# Металл губка өндіру жабдығы AF-B006
> Металл губкалар – үй шаруасындағы әйелдердің тұрмыстық жұмыстарында қажет болатын негізгі құралдардың бірі.
Каталог: Металл өңдеу
SKU: 60a352f60bd70c035030a617
Жаңартылды: 2026-07-15

Металл губкалар – үй шаруасындағы әйелдердің тұрмыстық жұмыстарында қажет болатын негізгі құралдардың бірі. Өйткені жөкелі губкалар кетіре алмаған ыдыстардағы кірді тазалауда металл губкалар көмекке келеді және ыдыстарды таза жууда мұндай губкалардың қызметі теңдесі жоқ. Металл губкалардың көмегімен қазандардағы, шәйнектердегі, табалардағы, металл кастрөлдердегі, газ плиталарындағы, электр плиталарындағы, раковиналардағы, грильдердегі, стейк пісіретін құрылғылардағы, шампурлардағы және металдан жасалған басқа да осындай ыдыстардағы кетуі қиын кірді оңай кетіруге болады. Заманымыздың ең пайдалы өнертабыстарының бірі болып саналатын мұндай губкалар металдан жасалған және өте берік. Бұл жоғарыда айтқанымыздай, тазалауы қиын ыдыстарды жарқыратып тазалауда бізге көп көмектеседі.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуаты:** 1,5кВт/сағ
- **Модель:** AF-130C
- **Кернеу:** 380/220В50/60Гц
- **Цилиндрлер диаметрі:** 130мм
- **Жабдық өлшемі:** 1700x900x1500мм
- **Цилиндрлер саны:** 2дана

## Сипаттамалар

### Металл губка өндіру жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-130C |
| Кернеу | 380/220В50/60Гц |
| Қуаты | 1,5кВт/сағ |
| Цилиндрлер саны | 2дана |
| Цилиндрлер диаметрі | 130мм |
| Өндіріс көлемі | 8 кг/сағ |
| Жабдық өлшемі | 1700x900x1500мм |
| Салмағы | 450кг |

## Сипаттама

"AFEX-GROUP" ұжымы Сізге дәл осындай металл губкаларды өндіру жабдығын ұсынады. Металл губка өндіру бизнесін жолға қойып, Сіз жақсы табыс таба аласыз.

Жабдықты орналастыру үшін Сізге кемінде 3x3 м өлшемдегі, 380 В электр кернеуі бар бөлме жеткілікті.

- Өнім үшін шикізат ретінде SS 410 сымы қолданылады, біз Сізге осы сымды табуға көмектесеміз
- Жабдықтың негізгі бөліктеріне 1 жыл кепілдік беріледі.
- Сіз жабдықты күніне 20 сағатқа дейін, 10 жыл бойы еркін пайдалана аласыз.
- Жабдық шикізатты өнімге айналдыру кезінде ең аз мөлшерде (іс жүзінде мүлдем жоқ) қалдық шығарады. Бұл Сізге көбірек өнім өндіруге мүмкіндік береді.
- Жабдыққа автоматты санау және электронды таразы орнатылған, бұл Сізге аса жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.

Ендеше, барлығымыз үшін ең қызықты бөлікке көшейік, яғни осы бизнесті жолға қойып, қанша табыс табуға болатынын шамамен есептеп көрейік.

Өнімге қолданылатын шикізат – SS 410 сымының бір килосы шамамен 20 мың сум тұрады (баға өзгеруі мүмкін). Егер Сіздің металл губкаңыз 10 грамм болса, бір килограмм шикізаттан шамамен 100 дана металл губка өндіресіз. Жабдық сағатына 8 кг-ға дейін өнім өндіру қуатына ие. Демек, Сіз сағатына 800 дана металл губка өндіре аласыз. Егер жабдықты 8 сағат бойы пайдалансаңыз, бір күнде 6400 данаға дейін металл губка өндіре аласыз.

Демек, 8 сағат ішінде Сіз 64 кг шикізат жұмсайсыз.

Жабдық 1 сағатта 1,5 киловатт электр энергиясын жұмсайды. Ғимаратты жарықтандыруға және басқа мақсаттарға сағатына 2 киловатт электр энергиясы жұмсалған жағдайда, 10 сағат ішінде 20 киловатт электр энергиясы жұмсалады.

Қазіргі уақытта дүкендерден мұндай металл губкалардың бір данасын 500-ден 1000 сумға дейін сатып алуға болады. Егер Сіз өз өніміңізді дүкендерге көтерме бағамен, яғни 300 сумнан (бұл бағадан қымбат та болуы мүмкін) сатсаңыз, бір күнде шамамен 400 000 сум таза пайда таба аласыз.

Ол үшін Сізге тек кәсіпкерлік қабілетіңізді іске қосып, өндірген өнімдеріңізді сату жеткілікті.

Тегтер: қытай, қытайдан, металл ысқыш, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/metall-gubka-ondiru-jabdygy-af-b006/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/metal-sponge-production-equipment-af-b006.md) · [uz](https://afex.uz/product/metall-gubka-ishlab-chiqarish-uskunasi-af-b006.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/gangsi-qiu-ji-af-b006.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-istehsoli-isfanji-metalli-af-b006.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/oborudovaniye-dlya-proizvodstva-metallicheskoy-gubki-af-b006.md)
