# Мұздатылған тұшпара өндіру желісі AF-L017
> Тұшпара (пельмени) — халық сүйіп тұтынатын өнімдердің бірі.
Каталог: Азық-түлік
SKU: 60b1e9ae0bd70c322e491e48
Жаңартылды: 2026-07-15

Тұшпара (пельмени) — халық сүйіп тұтынатын өнімдердің бірі. Әр үйде дайындалатын тұшпара отбасының барлық мүшелеріне бірдей ұнайды. Заман дамыған сайын Өзбекстанда урбанизация деңгейі жоғары қарқынмен өсіп келеді. Қалада тұратын отбасылардың басым бөлігін уақыт тапшылығы қинайды. Өздеріңізге белгілі, тұшпара дайындау үй шаруасындағы әйелдер үшін қарапайым тағам емес және оны дайындау басқа тағамдарға қарағанда көбірек уақыт талап етеді. Сондықтан соңғы жылдары Өзбекстанда пісіруге дайын тағамдардың саудасы айтарлықтай өсті. Жоғарыдағы сұранысқа сүйене отырып, бүгін AFEX-GROUP LLC компаниясы Сіздерге мұздатылған тұшпара өндіру желісін ұсынуды жөн көрді. Әрине, Сіздерге ұсынылатын жабдықтарымызды таңдауда бізге келіп түсетін өтініштерді ескере отырып ұсынамыз.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуат шығыны:** 3 кВт/сағ
- **Кернеу:** 220 В 50 Гц
- **Жылдамдықты басқару:** 2 сатылы
- **Өлшемі:** 910x570x1090 мм
- **Ұн сыйымдылығы:** 25 кг
- **Қамыр сыйымдылығы:** 35 кг

## Сипаттамалар

### Қамыр илеу жабдығы 60 л

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Жылдамдықты басқару | 2 сатылы |
| Қуат шығыны | 3 кВт/сағ |
| Сыйымдылығы | 60 л |
| Қазан материалы | SS308 тот баспайтын металл |
| Қамыр илеу жылдамдығы | 12 минут |
| Ұн сыйымдылығы | 25 кг |
| Қамыр сыйымдылығы | 35 кг |
| Өлшемі | 910x570x1090 мм |
| Салмағы | 180 кг |

### Ет тартқыш жабдық

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат шығыны | 1,5 кВт/сағ |
| Жылдамдығы | 1400 айн/мин |
| Өлшемі | 554x382x740 мм |
| Салмағы | 45 кг |
| Тарту көлемі | 2000 кг/сағ |

### Қиймаға арналған миксер жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат шығыны | 1,5 кВт/сағ |
| Жылдамдығы | 750 айн/мин |
| Өлшемі | 870x520x830 мм |
| Салмағы | 130 кг |
| Көлемі | 60 л |

### Тұшпара қалыптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 220 В/380 В 50 Гц |
| Қуат шығыны | 1,5 кВт/сағ |
| Жылдамдығы | 4800-6000 дана/сағ |
| Жабдық өлшемі | 1100x530x1000 мм |
| Салмағы | 190 кг |
| Көлемі | 60 л |
| Қалыптар саны | 2 түрлі |

### Шоктық мұздату жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген ел | Қытай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат шығыны | 1,8 кВт/сағ |
| Температура | -35; -40 °C |
| Жабдық өлшемі | 840x850x1660 мм |
| Салмағы | 150 кг |
| Табалар саны | 10 дана |
| Фреон түрі | R404a |
| Қолданылу саласы | Жемістер, көкөністер, балық, ет өнімдері, тұшпара, манты және басқа да осы тектес өнімдер |

### Азот газымен қаптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат шығыны | 1,4 кВт/сағ |
| Дәнекерлеу жылдамдығы | 0-12 м/мин |
| Өлшемі | 1020x480x1065 мм |
| Салмағы | 84 кг |
| Үлбірдің ең үлкен қалыңдығы | 0.08 мм |
| Газ түрі | Азот |
| Қолданылу саласы | Ауаны сорып алып, азот газымен толтырады және қаптайды. Азық-түлік өнімдерінің ұзақ уақыт сапалы сақталуына мүмкіндік береді |

## Сипаттама

Тұшпара дайындау үшін жұмысты алдымен жақсылап електен өткізілген ұннан қамыр дайындаудан бастаған жөн. Біз Сіздерге жоғары интеллектуалды басқару жүйесі бар, PLC басқарылатын қамыр илеу жабдықтарын кең ассортиментте ұсына аламыз. Бұл болашақта өніміңіздің сапалы шығуына, қамырдың сапалы иленуіне алып келеді.

Тұшпараның ішін сатып алушының талабына қарай асқабақтан, райханнан және еттен дайындауға болады. Бұл үшін Сізге ет тартқыш қажет болады. Біз ұсынатын ет тартқыш көмегімен Сіз етті турап немесе тартылған күйде шығара аласыз .

ҚИЙМАҒА АРНАЛҒАН МИКСЕР ЖАБДЫҒЫ

Қиймаға қажетті дәмдеуіштер мен басқа да қоспалар жақсылап араластырылуы тиіс. Бұл процесті толығымен тот баспайтын металдан жасалған төмендегі жабдық көмегімен орындаймыз.

ТҰШПАРА ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҒЫ

Дайын қамыр мен жақсылап араластырылып дайындалған қиыманы қалыптау жабдығына саламыз. Сатып алушы тұшпараның пішіні мен өлшемін тапсырыс беру кезінде таңдайды. Бір тұшпараның орташа салмағы 8-10 г құрайды. Егер сатып алушылар Ресейде өндірілген қалыптау жабдығын сатып алғысы келсе, біз Ресейде өндірілген жабдықтарды да әкелу мүмкіндігіне иеміз.

ШОКТЫҚ МҰЗДАТУ ЖАБДЫҒЫ

Бұл жабдық көпшілікке бейтаныс болуы мүмкін, бірақ ол өніміңіздің сапасын анықтайтын негізгі жабдықтардың бірі болып саналады. Жабдықтың міндеті — Сіз оған салған тұшпараларды қысқа уақытта -40 °C-қа дейін мұздату. Жылдам мұздатылған күйде өнім өз пішінін және ішіндегі пайдалы микроэлементтерді жоғалтпайды.

АЗОТ ГАЗЫМЕН ҚАПТАУ ЖАБДЫҒЫ

Өніміңізді шоктық мұздатқыштан алғаннан кейін оны қаптау қажет болады. Кейбір өндірушілер алдымен қаптап, кейін мұздату керек деп есептейді. Алайда есте сақтау керек: мұздатпай қапталса, оның пішіні деформацияға ұшырайды және бұл сатып алушыларыңыздың сенімін жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Тегтер: азық-түлік, қытай, қытайдан, өндіріс, тұшпара

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/muzdatylgan-tushpara-ondiru-jelisi-af-l017/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-zamorozhennykh-pelmeney-af-l017.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/su-dong-jiaozi-shengchan-xian-af-l017.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-tushberai-yakhkardashuda-af-l017.md) · [en](https://afex.uz/en/product/frozen-dumpling-production-line-af-l017.md) · [uz](https://afex.uz/product/muzlatilgan-chuchvara-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l017.md)
