# Шұжық пен сосиска өндіру желісі
> Белгілі болғандай, шұжық пен сосиска өнімдерін әрдайым сүйсіне тұтынады.
Каталог: Азық-түлік
SKU: 60dc58a60bd70c486e3781a6
Жаңартылды: 2026-07-15

Белгілі болғандай, шұжық пен сосиска өнімдерін әрдайым сүйсіне тұтынады. Оларды әр отбасының дастарханынан дерлік кездестіруге болады. Әрі қоректі, әрі дәмді! Артық "пісір-күйдірдің" де қажеті жоқ! Бұл өнімге сұраныс ешқашан азаймайды. Бұл шұжық пен сосиска өнімдерін еркін, қорықпай өндіруге болады деген сөз. Мұндай мүмкіндікті Сізге "AFEX Group" компаниясы береді.Сондықтан да өндірушілер мен тұтынушылардың талаптарын ескере отырып, осы бизнесті, яғни ШҰЖЫҚ ПЕН СОСИСКА ӨНДІРУ ЖЕЛІСІН Сіздерге ұсынуды шештік. Тағы бір нәрсені ұмытпаңыз! Біздің жабдықтарда шұжықтар еттен өндіріледі.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Жалпы қуат:** 5.5 кВт
- **Сыртқы өлшемдері:** 950\*550\*900 мм
- **Жұмыс көлемі (кг):** 300-500 кг/сағ
- **Салмағы:** 190 кг
- **Шұжық (сосиска) толтыру диаметрі:** 10-48 мм
- **Шұжық (сосиска) диаметрі:** 9-40 мм

## Сипаттамалар

### Ет ұсақтау жабдығы

| | |
|---|---|
| Жұмыс көлемі (кг) | 300-500 кг/сағ |
| Жалпы қуат | 5.5 кВт |
| Сыртқы өлшемдері | 950*550*900 мм |
| Салмағы | 190 кг |

### Ет тартатын жабдық

| | |
|---|---|
| Жұмыс көлемі (кг) | 30 кг/бір жолы |
| Жалпы қуат | 4 кВт |
| Тартқыштар саны | 3 дана |
| Сыртқы өлшемдері | 1100*830*1080 мм |
| Салмағы | 300 кг |

### Араластыру жабдығы

| | |
|---|---|
| Жұмыс көлемі (кг) | 100 кг/бір жолы |
| Жалпы қуат | 2.2 кВт |
| Сыртқы өлшемдері | 940*700*1160 мм |
| Салмағы | 200 кг |

### Екі жақты шұжық толтыру жабдығы

| | |
|---|---|
| Бункер сыйымдылығы | 30 л |
| Жалпы қуат | 2.2 кВт |
| Шұжық (сосиска) толтыру диаметрі | 10-48 мм |
| Сыртқы өлшемдері | 1150*700*1680 мм |
| Жұмыс көлемі (кг) | 200-300 кг/сағ |

### Шұжық (сосиска) байлау жабдығы

| | |
|---|---|
| Жұмыс көлемі (кг) | 10-100 бау/бір жолы |
| Жалпы қуат | 1 кВт |
| Шұжық (сосиска) диаметрі | 9-40 мм |
| Сыртқы өлшемдері | 1080*520*980 мм |

### Автоматты ыстау жабдығы

| | |
|---|---|
| Жұмыс көлемі (кг) | 100 кг/бір жолы |
| Жалпы қуат | 5 кВт |
| Сыртқы өлшемдері | 1200*1120*2000 мм |
| Салмағы | 400 кг |

## Сипаттама

Ал енді желі туралы толығырақ мәлімет берейік. Шұжық өндіру желісі келесі кезеңдер мен жабдықтардан тұрады:

Бұл жабдықта ұсақталған ет қайтадан тартылады. Етті ұсақтаудың өзі жеткіліксіз болғандықтан, осы кезеңде ет тағы тартылып, өте майда қоспа күйіне келеді.

Білетініміздей, шұжық өнімдері тек еттен ғана дайындалмайды. Оған қосымша ретінде жұмыртқа, сүт өнімдері, дәмдеуіштер сияқты көмекші өнімдер қосылады. Бұл жабдықта олардың барлығы араластырылып, біртекті массаға келтіріледі.

Дайындалған қоспа бункер арқылы шұжық қабығына толтырылады. Бұл кезде бізге жоғарыдағы толтыру жабдығы көмектеседі.

Дерлік дайын болған шұжық пен сосиска өнімдері байлау жабдығы арқылы арнайы жіптермен байланады.

6. АВТОМАТТЫ ЫСТАУ ЖАБДЫҒЫ

Және ең соңғы кезеңде дайын болған өнімдер ыстау жабдығына салынады және сол жерде түтін беру арқылы ысталады. Ыстау — маңызды процестердің бірі, бұл процесте өнім құрамында болуы мүмкін микроағзалар жойылады және ысталған өнімдердің ұзағырақ сақталуына қызмет етеді.

## Бейне

- https://youtu.be/zMawvolpV4A

Тегтер: азық-түлік, қытай, қытайдан, өндіріс, шұжық

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/shujyq-pen-sosiska-ondiru-jelisi/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-kolbas-i-kolbasnykh-izdeliyaf-l027.md) · [uz](https://afex.uz/product/kalbasa-va-sosiskalar-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l027.md) · [en](https://afex.uz/en/product/sausage-and-sausage-production-line.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-hasib-va-sosiska.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/xiangchang-ji-regou-chang-shengchan-xian.md)
