# Моноблокты су құю жабдығы AF-8-8-3
> 3 функцияны бір корпуста біріктірген су құю жабдығы: барлық процестер адамның қатысуынсыз, әйнекпен қорғалған жабдық ішінде жүреді.
Каталог: Қаптау
SKU: 60a3adcf0bd70c78c337f5a4
Жаңартылды: 2026-07-15

3 функцияны бір корпуста біріктірген су құю жабдығы: барлық процестер адамның қатысуынсыз, әйнекпен қорғалған жабдық ішінде жүреді. Жабдығымыз жоғары сапалы SUS304 тот баспайтын металынан жасалған, желі көмегімен 500 мл-ден 1,5 л-ге дейін су құюға болады. Жабдықта PET ыдыстар су құюдан бұрын мұқият жуылады, ол үшін 8 жуу арнасы бар, ал тағы 8 су құю арнасы арқылы PET ыдыстар сумен толтырылады. Сумен толтырылған PET ыдыстарды 3 арна арқылы жауып береді. Оған жуу, толтыру және қақпақ жабу — бір корпустағы үш бөлік кіреді. Толтыру машинасы негізінен минералды су, таза су, газсыз шарап және сусындар сияқты газсыз сусындар үшін қолданылады, жылдамдығы сағатына 2000 дана. Машинаның құрылымы сусынның сыртқы ортамен жанасу уақытын қысқартады, санитариялық жағдайды жақсартады және қауіпсіздігіне кепілдік береді.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Жұмыс қуаты:** 3,5 кВт/сағ
- **Модель:** AF-8-8-3
- **Өлшемі:** 1750\*1450\*2350 мм
- **Өнімділігі:** 2000 дана
- **Салмағы:** 2500 кг
- **Өндіруші ел:** Қытай, Шанхай

## Сипаттамалар

| | |
|---|---|
| Модель | AF-8-8-3 |
| Өндіруші ел | Қытай, Шанхай |
| Өнімділігі | 2000 дана (500 мл) |
| Материалы | Тот баспайтын металл |
| Жұмыс қуаты | 3,5 кВт/сағ |
| Өлшемі | 1750*1450*2350 мм |
| Салмағы | 2500 кг |

Тегтер: газдалған су, жабдықтар, қаптау, Су

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/monoblokty-su-quyu-jabdygy-af-8-8-3/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/monoblock-water-injection-equipment-af-8-8-3.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/sanheyi-yinyong-shui-guan-zhuang-ji-af-8-8-3.md) · [uz](https://afex.uz/product/monoblok-suv-quyish-uskunasi-af-8-8-3.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/monoblochnoye-vodonagnetatelnoye-oborudovaniye-af-8-8-3.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-monoblokii-purkunii-ob-af-8-8-3.md)
