# Шаруашылық қолғаптарын өндіру желісі AF-L009
> Елімізде құрылыс-абаттандыру жұмыстары барған сайын кең қанат жаюда.
Каталог: Жеңіл өнеркәсіп
SKU: AF-L009
Жаңартылды: 2026-07-14

Елімізде құрылыс-абаттандыру жұмыстары барған сайын кең қанат жаюда. Жаңа ғимараттар, көпқабатты тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық нысандар бой көтеруде, тегіс жолдар, сәулетті әрі көркем көпірлер қарқынды түрде көбеюде. Әрине, бұл құрылыс жұмыстары еліміздегі еңбекқор шеберлеріміздің ауыр еңбегінің арқасында жүзеге асуда. Қысы-жазы жалғасып жатқан құрылыс жұмыстарында шаруашылық қолғаптары шеберлердің ең қажетті қорғаныс құралдарының бірі болып саналады. Сондай-ақ жұмыс қолғаптары құрылыс жұмыстарында ғана емес, шаруашылықтың басқа да жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Сондықтан шаруашылық қолғаптарына сұраныс барған сайын артып келеді.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Модель:** YH305
- **Кернеу:** 220 В 50 Гц
- **Өлшемі:** 1250x650x1750 мм
- **Электр шығыны:** 0.25 кВт
- **Қажетті ауа қысымы:** 0,5 МПа
- **Салмағы:** 250 кг

## Сипаттамалар

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Қала | Шанхай |
| Модель | YH305 |
| Түрі | 7G,10G |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Электр шығыны | 0.25 кВт |
| Өнімділігі | 360 жұп/24 сағ |
| Қолғап өлшемдері | S,M,L |
| Қажетті ауа қысымы | 0,5 МПа |
| Өлшемі | 1250x650x1750 мм |
| Салмағы | 250 кг |

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Қала | Шанхай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Электр шығыны | 0.25 кВт/сағ |
| Тігу жылдамдығы | 5500 айн/мин |
| Өнімділігі | 100 жұп/сағ |
| Өлшемі | 1000x550x1400 мм |
| Салмағы | 65 кг |

### Қолғап үстіне ПВХ жабын жағу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Қала | Шанхай |
| Модель | D-SB |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Электр шығыны | 12,6 кВт/сағ |
| Қалыптар саны | 23 жұп |
| Өнімділігі | 720 жұп/сағ |
| Пеш температурасы | 250°C |
| Өлшемі | 5,7x1,8x1,2 м |
| Салмағы | 930 кг |

## Сипаттама

Бүгін біз Сізге осындай шаруашылық қолғаптарын өндіру бизнесін ұсынамыз.

1. ҚОЛҒАП ТОҚУ ЖАБДЫҒЫ

PLC басқару панелі бар. Барлық командаларды жеңілдетілген басқару панелі арқылы орындауға болады. Тоқу жылдамдығын, қажетті өлшемді таңдауды және санын басқару панелі арқылы бақылауға болады. Қате орын алғанда автоматты үзіліс функциясы бар. Жабдық ұзақ қызмет етуі үшін жіптер майланып тұрады. Майлау үшін май сорғысын өзіне тарту жеткілікті.

2. ТОҚЫЛҒАН ҚОЛҒАП ШЕТІН ТІГЕТІН АРНАЙЫ ОВЕРЛОК

3. ҚОЛҒАП ҮСТІНЕ ПВХ ЖАБЫН ЖАҒУ ЖАБДЫҒЫ

Әрине, әр кәсіпкер нарық сұранысы мен мүмкіндігіне қарай қолғаптардың үстіне ПВХ жабын басатын жабдықты да сатып ала алады, бірақ мынаны ерекше айта кеткен жөн: егер бұған бастапқы қаражатыңыз жеткіліксіз болса, оны кейінірек те орнатуға болады. Бұл жабдық жоғарыда көрсетілген екі жабдықтың жұмысына әсер етпейді. Қазіргі уақытта нарықтарымызда ПВХ жабылмаған қолғаптарды да көп кездестіруге болады. Біз ұсынатын төмендегі жабдық 20 тоқу жабдығы шығарған өнімге ПВХ жабын жағуға қауқарлы, сондықтан бұл бөлікті сатып алғанда тоқу жабдықтарының санына да назар аударуыңызды сұраймыз.

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=xsYl80w9GEg

Тегтер: Қолғап, Қолғаптар, қытай, қытайдан, өндіріс, Шаруашылық қолғаптары

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/sharuashylyq-qolgaptaryn-ondiru-jelisi-af-l009/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-khozyaystvennykh-perchatok-af-l009.md) · [en](https://afex.uz/en/product/production-line-of-household-gloves-af-l009.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-dastpushakhoi-khojagi-af-l009.md) · [uz](https://afex.uz/product/xojalik-qolqoplari-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l009.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/lao-bao-shoutao-shengchan-xian-af-l009.md)
