# Металл құбырлар мен профильдер өндіру желісі
> "AFEX GROUP'' тұтынушылары үшін табысты бизнестер мен технологиялар туралы толық ақпаратты жариялауды жалғастырамыз!
Каталог: Металл өңдеу
SKU: 617cdf3d23e41048795a1eea
Жаңартылды: 2026-07-15

"AFEX GROUP'' тұтынушылары үшін табысты бизнестер мен технологиялар туралы толық ақпаратты жариялауды жалғастырамыз! Сіз де бізді бақылауды жалғастырыңыз! Қалыптанған құбырлар мен профильдер бүгінде көптеген салаларда – автомобиль жасауда, құрылыста, металлургияда, газ құбырларында, жылыжайларда, үстел-орындықтарда, есіктерде, жеңіл конструкцияларда және басқа салаларда кеңінен қолданылып келе жатқан өнімдердің бірі. Қалыптанған құбырларды өндіру бизнесі бүгінде өте перспективалы бизнес бағытына айналды. Әрине, өнімнің сатып алушылары тек ірі кәсіпорындар ғана емес, темір базарлары мен жеке тұлғалар да көтерме сатып алушылар болып табылады. Әр өңірде мұндай өнімдерді шығаратын зауыттар немесе цехтар бола бермейтіндіктен, неге әлі де бос орынды пайдаланып, өз өндіріс кәсіпорныңызды іске қоспайсыз?

## Негізгі көрсеткіштер

- **Шикізаттың сыртқы диаметрі:** F1600мм
- **Шикізаттың ішкі диаметрі:** F350-F50мм
- **Орталық диаметрі:** 1000 мм
- **Қозғалтқыш қуаты:** 5.5 кВт
- **Металл таспа ені:** 240мм
- **Жүк көтергіштігі:** 2 тонна

## Сипаттамалар

### Металл таспаны тарқату жабдығы

| | |
|---|---|
| Беру мүмкіндігі | Екі жақты |
| Металл таспа ені | Макс. 240мм |
| Шикізаттың сыртқы диаметрі | F1600мм |
| Шикізаттың ішкі диаметрі | F350-F50мм |
| Орталық диаметрі | 1000 мм |
| Жүк көтергіштігі | Макс. 2 тонна |

### Металл таспаны кесу жабдығы

| | |
|---|---|
| Жұмыс режимі | Механикалық кесу |
| Металл таспа қалыңдығы | Макс. 3.0мм |
| Кесу ені | <240мм |

### Тік жинақтағыш құрылғы

| | |
|---|---|
| Металл таспа қалыңдығы | Макс. 3.0мм |
| Металл таспа ені | Макс. 200мм |
| Таспа жинақтау орны | Макс. 200-300мм |
| Беру жылдамдығы | Максимум 160м/мин |
| Қозғалтқыш қуаты | 5.5 кВт |

### Қалыптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Қалыптау жабдығының құрамдас бөліктері | Қалыптаушы бөлік: материалдарды беру – тегістеу – беру – 1 көлденең ролик – 1 тік ролик – 2H-2V-3H-3V-4H-4V-5V-5H-6V-6H-7V |
| Жабдықтың жетегі | 160 кВт қозғалтқыштар редуктор арқылы беріліс қорабына қуат жеткізеді |
| Көлденең қалыптау | Көлденең роликтің диаметрі F60мм |
| Тік қалыптау | Тік роликтің диаметрі F 40мм |

## Сипаттама

Бұл бизнесті бастау үшін жабдықтарды "AFEX GROUP'' компаниясынан сатып ала аласыз. "AFEX GROUP'' тұтынушыларына кепілдігі бар жабдықтарды жеткізуде, монтаждауда және білікті технологтардың көмегімен өнімдеріңізді сапалы өндіруде жан-жақты көмек көрсетеді. Біз ұсынып отырған технологиялардың көмегімен келесі өнім түрлерін өндіре аласыз.

### Қажетті шикізат;

Ені 60-240 мм-ге дейінгі және қалыңдығы 0.5-3 мм-ге дейінгі металл таспа орамдары.

### Қажетті алаң;

Өнім өндіру үшін желінің барлық жабдықтарын 320 (40x8 метр) шаршы метр алаңға орналастыруға болады. Бұдан басқа шикізатты сақтайтын орын және жүк көліктерінің кіріп-шығатын жолдары болуы керек. Ғимараттың төбе биіктігі кемінде 6 метрден жоғары болуы керек. Ғимараттың жоғарғы бөлігінде көтеру құрылғысы (тал) болуы талап етіледі.

### Қажетті қамтамасыз ету;

Өнеркәсіптік нысан инфрақұрылымының элементтері электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етілуі керек. •Желінің электр қуаты -400 кВт/380 В, 50/60 Гц. •Қажетті трансформатор – 500 кВт/380 В, 50/60 Гц-тен жоғары.

### Өндіріс кезеңдері;

Металл құбырлар өндіру желісі. Алдымен белгіленген өлшемдегі таспа орамдары құрылғыға тиеледі. Металл орам таспаларды шеңбер пішініне келтіріп, арнайы жоғары жиілікті электр кедергісімен дәнекерлейді. Содан кейін тегістеледі және сумен салқындатылады. Дайын болған құбырлар дайын өнім ретінде алынады немесе төртбұрышты пішін беру үшін келесі жабдыққа автоматты түрде жіберіледі. Процесс автоматты түрде үздіксіз жалғасады. Содан кейін белгіленген өлшемдерде кесу жабдығында кесіледі. Дайындалған өнімдер арнайы конвейердің көмегімен белгіленген орынға жеткізіледі. Желі құрамындағы барлық жабдықтар басқару панелінің көмегімен басқарылады. Бұл желі үшін көрсетілген жалпы сома тек бір өлшемдегі өнім өндіруге берілген. Басқа өлшемдер үшін жеке желі сатып алу жұмыс өнімділігін арттырады. Егер Сіз бір желіні пайдаланып, басқа өлшемдерде кең ассортиментте өндіргіңіз келсе, төмендегі өлшемдердегі қалыптаушы роликтердің бағаларымен танысыңыз!

### Желі құрамындағы жабдықтар мен құрылғылар.

• Металл таспаны тарқату жабдығы •Металл таспаны кесу жабдығы •Тік жинақтағыш құрылғы •Қалыптау жабдығы •Дәнекерлеу •Тегістеу құрылғысы. •Салқындату •Қалыптау •Өлшем бойынша кесу жабдығы •Арнайы конвейер Металл таспаны тарқату жабдығы өндіріс желісін шикізатпен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Жабдық консольді типті, пневматикалық түрде кеңейіп, жиырыла алады. Пневматикалық тежегіш арқылы орамды керулі ұстап тұрады. Өндіріс желісінің үздіксіз жұмысы үшін жабдық алдыңғы металл таспа орамының соңын және келесі орамның басын кесіп, дәнекерлеуге дайындау үшін қолданылады. Қалыптау машинасына тұрақты түрде жеткізу үшін металл таспаларды жинақтау және беру міндетін атқарады. Бұл құрылғы шикізаттың қалыптау жабдығына еркін әрі оңай тартылуын қамтамасыз етеді.

### Қалыптау жабдығы

Қалыптау жабдығы алдымен таспаларды тегістейді, содан кейін роликтердің көмегімен шеңбер пішінін береді. Дәнекерлеу бөлігі: тігіс бағытының бір қалыпты болуын қамтамасыз ету. Экструзия – нақты өлшемге келтіру. Дәнекерлеу – арнайы жоғары жиілікті электр кедергісімен дәнекерленеді. Дәнекерлеу тігістерін тазалау, яғни жылтырату. Өнімді сумен салқындату кезеңдерін қамтиды. Қалыптау жабдығы – жабдықтардың көмегімен дайындалған шеңбер пішінді құбырларды тікбұрышты немесе шаршы пішінге келтіреді.

### Өлшем бойынша кесу жабдығы

Өлшем бойынша кесу жабдығы – бұл жабдық өнімдерді белгіленген өлшемдерде автоматты түрде кеседі.

### Арнайы конвейер

Өлшем бойынша кесу жабдығынан кейін өнімдер осы арнайы конвейердің көмегімен белгіленген орынға жеткізіледі.

### Желінің жұмыс процесінен бейнеүзінді

## Бейне

- https://youtu.be/J8mE4VPdBJ8

Тегтер: afexuz, жабдықтар, құбырлар, Құбырлар, қытай, қытайдан, металл, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/metall-qubyrlar-men-profilder-ondiru-jelisi/
kk · [uz](https://afex.uz/product/metall-quvur-va-profillar-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [en](https://afex.uz/en/product/metal-pipe-and-profile-production-line.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-metallicheskikh-trub-i-profiley.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-quburho-va-profilhoi-metalli.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/jinshu-han-guanji-xing-cai-shengchan-xian.md)
