# Сусындарға арналған бір реттік түтікшелер өндіру желісі AF-L019
> Күнделікті өмірімізде үнемі қолданылатын, сұранысы жоғары бір реттік өнімдерді өндіру жақсы табыс әкелетіні баршамызға белгілі.
Каталог: Дайын желілер
SKU: AF-L019
Жаңартылды: 2026-07-14

Күнделікті өмірімізде үнемі қолданылатын, сұранысы жоғары бір реттік өнімдерді өндіру жақсы табыс әкелетіні баршамызға белгілі. «AFEX-GROUP» ұжымы назарыңызға ұсынып отырған сусындарға арналған бір реттік түтікшелер де сұранысы жоғары өнімдер қатарына жатады. Мұндай түтікшелер кафелерде, барларда, мейрамханаларда, әсіресе фаст-фуд желілерінде және үй жағдайында да кеңінен қолданылады. Мұндай түтікшелер әсіресе аналарымыз үшін жақсы көмекші болып саналады. Өйткені балалар үшін сүт өнімдері мен шырындарды осындай түтікшелермен ішу олардың ең сүйікті әуестіктерінің бірі. Сондай-ақ сүт өнімдерін, шырындар мен басқа сусындарды ішуден бас тартып, қыңырлық танытатын балаларымызды көндіруде аналарымызға түрлі түсті әдемі, ыңғайлы әрі баланың назарын аударатын түтікшелер көмекке келеді.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Модель:** AF-ML12
- **Түтікше диаметрі:** Ø 3.0-Ø12 мм
- **Кернеу:** 380 В 50 Гц
- **Өлшемі:** 8000x1200x1600 мм
- **Түтікше қалыңдығы:** 0.10-0.35 мм
- **Өнімділігі:** 400-1800 дана/мин

## Сипаттамалар

### Экструдер

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-ML12 |
| Шикізат түрі | PP |
| Түтікше диаметрі | Ø 3.0-Ø12 мм |
| Түтікше қалыңдығы | 0.10-0.35 мм |
| Өнімділігі | 400-1800 дана/мин |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Электр шығыны | 16 кВт·сағ |
| Өлшемі | 8000x1200x1600 мм |
| Салмағы | 2100 кг |

### Түтікшені майыстыру жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-ML21-5 |
| Өнімділігі | 250-280 дана/мин |
| Автоматты санау функциясы | Бар |
| Автоматты тоқтау функциясы | Бар |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Түзу түтікше ұзындығы | 190-260 мм |
| Майыстырылған түтікше ұзындығы | 175-245 мм |
| Электр шығыны | 1,5 кВт·сағ |
| Өлшемі | 1200x1600 мм |
| Салмағы | 1000 кг |

### Қаптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Шығарылған жылы | Қытай |
| Модель | 2019 |
| Өнімділігі | AF-ML31 |
| Автоматты санау функциясы | 350-450 дана/мин |
| Кернеу | Бар |
| Қаптау | 380 В 50 Гц |
| Қаптама ені | Қағаз немесе пакет |
| Электр шығыны | Қағаз 25-33, пакет 25-60 |
| Өлшемі | 1,5 кВт·сағ |
| Салмағы | 600 кг |

## Сипаттама

Бұл желі мына бөліктерден тұрады

Экструдер бір және екі түсті түтікшелердің барлық түрлерін өндіруге арналған. Экструдердегі матрицаларды ауыстыру арқылы түтікшелердің өлшемдерін өзгертуге болады. Сондай-ақ экструдер құрамында су резервуары көмегімен салқындату және қажетті өлшемде кесу жабдығы бар.

Экструдерден шыққан түзу түтікшелер майыстыру жабдығының көмегімен майыстырылады. Түтікшелерді майыстырудың мақсаты — мұндай түтікшелермен сусын ішу ыңғайлырақ. Автоматты санау функциясы бар.

Түтікшелер майыстыру жабдығында майыстырылғаннан кейін жоғары сапа мен жылдамдыққа ие қаптау жабдығына қойылады. Жабдық түтікшелерді даналап қаптауға арналған. Қаптама үшін қағазды немесе пакеттерді пайдалануға болады. Жабдықта автоматты санау функциясы да бар. Әрине, түтікшелер бір рет қолдануға арналған өнім болғандықтан, оны қаптау маңызды.

Енді өніміңізді нарыққа еркін шығара беруіңізге болады. Табысты болсын.

## Бейне

- https://youtu.be/KLY85chkkGE

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, түтікшелер

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/susyndarga-arnalgan-bir-rettik-tutiksheler-ondiru-jelisi-af-l019/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-odnorazovykh-tub-dlya-napitkov-af-l019.md) · [uz](https://afex.uz/product/ichimliklar-uchun-bir-martalik-naychalar-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l019.md) · [en](https://afex.uz/en/product/production-line-of-disposable-tubes-for-drinks-af-l019.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-naychahoi-yakkarata-baroi-nushokiho-af-l019.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/yici-xing-yinliao-xiguan-shengchan-xian-af-l019.md)
