# Сабын өндіру желісі
> Барлық бизнес түрлерінде жоғары табыс табуға болады.
Каталог: Дайын желілер
Жаңартылды: 2026-07-14

Барлық бизнес түрлерінде жоғары табыс табуға болады. Өз кезегінде бұған себеп ретінде бірнеше факторды келтіруге болады. Бірақ кейбір өндірістік бизнес түрлері бар, олар арқылы кәсіпкер қысқа мерзім ішінде жоғары пайдаға қол жеткізе алады. Осындай өндіріс түрлерінің бірі — әрине, сабын өндіру желісі. Барлығымызға белгілі, жылдан жылға гигиеналық өнімдерге деген сұраныс артып келеді, ешқашан азаймайды. Біздің елімізде сабынға деген сұраныс өте жоғары. Әр үйдің шаруашылығында бұл өнімнің орны ерекше. Сондықтан да кәсіпкерлер осы бизнес арқылы жоғары табысқа қол жеткізе алады. Ол үшін AFEX-GROUP Сізді жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Біз ұсынатын өндіріс желісінің көмегімен Сіз сабынның 2 түрін өндіре аласыз: шаруашылық сабыны (халық тілінде «кір сабын») және иісті сабын. Жабдықтарды Қытай Халық Республикасының осы салада көп жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық зауыты өндірген. Келіңіз, өндіріс зауыты туралы толығырақ ақпарат алайық.

## Сипаттама

### Жалпы мәліметтер

Өндіріс көлемі: 100-300 кг/сағ Жұмысшылар саны: 6 адам Қажетті алаң өлшемі: 22\*8\*3,5 м (ұзындығы\*ені\*биіктігі) Қуаты: 30 кВт/сағ Арнайы талаптар: кәріз жүйесі, желдету жүйесі, 3 фазалы электр тогы, гигиена талаптарына сай алаң.

### Өндіріс процесі

Өндіріс процесі күрделі кезеңдерден тұрмайды. Бұл ретте пайдаланушыдан жоғары техникалық білім мен дағды талап етілмейді. Біздің тәжірибелі технологтарымыз Сізге жабдықтарды орнатып беруге практикалық көмек көрсетеді.

### Бірінші кезең — шикізатты дайындаймыз

Ең алғашқы кезеңде шикізатты дайындап алуымыз қажет. Шикізат құрамы сабын түріне (шаруашылық сабыны және иісті сабын) қарай өзгереді. Жабдықтарымыздың көмегімен барлық сабын түрлерін өндіре аласыз. Ол үшін бізге миксер қажет. Миксер барлық шикізатты сапалы өнім шығару үшін дайындап береді.

### Екінші кезең — шикізатты ұсақтаймыз

Келесі кезеңде араластырылған шикізаттың жақсы бірігуі үшін оны ұсақтап аламыз.

### Үшінші кезең — экструдерден шығарамыз

Бұл кезеңде өндірісіміздің ең негізгі процесін жүргіземіз. Ұсақталған жартылай дайын шикізатты конвейер арқылы экструдерлерге өткіземіз. Өндіріс желісіндегі ең маңызды жабдық — әрине, экструдер жабдығы. Экструдер жабдығы жоғары сапалы жабдық болып табылады және сабындарды қатты қысыммен (пресспен) өндіреді.

### Төртінші кезең — пішін береміз

Экструдерден шыққан сабындарға қалыпты білік көмегімен түрлі жазулар мен өрнектер түсіруге болады. Бұл ретте біз әр тұтынушымен жеке жұмыс істейміз. Еске сала кетейік, осы түрдегі өндіріс желіміз арқылы Сіз сабынның 2 түрін өндіре аласыз: иісті сабын және шаруашылық сабыны. Өндіріс процесі осы уақытқа дейін бірдей кезеңдерден өтті. Тек осы жерде ғана айырмашылық бар. Шаруашылық сабыны әдетте төртбұрышты пішінде болады. Сондықтан оған тек кесу жабдығының өзі жеткілікті . Ал иісті сабындар дөңгелек немесе сопақ болады. Сондықтан бізге қосымша жабдық қажет. Ол үшін бізге сабынды штамптау машинасы және арнайы қалып қажет. Жабдықтардан шыққан сабындарымыз конвейерге сатуға дайын күйде түседі. Конвейерден оларды алып, қаптап, сата беруге болады. Қалай қаптағыңыз келетініне қарай әртүрлі жабдықтарды ұсына аламыз: пакетшеге, қорапшаға немесе екі қабатты қағазға қаптау. Біз Сізге көлденең қаптау жабдығын ұсынамыз.

## Бейне

- https://youtu.be/HWYGjvUDKtc

Тегтер: afex, afex uz, жабдықтар, кір сабын, кір сабын, сабын, хош иісті сабын

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/sabyn-ondiru-jelisi/
kk · [uz](https://afex.uz/product/sovun-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/feizao-shengchan-xian.md) · [en](https://afex.uz/en/product/soap-production-line.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-myla.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-sobun.md)
