# Тоқыма заттаңбаларын өндіру желісі AF-L018
> Тоқыма заттаңбалары — бәрі бірдей назар аудармайтын, бірақ негізгі әрі пайдалы өнімдердің бірі.
Каталог: Жеңіл өнеркәсіп
SKU: AF-L018
Жаңартылды: 2026-07-14

Тоқыма заттаңбалары — бәрі бірдей назар аудармайтын, бірақ негізгі әрі пайдалы өнімдердің бірі. Өйткені мұндай заттаңбалар негізгі өнім туралы мәліметтерді өз бойына жинақтайды. Басқаша айтқанда, оларды тоқыма өнімдерінің визит карточкасы деп атасақ та болады. Заттаңбасыз киімдер "бассыз шабандозға" ұқсайды, себебі киімнің негізгі сипаттамалары, оны пайдалану тәсілі, қалай сақтау керектігі және киім өлшемдері дәл киімнің заттаңбасында жазылады. Ал заттаңбасыз өнімдерді тұтынушылар толық сеніммен қабылдамайды және бұл өндіруші туралы оң әсерді әлсіретеді.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Кернеу:** 220 В 50 Гц
- **Өлшемі:** 1800\*750\*2000 мм
- **Өнім өлшемі:** Макс.: 140 мм
- **Электр шығыны:** 6.7 кВт
- **Басып шығару аймағы:** 127-254 мм
- **Салмағы:** 800 кг

## Сипаттамалар

### ЗАТТАҢБА БАСЫП ШЫҒАРУ ЖАБДЫҒЫ

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Өлшемі | 1800*750*2000 мм (Ұ*Е*Б) |
| Электр шығыны | 6.7 кВт |
| Өнім өлшемі | Макс.: 140 мм |
| Басып шығару аймағы | 127-254 мм |
| Өндіру жылдамдығы | 60 м/мин |
| Салмағы | 800 кг |

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 220В |
| Өлшемі | 60*44*44 см (Ұ*Е*Б) |
| Электр шығыны | 1.5 кВт |
| Кесу көлемі | Ұ:1-70 см; Е:1-10 см |
| Кесу жылдамдығы | 400 дана/мин |
| Салмағы | 50 кг |

## Сипаттама

Өзінің ешкімге ұқсамайтын ұсыныстарымен Сізге таныс "AFEX-GROUP" командасы Сіздерге дәл осындай тоқыма заттаңбаларын өндіру желісін ұсынады. Бір қарағанда шағын көрінетін бұл өнім шын мәнінде ең сұранысқа ие өнімдердің бірі. Бұл бизнесті бастау арқылы Сіз киім-кешек және жалпы тоқыма саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге 'қол ұшын бересіз' және ең бастысы, жақсы табысқа ие боласыз.

Жабдық заттаңбаларға мәлімет басып шығаруға арналған. Жабдық білігіне өзіңізге сәйкес келетін өрнекті немесе жазуы бар қалыпты орнату арқылы заттаңбаға кез келген бейнені түсіре аласыз. Жабдық пайдалануға ыңғайлы әрі қауіпсіз. Бірегей өрнектер үшін майлы сиялар мен сұйық сияларды пайдалану мүмкіндігі бар. Түстердің сәйкестігі іс жүзінде айырмашылықсыз және 0,1 мм-ді құрайды. Жабдықтың артықшылығы — ол бір мезгілде екі жақты өрнек түсіре алады. Бұл өндіріс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

### ТАСПАЛАРДЫ КЕСУ ЖАБДЫҒЫ

Келесі кезеңде заттаңбалы таспалар арнайы жабдықтың көмегімен кесіледі

Бұл жабдық толық автоматтандырылған және заттаңбаларды ыстық және суық функциямен кесуге арналған. Ыстық және суық кесу функциялары таспа материалына қарай өзгереді. Жабдық заттаңбалы таспалардың барлық түрін кесе алады.

## Бейне

- https://youtu.be/D4NHYAzVy6I

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, тоқыма затбелгілері

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/toqyma-zattanbalaryn-ondiru-jelisi-af-l018/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/textile-labels-production-line-af-l018.md) · [uz](https://afex.uz/product/tekstil-yorliqlari-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l018.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-tekstilnykh-etiketokaf-l018.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-barchasphoi-bofandagi-af-l018.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/fangzhi-pin-biaoqian-shengchan-xian-af-l018.md)
