# MDF есіктер өндіру желісі AF-L012
> Бұрын шебер қолды ұсталардың жұмыстарына таң қалатын едік, қазір шебер қолөнершілеріміз өз еңбегін жеңілдетумен қатар, оны сапалы ету үшін…
Каталог: Ағаш өңдеу
SKU: AF-L012
Жаңартылды: 2026-07-14

Бұрын шебер қолды ұсталардың жұмыстарына таң қалатын едік, қазір шебер қолөнершілеріміз өз еңбегін жеңілдетумен қатар, оны сапалы ету үшін заманауи технологияларға жүгінуде. Заманауи жабдықтар жұмысыңызды сапалы, қатесіз және өз уақытында орындауыңызға кепілдік береді. Бір қарағанда күрделі көрінетін бұл жабдықтарды басқару онша қиын емес. Жабдықтарымыз компьютерлендірілген басқару жүйесіне ие, біз Сізді бастапқы дағдылармен таныстырамыз. Ағаш есіктердің орнын күн сайын алюминий профильден жасалған және MDF есіктер басып келеді. Мұндай жағдайда осы бизнесті жолға қою арқылы Сіздің де жақсы табыс табу мүмкіндігіңіз бар. MDF панельдер дайын күйде сатылады, оларды қажетті өлшемде кесіп алып, клиентке ұнайтын өрнек түсіріледі, ыстық пресс көмегімен қабаттар бір-біріне бекітіледі, өнім лакталады және соңғы кезеңде құлып орнату үшін тесіктер жасалады. Өндіріс процесі бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, жақсы өнім шығару Сізден жақсы дизайнерлік қабілет пен ықыласты талап етеді. Біз ұсынатын жабдықтардың көмегімен Сіз күрделі емес жиһаз жасауды да жолға қоя аласыз.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуаты:** 5.5 кВт
- **Моделі:** AFX-MJ6132YII
- **Ара дискісінің диаметрі:** 305 мм
- **Габариттік өлшемі:** 3200x3150x900 мм
- **Үстел өлшемі:** 3200x375 мм
- **Жалпы тұтынатын қуаты:** 28,5 кВт·сағ

## Сипаттамалар

### Екі аралы кесу жабдығы

| | |
|---|---|
| Моделі | AFX-MJ6132YII |
| Габариттік өлшемі | 3200x3150x900 мм |
| Үстел өлшемі | 3200x375 мм |
| Ара жүзі мен тірек арасындағы кесу ені | 1250 мм |
| Кесу биіктігі | 80 мм (45° кезінде ең көбі 55 мм) |
| Ара дискісінің диаметрі | 305 мм |
| Ара дискісінің жылдамдығы | 4000/6000 айн/мин |
| Негізгі ара жүзінің жылдамдығы | 8000 айн/мин |
| Қуаты | 5.5 кВт |
| Салмағы | 850/950 кг |

### Өрнек ойып салатын Rover жабдығы

| | |
|---|---|
| Моделі | AF-1325CNC |
| Басқару панелі | Бөлек панель |
| Жұмыс аймағының өлшемі | 1300x2500x220 мм |
| Қозғалтқыш түрі | Шпиндель 3 кВт·сағ |
| Салқындату жүйесі | Сумен салқындату |
| Драйвер түрі | Leadshine 882 |
| Трансмиссия | X,Y,Z |
| Инвертор | 3,7 кВт |
| Өлшемі | 3150x2120x1950 |
| Салмағы | 1000 кг |
| Жұмыс бағдарламасы | Type#ARTcam/Ucancam |

### Ыстық беткейлі гидравликалық пресс (100 т)

| | |
|---|---|
| Моделі | HPM 214*6 |
| Пресс күші | 1000 кН/100 т |
| Қабаттар саны | 1 қабат |
| Ең жоғары температура | 120°C |
| Қыздыру жүйесі | Электрмен қыздыру (термомаймен) |
| Жалпы тұтынатын қуаты | 28,5 кВт·сағ |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Жұмыс үстелі (Mylar жабынды) | 2500x1300x42 мм |
| Өлшемі | 3600x1710x2080 мм |
| Салмағы | 7600 кг |

### Шаң мен жоңқа сорғыш құрылғы

| | |
|---|---|
| Моделі | M9020 |
| Сору қуаты | 3150 м3/сағ |
| Ауа ағынының жылдамдығы | 35-40 м/с |
| Қозғалтқыш жылдамдығы | 2900 айн/мин |
| Жалпы тұтынатын қуаты | 3 кВт·сағ |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Қап өлшемі | Ø470x2 |
| Салмағы | 70 кг |

### MDF есікке құлып орнын ою жабдығы

| | |
|---|---|
| Моделі | LD2400 |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Тесудің ең жоғары жылдамдығы | 2000 мм/мин |
| Басқару | Қолмен, жартылай автоматты |
| Жалпы тұтынатын қуаты | 550 Вт·сағ |
| Салмағы | 5 кг |

## Сипаттама

Алдымен біз жұмысты MDF панельді қажетті өлшемде кесуден бастаймыз. Біз жұмысты тапсырыс бойынша немесе сатып алушылардың талабына қарай орындаймыз және әр облыстағы сатып алушыларда өлшемдер әртүрлі болады. Ол үшін бізге екі аралы кесу жабдығы қажет болады. Екі аралы кесу жабдығы өнімнің шетін кетілтпей, бір тегістікте кеседі, бұл үшін алдыңғы шағын араның жылдамдығы жоғары болғандықтан, өнім сапалы шығады.

MDF панелімізді есікке қажетті өлшемде кесіп алғаннан кейін, оларды клиент талабына сай түрлі өрнектермен безендіруге тура келеді. Егер клиентіңіз әйнекті есіктерді қаласа, оларды да жасау мүмкіндігі бар. Rover жабдығымен жұмыс істейтін шебердің AutoCAD бағдарламасын пайдалану дағдысының болғаны жөн — бұл оған қойылатын негізгі талап.

MDF есікке негіз жасалады, содан кейін осы негіздің екі беті MDF-пен қапталады және негізбен түйіскен бөліктер жақсылап желімделгеннен кейін ыстық беткейлі гидравликалық престеу жабдығының көмегімен бекітіледі. Бұл процесте ешқандай шеге немесе басқа бекіту құралдары пайдаланылмайды, сондықтан өніміміз сапалы болып шығады.

Бұл көмекші жабдық өндіріс цехымызда артық қалдықтардың шықпауы үшін және жабдықтарымыздың қатесіз жұмыс істеуі үшін қажет. Жабдықтың жұмыс процесі біршама қарапайым жасалған, ол қалдықты арнайы қаптарға жинайды, жұмыс аяқталғаннан кейін оны тазалап, қайта орнатасыз.

Біз Сізге ұсынатын бұл жабдығымыз өте ыңғайлы, тіпті оны есік үйге орнатылғаннан кейін де пайдалануға болады. Тік және көлденең күйде де жұмыс істей береді. Пайдалану біршама қарапайым жасалған, шеберлердің пайдалану кезінде қателікке жол бермеу ықтималдығы жоғары.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін есіктерімізді бояу және лак көмегімен жақсылап бояп алу қажет болады. Бұл процесте Сізге ауа компрессоры қажет болады. Компрессорларды жергілікті нарықтан табу қиын болмағандықтан, оны желі құрамына енгізбедік.

## Бейне

- https://youtu.be/C-2gla6mteQ
- https://youtu.be/6buYDNViTzM

Тегтер: afex, Есіктер, қытай, қытайдан, МДФ, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/mdf-esikter-ondiru-jelisi-af-l012/
kk · [uz](https://afex.uz/product/mdf-eshiklar-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [en](https://afex.uz/en/product/mdf-door-production-line-af-l012.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-darhoi-mdf-af-l012.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-dverey-iz-mdf-af-l012.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/mdf-men-shengchan-xian-af-l012.md)
