# Металды өрнектеп өңдеу жабдықтары AF-L025
> Металды түрлі өрнекті әшекейлермен өңдеу өнері бірнеше ғасырлардан бері дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады.
Каталог: Металл өңдеу
SKU: 617ce03a23e41002114665a2
Жаңартылды: 2026-07-15

Металды түрлі өрнекті әшекейлермен өңдеу өнері бірнеше ғасырлардан бері дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады. Айта кету керек, біздің AFEX-GROUP компаниясы ұсынып отырған жабдықтардың көмегімен жұмысыңызды жеңілдетіп, тұтынушыларыңызға қайталанбас өнімдер жасап бересіз деп сенеміз. Металды өрнектеп өңдеу негізінен қоршауларда, қақпаларда және аулаға қажетті басқа да көптеген бұйымдарда қолданылады. Айта кету керек, біз Сіздерге ең көп пайдаланылатын негізгі жабдықтарды ұсынуға тырыстық, тапсырысыңыз бойынша басқа түрдегі жабдықтарды да әкеле аламыз.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қозғалтқыш қуаты:** 5,5 кВт
- **Құбыр диаметрінің өлшемі:** 60 мм
- **Кернеу:** 380 В
- **Өлшемі:** 1980x710x1500 мм
- **Қуат тұтыну:** 5-20 кВт
- **Ұсынылатын профиль:** 60x60 мм

## Сипаттамалар

### Профиль мен тегіс бетті металға өрнек басу жабдығы (AX-M1)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В |
| Қозғалтқыш қуаты | 5,5 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | 380 метр/сағ |
| Ұсынылатын профиль | 60x60 мм |
| Құбыр диаметрінің өлшемі | 60 мм |
| Салмағы | 1050 кг |
| Өлшемі | 1980x710x1500 мм |

### Металды индукциялық қыздыруға арналған пеш (AX-M2)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 5-20 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | Бір өнімге 5-7 секунд |
| Ұсынылатын пруток | 35 мм-ге дейін |
| Дөңгелек пруток | <Ф16 мм |
| Жалпақ темір | <10x50 мм |
| Салмағы | 230 кг |
| Өлшемі | 1250x620x1100 мм |

### Металды индукциялық қыздыруға арналған пеш (AX-M2)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 5-20 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | Бір өнімге 5-7 секунд |
| Ұсынылатын пруток | 35 мм-ге дейін |
| Дөңгелек пруток | <Ф16 мм |
| Жалпақ темір | <10x50 мм |
| Салмағы | 230 кг |
| Өлшемі | 1250x620x1100 мм |

### Металды сәндік иілу жабдығы (AX-M5)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 2,2 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | Бір өнімге 5-9 секунд |
| Ұсынылатын пруток | 35 мм-ге дейін |
| Дөңгелек пруток | <Ф16 мм |
| Жалпақ темір | <8x50 мм |
| Салмағы | 550 кг |
| Өлшемі | 1000x700x1200 мм |

### Қыздырылған металдың бас бөлігіне престеп із түсіру жабдығы (AX-M6)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 2,2 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | Бір өнімге 5-7 секунд |
| Ұсынылатын пруток | 35 мм-ге дейін |
| Дөңгелек пруток | <Ф16 мм |
| Жалпақ темір | <8x50 мм |
| Салмағы | 380 кг |
| Өлшемі | 1250x620x1100 мм |

### Профиль мен металл құбырларды аркалы иетін жабдық (AX-M7)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 1,1 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | Бір өнімге 10-18 секунд |
| Ұсынылатын пруток | 15 мм-ден 70 мм-ге дейін |
| Дөңгелек пруток | <76 мм |
| Салмағы | 400 кг |
| Өлшемі | 1000x700x1200 мм |

### ПРЕСТЕП ШТАМПТАУ АРҚЫЛЫ СӘНДІК ӘШЕКЕЙЛІ ӨНІМДЕР ШЫҒАРУ ЖАБДЫҒЫ (AX-M8)

| | |
|---|---|
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 3 кВт |
| Жұмыс жылдамдығы | 3-5 секундта бір өнім |
| Престеу күші | 25 т |
| Табақ қалыңдығы | <2 мм-ге дейін |
| Салмағы | 950 кг |
| Өлшемі | 1100*750*2050 мм |

## Сипаттама

Бұл жабдықтың көмегімен жасалған өрнектер құйылған өрнектер сияқты көрінеді, яғни бөлшектен бедерленіп шығып тұруымен адамды өзіне тартады.

Өнімнің сыртқы түрін өзгерту үшін ондағы роликті қалыпты ауыстыруыңыз қажет. Компаниямыз Сізге жабдықпен бірге 15 түрлі қалыпты тегін қосып береді. Бұл жабдықтың көмегімен Сіз көптеген өнімдерді әсем түрде жасай аласыз. Әсіресе сәнді қақпалар жасағанда осы жабдықта жасалған жұмыстар айтарлықтай пайда әкеледі.

Бұл жабдық біршама ыңғайлы жасалған және өзінің алдыңғы буындарынан жылдамдығымен, табиғи газдың орнына электр тогын пайдалануымен ерекшеленеді. Металды қыздырып пішін беру үшін тағы қосымша жабдық қажет болады, бірақ ең бастысы, Сіз бұл жабдықпен жоғары сапалы өнімді өте жылдам шығара аласыз. Жұмыс барысында қыздыру температурасын бақылай аласыз. Жабдықты педаль арқылы басқаруға болады.

### МЕТАЛДЫ ИІП ДӨҢГЕЛЕКТЕП ӨҢДЕУ ЖАБДЫҒЫ (AX-M4)

Бұл жабдығымыз Сізге негізінен сәндік өнімдер жасауда қажет болады. Онда жасалған әшекейлерді негізінен баспалдақтарға және кейбір бөліктерді қоршауға пайдаланылатын торларда қолданғаныңыз жөн және бұл көбінесе Сіздің қиялыңызға байланысты. Жабдыққа 4 түрлі өнімге арналған қалыптар беріледі. Бұл қалыптармен дөңгелек те, төртбұрышты пішінді өнімдерді де пайдалана отырып, әсем әшекейлер шығаруға болады.

Сәндік иілу жабдығы да негізгі жабдықтардың бірі болып саналады. Себебі көлденең гидравликалық иілу жабдығында жасалған өнімдердің ортаңғы бөліктеріне, яғни оларды өзара біріктіру үшін осы жабдықта жасалған өнімдер Сізге қажет болады. Сонымен қатар, осы жабдықтың өзінде шығарылған және иілу бұрыштары әртүрлі бөліктерді біріктіру арқылы да тамаша өрнекті әшекейлер жасай аласыз. Әртүрлі диаметрдегі иілулерді жасай алуыңыз үшін жабдыққа 4 түрлі қалып тегін қосып беріледі.

Қыздырылған металға қазіргі таңда ең танымал балық құйрығы пішініне ұқсас із түсіру үшін бұл жабдық Сізге қажет болады. Жабдық өзіне орнатылған берік редуктор көмегімен ортадан тепкіш күш арқылы бір-біріне қарай қозғалатын екі берік білік көмегімен із түсіреді. Жұмыс процесінің бейнесін көру арқылы Сіз көбірек ақпарат аласыз.

Қазіргі таңда түрлі күрделі әшекейлер үшін әртүрлі аркалы пішіндер қажет болуда. Аркалы пішіндерді жасау үшін біз Сізге төмендегі ықшам жабдықты ұсынамыз. Жұмыс әдісі жартылай автоматты болып табылатын бұл жабдыққа 9 түрлі қалып қосып беріледі. Бұл жабдықты құбырлар мен профильдер үшін пайдалануға болады.

Металдан түрлі гүлдер мен жапырақтар жасау үшін штамптау-престеу жабдығы қолданылады. Штамптап престеуде әр бөлшек үшін бөлек қалып жасалады. Қалыптардың бағасы олардың күрделілігіне қарай 400$-дан 1500$-ға дейін болуы мүмкін.

Біз Сіздерге жоғарыда ұсынған жабдықтардың көмегімен өз бизнесіңізді еркін бастай аласыз. Мүмкіндігінше Сіздерге жабдықтарды толық күйде ұсынуға тырыстық. Егер Сізге басқа қосымша өнімдерге арналған жабдықтар қажет болса, бізбен байланысуыңызға болады.

## Бейне

- https://youtu.be/Vs21AV1DDuc
- https://youtu.be/1i5Cz01Va5g
- https://youtu.be/N166sNyCI1c
- https://youtu.be/ylwfxbxzVpA

Тегтер: қытай, қытайдан, металл өңдеу, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/metaldy-ornektep-ondeu-jabdyqtary-af-l025/
kk · [uz](https://afex.uz/product/metallga-naqshinkor-ishlov-berish-uskunalari-af-l024.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/oborudovaniye-dlya-gravirovki-metalla-af-l025.md) · [en](https://afex.uz/en/product/metal-engraving-equipment-af-l025.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-korkardi-naqshini-metall-af-l025.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/tie-yi-jiagong-shebei-af-l025.md)
