# Шұлық өндіру желісі AF-L003
> Көптеген сұраныстар мен қызығушылықтарға байланысты шұлық өндіру желісін Сіздерге ұсынуды жөн көрдік.
Каталог: Жеңіл өнеркәсіп › Шұлық тоқу жабдықтары
SKU: AF-L003
Жаңартылды: 2026-07-14

Көптеген сұраныстар мен қызығушылықтарға байланысты шұлық өндіру желісін Сіздерге ұсынуды жөн көрдік. Төменде шұлық жабдығына неліктен сұраныс жоғары екенін, оған деген қызығушылықты және жабдықтардың әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз. «Қыс болсын, жаз болсын, бастысы жұмыс болсын» — деп кәсіпкерлер бекер айтпайды. Шұлық өндіру желісі ешқандай маусым таңдамайды, өйткені шұлықты қыста да, жазда да киеді! Нарыққа кіріп алсаңыз болғаны, бизнесіңіздің гүлденетіні анық. «Шұлықтың өтімді болуының себебі неде?!» — деп ойлайтыныңыз анық, бұл үшін көп бас қатырудың да қажеті жоқ. Статистика нәтижелеріне қарағанда, қазіргі уақытта адамдардың өлімінен гөрі туу көбірек байқалады екен. Бұл жаңа туған нәрестеден бастап 80-90 жастағы адамдарға дейін шұлыққа қажеттілік бар екенін көрсетеді. Сондықтан нарықта шұлыққа деген сұраныс күннен-күнге артып келеді, әрине сапаға деген талап одан да жоғары. Байқаған боларсыз, нарықта сапасыз шұлықтар көп?! Біздің үш түрлі жабдығымыз бен жалпы желіміздің көмегімен нарықтағы ең сапалы шұлықтан да сапалырақ өнім ұсына алатыныңызға кепілдік береміз. Сізге көрсеткіміз келетін жабдықтарымызды жақсы көріп қалуыңыз мүмкін десем, асыра айтқандық болмайды. Ақшаны кім ұнатпайды?! Қаласаңыз, Сізді шикізаттың көтерме сауда орындарымен, білікті мамандармен/технологтармен таныстыра аламыз. Ол үшін бізбен байланысып немесе кеңсемізге келіп, кеңес беру қызметімізді пайдалана аласыз. Біз бизнесіңіздің дамуын қолдаймыз.

## Сипаттама

RB-6FTP моделіндегі шұлық өндіру жабдығы

FS-6FTP моделіндегі шұлық өндіру жабдығы

FX-7FTP моделіндегі шұлық өндіру жабдығы (7-буын жабдығы)

Ал бұлар жоғарыда көрсетілген жабдықтардың жұмысына қажетті құрылғылар.

Ауа сору құрылғылары

Оверлок жабдығы

Ауа компрессоры

Үтіктеу жабдығы

"Midi" шұлық желісі

Midi желісі екіге бөлінеді:

Бірінші жинақта ең аз сипаттамалы жабдықтар жиынтығы жинақталған, оның жалпы бағасы 4 350$ құрайды. Оның екінші нұсқадан айырмашылығы — шұлық тоқу жабдығының RB-6FTP моделі және қолдан жасалған үтік.

Ал екінші жинақ FX-7FTP жетінші буын шұлық тоқу жабдығымен және Қытайдағы зауыттан әкелінген үтігімен бірінші жинақтан ерекшеленеді. Екінші жинақтың жалпы бағасы 6 550$ құрайды.

"Pro" желісі екіге бөлінеді.

Ескерту! Жоғарыда келтірілген бағалар 01.11.2018 күнгі бағаларға сәйкес көрсетілген және олар өзгеруі мүмкін.

Төлемдерді ұлттық валютамыз — сумдағы шот, кәсіпкерлердің корпоративтік карталары, валюталық шот, халықаралық төлем карталары арқылы жүзеге асыруға болады.

Сатып алушылар жабдықтарын Ташкенттегі "Afex-Group" LLC қоймасынан қабылдап алады және біздің компания жабдықтарыңыз бен шикізатыңызды Өзбекстанның кез келген аймағына тегін жеткізуді өз мойнына алады.

(Монтаждау шығындарын сатып алушы бөлек төлейді)

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=YgquJA1KGPk

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, шұлық

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/shulyq-ondiru-jelisi-af-l003/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/socks-production-line-af-l003.md) · [uz](https://afex.uz/product/paypoq-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l003.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/wazi-shengchan-xian-af-l003.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-noskov-af-l003.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-jurob-af-l003.md)
