1 / 12Қалып нанынан СУХАРИК (кептірілген нан) өндіру желісі AF-L007
Балалар да, ересектер де бірдей сүйсініп жейтін снэк өнімдерінің бірі — кептірілген нан, яғни сухарик.
Сипаттама
Жабдық туралы
Балалар да, ересектер де бірдей сүйсініп жейтін снэк өнімдерінің бірі — кептірілген нан, яғни сухарик. Біздің елімізде бұл өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұл өнімді өндірудің 2 түрлі әдісі бар — экструзия және қалып нанынан дайындау әдістері. Біз бүгін Сіздердің назарларыңызға қалып нанынан дайындау желісін ұсынамыз. Бұл бизнесті Сіз үй жағдайында еркін бастап, сапалы өнім дайындай аласыз, яғни отбасылық кәсіпорын немесе жеке кәсіпорын ретінде тіркеле отырып. Сізге ыңғайлы болуы үшін барлық жабдықтарды 220 В кернеуге бейімдедік. Бұл желіде өнімнің өзіндік құны едәуір арзанға түседі, себебі Сіз екі түрлі тәсілдің бірін таңдап, өнім шығара аласыз. 1-тәсіл: жаңа шығарылған қалып нанын сатып алу немесе оны өзіңіз өндіру 2-тәсіл: дүкендерге әкелінгеніне 2 күннен аспаған қалып нандарын арзанырақ бағамен сатып алу.

Ең алдымен Сіз сухарикті қандай түрде өндіретініңізді анықтап алуыңыз қажет. Соған қарай нанды бөліктерге бөлу жабдығына қалай орналастыру керектігін нақты білесіз. Біз ұсынатын желінің көмегімен Сіз текше түрінде және сабақша пішінінде өнімдер шығара аласыз. Келіңіз, барлығы сүйіп жейтін сухарик өнімін дайындау үшін қандай жабдықтарды пайдаланатынымызды бірге қарастырайық, кейінірек есеп-қисап кезеңіне өтеміз.
Нан кесетін жабдық (1-кезең)



Нанды жоғарыдағы түрге келтіргеннен кейін оларды екінші жабдыққа орналастыруыңыз қажет. Екінші нан кесетін жабдыққа салғанда ол Сізге қажетті пішінге ие болады.
НАН кесетін жабдық (2-кезең)


Нан қажетті пішінде кесілгеннен кейін оларды жақсылап кептіру қажет. Біз ұсынатын кептіру жабдығының орнына қабатты нан пісіру пешін пайдалануға болмай ма деген пікірлер де көп келді. Біз Сізге ұсынатын кептіру шкафымен салыстырғанда қарапайым пеште кептірілсе, қандай жағдай болатынын жазып өткіміз келеді.
1) Қарапайым нан пісіру пешінде сухарикті кептіруге болады, бірақ келесі кемшіліктерден арыла алмайсыз.
- Қабатты пештер тек жоғарғы және төменгі жағынан жылу береді, бұл өнімнің барлық бөлігі бірдей кебуіне кедергі келтіреді.
- Жылу ТЭН-дер арқылы берілетіндіктен, ТЭН-дерге жақын орналастырылған өнімдер күйіп қалады.
- Қабатты пештердің ең үлкен сыйымдылығы 9 табақтан тұратындықтан, ол Сіздің өнім өндіру жылдамдығыңызға сай келмейді, оның үстіне электр шығыны жоғары болғандықтан өнімнің өзіндік құны артып кетеді.
Жоғарыдағы кемшіліктерді ескере отырып, біз Сізге энергияны жоғары деңгейде үнемдейтін, өнім сыйымдылығы жоғары кептіру шкафын ұсынамыз. Бұл өніміңіздің сапасын анықтайтын негізгі кезең болып саналады. Төмендегі кептіру жабдығында шыққан өнім тым қатты күйге келмейді және онда күйік байқалмайды.
P.S. бұл кептіру шкафын жаз маусымында жеміс-көкөністерді кептіру үшін де еркін пайдалана аласыз.



Жақсылап кепкен сухарикке түрлі дәм беру үшін ол хош иістендіргіш (ароматизатор) жабдығына салынады. Біздің технологтарымыз өнімге қанша мөлшерде ароматизатор қосу керектігін, оны қанша уақыт араластыру керектігін және басқа да технологиялық процестерді үйретіп береді.
ДӘМ БЕРУ ЖАБДЫҒЫ (АРОМАТИЗАТОР)


Тұтынуға дайын өнімдерімізді қаптау жабдығымыздың көмегімен еркін қаптай аламыз. Қаптау жабдығы үшін Сіз өзіңізге ұнаған дизайндағы қаптамаға орама пленкаға тапсырыс бересіз. Бұл жөнінде де біздің мамандарымыз Сізге көмектеседі. Қазіргі таңда 1 кг орамның бағасы шамамен 7$. Барлығын қызықтыратын мәселе — бұл жұмыстан қанша табыс табуға болатыны болса керек. Келіңіз, бірге есептеп көрейік.
- 1 дана қапталған өнім 35 г
- 1 сағатта кемінде 50 дана наннан өнім өндіру процесін бірге қарастырамыз.
- 50 дана нан*550 г=27,5 кг
- 27,5 кг өнім кебу процесінде салмағының 30%-ын жоғалтады және бізде 19.25 кг өнім қалады
- Дәм беру процесінде 10% масса қосылады және жалпы масса 21,2 кг өнім болады
- 21,2 кг=21200 г /33 г 642 дана дайын өнім
- нан үшін 50000 сум+80*642=51360 сум қаптама+гофра қорап үшін әр өнімге 33 сум*642=21186 +дәм үшін 24000 сум+3700*3=11 100 (3 жұмысшы)+ электр үшін 2200 сум=159 846 сум
- сағатына 642 дана өнім өндірілсе, 10 сағатта 6420 дана
Әр жұмысшы айына 1 миллион сумнан жалақы алған жағдайда, 27 жұмыс күні*күніне 10 сағат
ВЕРТИКАЛДЫ ҚАПТАУ ЖАБДЫҒЫ (көлемдік өлшеу негізінде)



Бағаны жылдам сұрау
Атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз — қалғанын маманымыз нақтылайды.
Деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді
Жеткізу және іске қосу
Кеңестен іске қосуға дейін — шарт бойынша төрт кезең.

Кеңес
Міндетті анықтап, конфигурацияны іріктеп, коммерциялық ұсыныс дайындаймыз.

Шарт
Мерзімдер, төлем тәртібі және кепілдік шартта бекітіледі.

Жеткізу
Жабдық өндірушіден сіздің нысаныңызға дейін жеткізіледі.

Монтаж және оқыту
Мамандарымыз жабдықты іске қосып, операторларды оқытады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеткізу, шарт және бақылау туралы ең жиі қойылатын сұрақтар.
Тапсырыстарымды онлайн бақылап отыруға бола ма?
Жүктер қанша уақытта жеткізіледі?
Жеткізудің қандай тәсілдері бар?
Шарт жасасу үшін менен не талап етіледі?
Жобаңызды бірге талқылайық
Жабдық таңдау, техникалық шешімдер және ұсыныстар бойынша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізді бақылаңыз
Жаңа жабдықтар, іске қосу және өндірістік процестер — ресми арналарымызда.
Ұқсас жабдықтар

Көкөністерді тазалап, кептіретін біртұтас желі AF-500T

Жеміс чипсыларын өндіру желісі AF-L001

Нан өнімдерін кесу жабдығы

Қамырды жұмалақтайтын жабдық AF-MR001
Қоймада барҚамыр жаю жабдығы AF-XM1

AFEX 250 л/сағ су тазалау сүзгісі

Шағын қамыр жаю жабдығы AF-WQ20
