңғайлы шешімдер өміріміздің бір бөлігіне айналуда. Бүгін AFEX-GROUP LLC Сізге ұсынатын жабдық — 3-4 жылдан бері импорттық өнімдерімізді әртүрлі өрнектермен безендіріп, сұранысқа ие болуына қызмет етіп келе жатқан ультрадыбыстық сыру жабдығы. Бұл жабдық бірқатар жеңілдіктерімен өзінен бұрынғы буын жабдықтарынан ерекшеленеді. Қазір сырылған өнімдер еліміз бен әлемде кеңінен танымал. Мұндай сырылған өнімдерді өндіру үшін дәстүрлі сыру станоктары мен заманауи сыру станоктары қолданылады. Дәстүрлі станоктар сыруды жіп арқылы орындайды және мұндай өндіріс процесі кейбір кемшіліктерден ада емес. Төменде жаңа ультрадыбыстық сыру мен дәстүрлі жіппен сыруды өзара салыстырып көреміз.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Кернеу:** 380 В 50 Гц
- **Мата ені (сыру ені):** 2200 мм
- **Өлшемі:** 7000x2700x2100
- **Жұмыс жиілігі:** 20 кГц
- **Ультрадыбыс генераторы:** 600 Вт\*
- **Салмағы:** 3 т

## Сипаттамалар

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Тұтынатын қуаты | 1.5 кВт-5 кВт+0.75 кВт-2 кВт+0.75 кВт |
| Ультрадыбыс генераторы | 600 Вт*(6-20 дана) |
| Мата ені (сыру ені) | 2200 мм |
| Өлшемі | 7000x2700x2100 (ҰxЕxБ) |
| Салмағы | 3 т |
| Жұмыс жылдамдығы | 0-400 м/сағ |
| Жұмыс жиілігі | 20 кГц |

## Сипаттама

- Жіппен сыру жабдығы тұрақты бақылауды талап етеді және жөндеу шығындары жоғары. (Инелер, серво қозғалтқыш, инвертор және т.б.)
- Сыру жылдамдығы төмен, жұмсалған электр энергиясын ескергенде пайдалы әсер коэффициенті жоғары емес.
- Сырылатын мата түрі мен оның қалыңдығын үнемі бақылау қажет, әйтпесе бұл қателік Сізге қымбатқа түсуі мүмкін.
- Жұмыс барысындағы шудың нормадан артық болуы

Біз Сізге жаңаша әрі заман талаптарына толық жауап беретін ультрадыбыстық сыру жабдығын және оған қосымша ультрадыбыстық тігін станогын ұсынамыз. Біз ұсынған желінің қандай артықшылықтары бар.

- Жылдамдық жоғары болғандықтан, тапсырыстар өз уақытында орындалады
- Сыру арнайы қалып арқылы орындалатындықтан, жабдыққа кететін шығындар біршама арзан. Ең бастысы, сыру процесінде жіп мүлдем қолданылмайды.
- Шығындарыңызды барынша азайту мақсатында өніміңіздің жиек бөліктерін тігу үшін ультрадыбыстық тігін жабдығын да ұсынамыз. Бұл жабдықта басқа да көптеген жұмыстарды орындай аласыз.
- Жасанды былғары өнімдерін де пайдалануға болады
- Көп рет жуылса да, сыру сапасы өзгеріссіз қалады

Біз ұсынатын сыру жабдығының көмегімен Сіз 2 қабатты (мата+синтепон) және 3 қабатты (мата+синтепон+мата) өнімдер шығара аласыз. Төменде жабдықтың техникалық көрсеткіштерімен танысуыңызға болады.

Осы салада жұмысты енді бастағысы келетін кәсіпкерлерімізде бұл істі қалай бастаймын, қажетті шикізатты қайдан аламын, жұмысты бастау үшін маман бар ма деген сұрақтар өздігінен туындайды — AFEX-GROUP командасы бұл сұрақтар бойынша кеңестерін аямайды, сондай-ақ бізде білікті мамандар бар. Қазіргі таңда нарықтарымызда танымал өнімдерді, яғни сырылған көрпе өнімдерін, жастықтарды, сыртқы киімдерді, автомобиль орындықтарына арналған қаптама өнімдерін және т.б. өндіруге болады. Төменде назарларыңызға кейбір өнімдердің үлгілерін ұсынамыз.

Өніміңіздің жиек бөліктері үшін қарапайым тігін машинасын да пайдалана аласыз, бірақ біз Сізге ультрадыбыстық тігін машинасын ұсынамыз. Бұл жабдыққа жіп қажет емес және өніміңіздің көрінісі де басқалардан күрт ерекшеленеді. Қажетті роликтерді таңдап, жиек бөлігін әртүрлі гүлді өрнекті етіп шығаруға да болады. Бұл кезде жиіліктер қажетті нүктеге беріліп, дәнекерлеуге ұқсас процесс жүреді. Бұл мата+синтепон+мата түріндегі дайын өнімдерге ыңғайлы әрі матаның өзіне де қолдануға болады.

Жоғарыда ұсынылған екі жабдықтың көмегімен Сіз еліміздің нарығында сұранысқа ие көптеген өнімдер шығара аласыз. Біз Сіздің бизнесіңіздің дамуы үшін барынша тырыстық, себебі Сіз бір ғана өніммен шектеліп қалмайсыз, ал өнімдеріңіздің өзіндік құны осындай өнім ұсынатындардан біршама арзанға түседі және қазірше бәсекелестеріңіз аз. Бүгін Сізге ұсынған бизнесіміз ұнады деп ойлаймыз.

## Бейне

- https://youtu.be/XfzWhlnF5qI

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, сырып тігу

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/ultradybystyq-syru-jane-tigin-jabdyqtary-af-l020/
kk · [uz](https://afex.uz/product/ultratovushli-qavish-va-tikuv-uskunalari-af-l020.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/chaosheng-bo-hang-feng-ji-ji-feng-he-shebei-af-l020.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-ultrasadoii-bakhyakuni-va-duzandagi-af-l020.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/ultrazvukovoye-shveynoye-oborudovaniye-af-l020.md) · [en](https://afex.uz/en/product/ultrasonic-welding-and-sewing-equipment-af-l020.md)
