# Құлақ тазалайтын таяқшалар өндіру желісі
> AFEX-GROUP командасының мүшелері Сіздерге бірінен бірі пайдалы әрі табысты бизнес түрлерін ұсынуды жалғастырады.
Каталог: Медициналық жабдықтар
Жаңартылды: 2026-07-14

AFEX-GROUP командасының мүшелері Сіздерге бірінен бірі пайдалы әрі табысты бизнес түрлерін ұсынуды жалғастырады. Кезекті өндіріс желіміз де табысты салалардың қатарына жатады. Өнімдерді күнделікті өмірде, бала күтімінде, медицина және косметика салаларында пайдалануға болады. Біздің жабдықтардың көмегімен құлақ тазалайтын таяқшаларды әртүрлі өлшемдерде және қалыптарда (пішінде) шығара аласыз.

## Сипаттама

### Жалпы мәліметтер

Өндіру жылдамдығы: 1200 дана/мин Кернеу: 380 В Қуаты: 13 кВт·сағ Тампондау түрі: бір жақты / екі жақты Таяқшалар түрі: пластик, қағаз, ағаш, бамбук Жабдық өлшемдері: 7806\*940\*1790 мм Қаптау түрлері: қаптау жабдықтары ауыстырылады Мақта бастиектерінің түрі: қалыптар ауыстырылады

### Орналасу сызбасы

Жабдықтарды орналастыру үшін ұзындығы 8 метр, ені 1 метр алаң қажет. Жалпы есеппен 30-40 шаршы метр алаң жеткілікті.

### Өндіріс процесі

### Бірінші бөлім

Өндіріс процесін түсіну үшін алдымен жабдық бөліктерімен жақынырақ танысу қажет.

- Желім сорғысы. Қалыпқа желімді жеткізеді.
- Мақта бастиектерін баптау бөлігі. Бұл бөлікте мақтаны қандай қалыңдықта-салмақта орау керектігі бапталады.
- Таяқшаларды өңдеу бөлігі. Бұл бөліктің міндеті екі түрлі: пластик таяқша болса, жақсы жабысуы үшін оны иіп беру, немесе бамбук/қағаз, ағаш таяқшаларға желім жағу.
- Мақтаны кесіп береді.
- Қалып. Қалыпты ауыстыру арқылы орау түрін анықтайды.

### Өндіріс процесінен үлгілер

### Екінші бөлім

Бұл жабдықтардың негізгі міндеті — дайын өнімдердегі ылғалды кетіру.

### Үшінші бөлім

- Жеткізуші бөлік. Өнім 100% дайын болғаннан кейін оларды қаптау қажет. Гигиеналық талаптарды сақтай отырып, арнайы бөлік таяқшаларды автоматты түрде қаптау жабдығына жеткізеді.
- Қаптау жабдығы. Өндіріс желісінің соңғы бөлігінде қаптау жабдығы орналасады. Желі құрамына 1 қаптау жабдығы кіреді. Егер басқа түрде қаптау қажет болса, қосымша ақыға қаптау жабдығы қосып беріледі.

## Бейне

- https://youtu.be/ls_4f_TBr4A

Тегтер: құлақ тазалағыш, құлақ тазалағыш, құлақ тазалағыш, құлақ тазалау

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/qulaq-tazalaityn-tayaqshalar-ondiru-jelisi/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/ear-cleaning-stick-production-line.md) · [uz](https://afex.uz/product/quloq-tozalash-tayoqchalari-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-palochek-dlya-chistki-ushey.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-chubchahoi-toza-kardani-gush.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/mian-qian-shengchan-xian.md)
