# Саморез (бұрандалы шеге) өндіру желісі AF-008
> Құрылыс материалдарының ішінде ең көп мөлшерде қолданылатын өнімдердің бірі – саморез.
Каталог: Металл өңдеу
SKU: AF-L008
Жаңартылды: 2026-07-14

Құрылыс материалдарының ішінде ең көп мөлшерде қолданылатын өнімдердің бірі – саморез. Қолдану саласының кеңдігі, ұзақ қызмет етуі сатып алушыларға ұнайды. Көптеген кәсіпкерлер саморез өндірген дұрыс па, әлде халқымыз қарапайым шегені көп пайдалана ма деген мазмұндағы сұрақпен жүгінеді. Екі өнімнің де өзіне тән қолдану ыңғайлылықтары және өзіне қажетті орындары бар. Мысалы, Сіз шегені ағаш жиһаз жасауда пайдалана алмайсыз, бірақ саморезді де асбест шиферлер үшін пайдалану қиындық туғызады. Біз бүгінгі таңда ең көп қолданылатын, халық арасында "қара саморез" деп аталатын түрін өндіруді бастағысы келетіндерге толық желіні ұсынамыз. "AFEX-GROUP" LLC компаниясы ұзақ жылғы ізденістердің нәтижесінде мінсіз желіні ұсынуды шештік. Қазіргі жергілікті өндірушілеріміз шығарып жатқан кейбір саморез өнімдерінің бас бөлігі тез сынып қалатынына немесе аз уақыт өткен соң тот басатынына наразылық білдіреді. Көпшілік мұны шикізаттан деп ойлайды, рас, шикізатқа да көп нәрсе байланысты, бірақ бірдей C1022 маркалы сымды пайдаланатын екі түрлі өндірушінің өнімінің сапасы әртүрлі болатын болса, онда қате өндіріс жабдығында немесе ондағы процеске байланысты болады.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуат тұтынуы:** 7,5 кВт/сағ
- **Кернеу:** 380 В 50 Гц
- **Өлшемі:** 1500\*1200\*1700 мм
- **Салмағы:** 380 кг
- **Сым диаметрі:** 2.0-3,5 мм
- **Дайын өнім диаметрі:** 2,7 мм-4,2 мм

## Сипаттамалар

### Сым созу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 7,5 кВт/сағ |
| Салмағы | 380 кг |
| Өлшемі | 1500*1200*1700 мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 15 м/мин |

### Саморездің бас бөлігіне арналған жабдық

| | |
|---|---|
| Өндіруші ел | Қытай |
| Кернеу | 180 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 5,5 кВт/сағ |
| Салмағы | 1700 кг |
| Өлшемі | 1700*1400*1450 мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 140-180 дана/мин |
| Сым диаметрі | 2.0-3,5 мм |
| Өнім ұзындығы | 2,0-50 мм |
| Өнім шығару өнімділігі | 25 кг/сағ |

### Саморезге бұранда ізін салу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндіруші ел | Қытай |
| Кернеу | 180 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 3 кВт/сағ |
| Салмағы | 900 кг |
| Өлшемі | 1900*1400*1450 мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 180-200 дана/мин |
| Сым диаметрі | 2.0-3,5 мм (өңдеуге дейін) |
| Өнім ұзындығы | 2,0-50 мм |
| Өнім шығару өнімділігі | 30 кг/сағ |
| Дайын өнім диаметрі | 2,7 мм-4,2 мм |

### Саморезге арналған термиялық өңдеу конвейерлі пеші

| | |
|---|---|
| Өндіруші ел | Қытай |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 55 кВт/сағ |
| Салмағы | 6500 кг |
| Өлшемі | 1800*1650*1840 мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 0-500 мм/мин |
| Ішкі температура (макс.) | 1050°C |
| Кіретін өнім ұзындығы | 2,0-80 мм |
| Өнім шығару өнімділігі | 60-120 кг/сағ |

### Гальванизациялауға арналған арнайы PP ванна

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтынуы | 5,5 кВт/сағ |
| Салмағы | 1300 кг |
| Өлшемі | 9000*1650*1200 мм |
| Кіретін өнім ұзындығы | 2,0-80 мм |
| Өнім шығару өнімділігі | 60-120 кг/сағ |
| Арнайы ванналар саны | 8 дана |
| Арнайы көтеру құрылғысы | 1 дана |

## Сипаттама

Ең алдымен жұмысты арнайы көміртекті сымды (C1022 маркалы) қажетті өлшемге созып алудан бастау керек. Әрине, қалаушылар бұл жабдықты алмауы да мүмкін, бірақ қытайлық серіктестеріміздің айтуынша, белгіленген өлшемдегі сымды импорттау процесінде оған аз мөлшерде шаң бөлшектері түсуі немесе деформация нәтижесінде оның ені байқалмас деңгейде өзгеруі мүмкін және бұл саморез сапасына теріс әсер етеді.

Бұл жабдық сымды қажетті өлшемде кесіп, оның бас бөлігін жасау міндетін атқарады. Одан шыққан өнім қарапайым шегеге ұқсас көріністе болады. Жабдық қалыбын ауыстыру арқылы оның диаметрін өзгерту мүмкіндігіне ие боласыз.

Қалпақшасы жасалған өнім осы жабдықтың арнайы ыдысына салынады. Жабдық оларға кезекпен бұранда ізін түсіреді. Бұл процесс көпшілік ойлағандай токарлық жабдық сияқты өнімді жону арқылы емес, арнайы ізді қалыптан престеп өткізу арқылы жүзеге асырылады, сондықтан өнімнен ешқандай қалдық шықпайды.

### Саморезге термиялық өңдеу жүргізетін арнайы конвейерлі пеш

Бұл кезең Сіздің өніміңіздің сапасын анықтайтын ең маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. Біз Сіздерге бизнесіңіздің бастапқы өндірістік қуаты үшін жеткілікті термиялық өңдеу пешін ұсынамыз. Бұл конвейерлі пеште өңдеу процесіне қажетті метанол мен керосинді бүркуге арналған арнайы құбырлар да орналастырылған, бұл жұмыс барысында артық жұмыс күшінің жұмсалуының алдын алады. Термиялық пешке қажетті алаңның ұзындығы сатып алушы тарапынан 20 метрден кем болмауы тиіс. Конвейерлі пеш өз бойында салқындату кезеңдерін де біріктіргендіктен, бұл жерде мәселе болмайды деп үміттенеміз. Жабдықта ақаулар туындамауы үшін OCr21Al6Nb арнайы материалынан жасалған ТЭН-дер қолданылған.

- Бес сатылы қыздыру аймағы
- Конвейер үшін инверторлы қозғалтқыштың қолданылуы
- 1,1 кВт/сағ арнайы циркуляциялық желдеткіштер

Кез келген кәсіпкер қандай да бір өнімді өндірмес бұрын оның сатып алушыға ұзақ мерзім қызмет етуін қалайды. Егер Сіз де өз саморездеріңіздің сатып алушыларға ұзақ мерзім қызмет етуін қаласаңыз, саморездеріңізді арнайы химиялық өңдеу процесінен өткізуді ұсынамыз. Бұл процесс өніміңіздің беткі қабатын тот баспайтын күйге келтіреді, сондай-ақ қаласаңыз өніміңіздің түсін де өзгерте аласыз. Бұл жабдық Сізге ұзақ мерзім қызмет етуі үшін оны PP (полипропилен) материалынан арнайы тапсырыспен жасаймыз.

### Центрифугалы кептіру жабдығы

Бұл жабдық гальванизациялау процесінен өткен саморез өнімдерін кептіруге арналған және бұл процесс соңғы кезең болып саналады. Сіздің саморездеріңіз дайын және енді оларды сатып алушыларға еркін ұсына аласыз.

## Бейне

- https://youtu.be/RVWs7e0g5Jc

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, Саморез

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/samorez-burandaly-shege-ondiru-jelisi-af-008/
kk · [uz](https://afex.uz/product/samorez-burama-mix-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-008.md) · [en](https://afex.uz/en/product/self-tapping-screw-production-line-af-008.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-samorezov-af-008.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-samorez-mekhi-pechdor-af-008.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/zi-gong-luo-ding-shengchan-xian-af-008.md)
