# PRE-COOLING жүйесі бар балмұздақ фризері AF-B001
> Күн ысый бастағанда адамдардың салқындататын өнімдерге (балмұздақ, салқын сусындар) сұранысы күрт артады.
Каталог: Азық-түлік
SKU: 60dc5e0b0bd70c0b1f326fc8
Жаңартылды: 2026-07-15

Күн ысый бастағанда адамдардың салқындататын өнімдерге (балмұздақ, салқын сусындар) сұранысы күрт артады. Осы тұрғыда жас кәсіпкерлеріміз үшін тамаша бизнес түрлерінің бірі – жұмсақ балмұздақ бизнесі. Бұл бизнес маусымдық болғанына қарамастан, өте табысты бизнес болып саналады. Бұл бизнеспен Сіз жылына 7-8 ай еркін жұмыс істей аласыз. Балмұздақ бизнесінің ең рентабельді бизнестер қатарына жататынын ешкім жоққа шығармайды және бұл көрсеткіш салған қаражатыңыздың 300%-ға дейін қайтарылуын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, тәуекеліңіз өте аз болады. Кез келген бизнесті бастау ең алдымен тәуекелге негізделеді; осыны ескерсек, бұл бизнестің артықшылығы – тәуекелге салатын сомаңыздың аздығында және оны меңгере алмаған жағдайда да жабдықты басқа біреуге тез сата алатыныңызда. Жас және бизнеске енді кіріп жатқан кәсіпкерлер ең алдымен өз қаражатынан айырылып қалудан қорқады. Біздің AFEX-GROUP компаниясы Сізге 30-дан астам өндірушінің ішінен ең сапалы, біздің климаттық жағдайларымызға жан-жақты сәйкес келетін, жаздың ыстық күндерінде ашық ауада еркін жұмыс істей алатын, импорттық компрессоры бар фризерді таңдады. Біздің балмұздақ фризеріміз басқа жабдықтардан немен ерекшеленеді?

## Сипаттама

- 220 В 50 Гц кернеуде жұмыс істейді. (Бұл Сізге кез келген жерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді және электр шығындарыңызды үнемдейді)
- Full stainless steel body, яғни толығымен тот баспайтын металдан жасалған, Сізге ұзақ қызмет етуді қамтамасыз етеді және бөлшектері коррозияға ұшырамайды.
- LCD панельді басқару жүйесі (барлық процесті экраннан бақылауға мүмкіндік береді)
- PRE-COOLING жүйесі арнайы тапсырыс бойынша орнатылған. Бұл жүйе біздің климаттық жағдайымызда өте қажет, яғни бұл жүйе арқылы Сіз сүт қоспасы сақталатын бөлікті де салқындата аласыз. Бұл өз кезегінде аптап ыстық күндері бөліктегі қоспаның бұзылу қаупін жояды. Кейде балмұздақтан біреу уланыпты деген әңгімелер құлаққа шалынады, ал Сізде мұндай жағымсыз жағдайлар болмайды.
- Easy Move, яғни арнайы дөңгелектердің көмегімен Сіз жабдықты басқалардың көмегінсіз, жалғыз өзіңіз бір орыннан екінші орынға ауыстыра аласыз.
- Italian ultra silent compressor – бұл компрессор балмұздағыңыздың тез дайын болуына және қуатты салқындату жүйесіне жауап береді. Сондай-ақ бұл компрессор экологияға теріс әсері ең аз деп саналатын R404A фреонымен жұмыс істейді. Компрессор жұмыс істегенде оның шуы айналаға дерлік естілмейді.
- Уақыт өте келе кейбір тұтынушылар жабдықтың резеңке тығыздағыштарына шағымданады. Біз Сіздердің бұл талабыңызды ескеріп, оған қосалқы тығыздағыштарды тегін ұсынамыз.
- Балмұздақ құюға арналған арнайы тұтқалар әдеттегі пластиктің орнына SS304 тот баспайтын металдан жасалған. Бұл ыстық күндері олардың түсінің сарғаюы, морт болып қалуы сияқты жағымсыз салдарлардан ада.
- Ағылшын тіліндегі пайдалану нұсқаулығы сатып алушыға өз бетінше жеңіл жөндеулер жүргізуде жақын көмекші бола алады.

Тегтер: Балмұздақ, қытай, қытайдан, өндіріс, Фрезер

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/pre-cooling-juiesi-bar-balmuzdaq-frizeri-af-b001/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/oborudovaniye-frazer-dlya-morozhenogo-s-sistemoy-predvaritelnogo-okhlazhdeniya-af-b001.md) · [en](https://afex.uz/en/product/ice-cream-frazer-equipment-with-pre-cooling-system-af-b001.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/frizeri-yakhmos-bo-sistemai-pre-cooling-af-b001.md) · [uz](https://afex.uz/product/muzqaymoq-frezer-uskunasi-pre-cooling-tizimi-bilan-af-b001.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/dai-yu-leng-xitong-de-ruan-bingqilin-ji-af-b001.md)
