# Құрғақ сылақ қоспасын өндіру желісі
> Елдің дамуы мен күш-қуатын көрсететін салалардың бірі — әрине, құрылыс саласы.
Каталог: Дайын желілер
SKU: 60e2bc4a0bd70c7ee04996f7
Жаңартылды: 2026-07-15

Елдің дамуы мен күш-қуатын көрсететін салалардың бірі — әрине, құрылыс саласы. Ең дамыған елдерде құрылыс саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілген. Сондықтан құрылыс материалдарына сұраныс әрдайым жоғары болып қала береді. Осы бағытта (құрылыс саласында) AFEX GROUP өз жабдықтарын ұсынуды жалғастырады. Кезекті өндіріс жабдықтарымыз көмегімен Сіз құрғақ сылақ қоспасын өндіре аласыз. Ал енді, ең алдымен, өнім туралы мәліметтермен танысып шығайық.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуаты:** 3 кВт
- **Спираль диаметрі:** 140 мм
- **Жабдық диаметрі:** 165 мм
- **Жұмыс бұрышы:** 0-60
- **Ұзындығы:** 3 м
- **Өнімділігі:** 3-5 т/сағ

## Сипаттамалар

### Шнекті транспортер

| | |
|---|---|
| Спираль диаметрі | 140 мм |
| Жабдық диаметрі | 165 мм |
| Жұмыс бұрышы | 0-60 |
| Ұзындығы | 3 м |
| Өнімділігі | 3-5 т/сағ |
| Қуаты | 3 кВт |

### Спиральді миксер

| | |
|---|---|
| Сыйымдылығы | 1,65 м3 |
| Өнімділігі | 600-1000 кг/цикл |
| Цикл ұзақтығы | 10-15 мин |
| Қуаты | 7,5 кВт |
| Жалпы өлшемдері | 3140*980*1400 мм |
| Салмағы | 1200 кг |

### Қаптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Қаптама салмағы | 20-50 кг |
| Қуаты | 3 кВт |
| Жалпы өлшемдері | 700*1100*1200 мм |
| Салмағы | 180 кг |

## Сипаттама

### Құрғақ сылақ қоспасы туралы

Құрғақ сылақ қоспасы — құрғақ түрде араластырылған шикізат, оған құрылыста нақты мақсаттарда пайдалану үшін арнайы қоспалар мен полимерлер қосылуы мүмкін. Сылақ қоспасы қазіргі құрылыс саласында кең таралған талаптарға жауап беретін тамаша техникалық сипаттамаларға ие. Ол көбінесе ұнтақ немесе түйіршік түрінде арнайы зауыттарда дайындалып, құрылыс алаңына жеткізіледі. Жеткілікті мөлшерде сумен араластырылғаннан кейін оны тікелей пайдалануға болады. Құрғақ сылақ қоспасы әдетте әктен, цементтен, құмнан және минералдардан тұрады. Басқа салалар мен мақсаттарда қолдану үшін тағы басқа шикізат түрлері қосылады. Мысалы, бұл қоспа гипс пен бетонға қосылуы мүмкін, сыртқы және ішкі қасбеттер үшін, кафельдерді жабыстыру және жамау үшін пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан қолдану саласына қарай шикізат тізімі мен пропорциясы өзгереді.

### Жалпы мәліметтер

Өндірістік қуаты: 1-3 тонна/сағ Жұмысшылар саны: 2-3 адам Жалпы қуаты: 20 кВт Қажетті алаң: 50 шаршы метр Негізгі шикізат: әк, цемент, құм

### Жабдықтар тізімі

Бұл өндіру желіміз келесі жабдықтарды қамтиды:

- Шнекті транспортер (2 жиынтық)
- Спиральді миксер
- Дайын өнімге арналған бункер
- Қаптау жабдығы
- Компрессор

Өндіріс процесі көп сатылы әрі күрделі процестерден тұрмайды. Мұнда барлық дайын шикізат араластырылып, кейін қапталады. Сондықтан тек жабдықтардың өзімен танысып шығу жеткілікті. Түрлі шикізатты миксерге жеткізеді. Ал өндіріс процесі аяқталғанда дайын өнімді цистернаға тасымалдайды. Бұл транспортерлердің 2 жиынтығы беріледі. Барлық шикізатты араластырамыз. Жабдық үлкен сыйымдылыққа ие және қоспаны сапалы дайындайды. Төмендегі кестеде техникалық көрсеткіштерімен таныса аласыз.

### Дайын өнімге арналған бункер

Жабдық диаметрі: 1,6 м. Ал ұзындығы 2,8 м-ге тең. Жабдық тот баспайтын металдан жасалғандықтан, Сізге ұзақ уақыт қызмет ете алады. Бұл бункерді қаптау жабдығына қосқанда, автоматты қаптау процесі басталады. Дайын өнімдерді қаптаймыз және олар сатуға дайын.

### Өндіріс процесінен бейнеролик

## Бейне

- https://youtu.be/FtOM4vXzmpI

Тегтер: Есіктер, жабдықтар, Құрғақ қоспа, құрғақ қоспалар, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/qurgaq-sylaq-qospasyn-ondiru-jelisi/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/dry-plaster-mix-production-line.md) · [uz](https://afex.uz/product/quruq-suvoq-aralashmasi-ishlab-chiqarish-liniyasi-%d1%81%d1%83%d1%85%d0%b8%d0%b5-%d1%81%d0%bc%d0%b5%d1%81%d0%b8.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-sukhikh-gipsovykh-smesey.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-omekhtai-khushki-andova.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/gan-fensha-jiang-shengchan-xian-gan-hun-liao.md)
