# Макулатурадан дәретхана қағазын өндіру желісі 0.8-1 т/тәулік
> Дәретхана қағазын өндіру желісі — пайдалы әрі тұрақты бизнес.
Каталог: Қағазды қайта өңдеу
Жаңартылды: 2026-07-14

Дәретхана қағазын өндіру желісі — пайдалы әрі тұрақты бизнес. Артықшылықтары: Макулатурадан өндіру — арзан әрі қолжетімді шикізат. Өнімге тұрақты сұраныс — әрдайым сатылады. Автоматты жабдықтар — аз жұмыс күшімен тиімді өндіріс. Инвестицияның тез қайтарылуы. Экологиялық таза шешім — қалдықты пайдаға айналдырады. Ішкі және сыртқы нарыққа сай. Бұл жоба шағын кәсіпорын немесе өндірістік ұйымдар үшін тамаша нұсқа болып табылады және тұрақты табыс әкеледі.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуат тұтынуы:** 5.5 кВт-15 кВт
- **Өндірістік қуаты (8 сағатта):** 1,2 т
- **Дайын өнім диаметрі:** F50-1800 мм
- **Ішкі втулка диаметрі:** F30-55 мм
- **Шикізат орамының диаметрі:** Стандартты 1100 мм
- **Өлшемі:** 6200\*2600\*800 мм

## Сипаттамалар

### Үлкен орамнан шағын орамға орау жабдығы

| | |
|---|---|
| Қағаз ені (мм) | 1800 |
| Өндірістік қуаты (8 сағатта) | 1,2 т |
| Дайын өнім диаметрі | F50-1800 мм (ені мен диаметрі өзгереді) |
| Ішкі втулка диаметрі | F30-55 мм |
| Шикізат орамының диаметрі | Стандартты 1100 мм (басқа өлшемдер де болады) |
| Шикізат орамының ішкі втулкасы | 76 мм |
| Орау жылдамдығы | 150-280 м/мин |
| Баптау тәртібі | PLC компьютерлік басқару арқылы |
| Қабаттар саны | 3 қабатты |
| Жыртылу сызығын белгілеу | 2 пышақты, 150-300 мм |
| Пневматикалық жүйе | 3 клапанды компрессор |
| Қуат тұтынуы | 5.5 кВт-15 кВт, жылдамдыққа қарай өзгереді |
| Өлшемі | 6200*2600*800 мм |
| Салмағы | 5 тонна |

### Шағын орамды кесу жабдығы

| | |
|---|---|
| Кесу ұзындығы (мм) | Ауыспалы |
| Жұмыс қуаты (тонна/тәулік) | 1.5 |
| Кесу ұзындығы (мм) | 3750 |
| Диаметр (мм) | 1300*70*1800 |
| Салмағы (кг) | 560 |
| Втулкалы және втулкасыз | Екеуіне де арналған |
| Қуат тұтынуы (кВт) | 1.1 |

## Жинақтама

### Негізгі бөліктер

- Қағаз қалыптайтын цилиндр қалып
- Қағаз массасы салынатын үлкен ванна
- Ыстық кептіру барабаны
- Қағазды орамға жинайтын құрылғы
- Машинаның металл қаңқасы
- Жылдамдықты төмендететін берілістер

## Сипаттама

### Жалпы техникалық мәліметтер

- Шикізат: қалдық қағаз (бұрын пайдаланылған ескі қағаз)
- Өнім: гигиеналық (дәретхана) қағазы
- Қағаз салмағы: әр шаршы метрге 15–30 грамм
- Қағаз ені: 1800 мм
- Цилиндр қалып ені: 1100 мм
- Өндірістік қуаты: тәулігіне 0.8-ден 1 тоннаға дейін
- Жобалық жылдамдығы: 50 метр/мин
- Жұмыс жылдамдығы: 20–40 метр/мин
- Технология: электр қозғалтқышының жылдамдығы AC жиілігі арқылы басқарылады

### Дәретхана қағазын өндіру кезеңдері

- Макулатурадан қағаз дайындау: пайдаланылған қағаз (макулатура) сумен араластырылып, қағаз массасына айналдырылады. Содан кейін бұл масса арнайы жабдықта жұқа қағазға айналдырылып, кептіріледі және үлкен орамға оралады.
- Үлкен орамды шағын орамға айналдыру: арнайы жабдық шағын орамдарға айналдырады және олардың бетіне кесу сызықтары (перфорация) түсіріледі.
- Орамдарды кесу: шағын орамдар стандартты өлшемдерге кесіледі.
- Қаптау: дайын орамдар 4, 6 немесе 12 данадан пакетке салынып, қапталады.

### Қағаз массасын дайындау жабдықтары

### Қатты масса ұсақтағыш

Атқаратын қызметі: Қалдық қағазды ұсақтап араластырады және ішіндегі ірі қоқыстарды — тас, шеге, пластик, былғары қиқымдары сияқты заттарды бөліп алады. Бұл жабдықтың көмегімен қағаз дайындау үшін таза әрі біркелкі масса алынады. Су аз жұмсалады, бірақ қоспа қою болады. Жалпы қуаты: 11 кВт Көлемі: 1.5 м3 Саны: 1 жинақ

### Дірілді елек

Атқаратын қызметі: Қағаз массасындағы ірі қоқыстарды — тастарды, шегелерді, пластикті, былғары қиқымдарын және соған ұқсас қоспаларды електен өткізіп бөліп тастайды. Бұл жабдық қағаз массасын діріл арқылы електен өткізіп, тек жұмсақ және өңдеуге жарамды бөлігін өткізеді, ал қалған ірі қалдықтар шығарылып тасталады. Жалпы қуаты: 1.5 кВт Көлемі: 0.5 м3 Саны: 1 жинақ

### Дискілі ұсақтағыш (рафинер)

Атқаратын қызметі: Қағаз массасын одан әрі ұсақ күйге келтіру, талшықтарды жақсылап ажырату және қоспаны біркелкілікке жеткізу. Бұл жабдық алдын ала ұсақталған және тазартылған қағаз массасын қайтадан ұсақ бөліктерге ұсақтайды, сонда масса жұмсақ, тегіс әрі сапалы болады — бұл жақсы қағаз өндіру үшін маңызды. Жалпы қуаты: 7.5 кВт Саны: 1 жинақ

### Араластырғыш (агитатор)

Атқаратын қызметі: Қағаз массасын үнемі араластырып отырады, сонда масса тұнбаға түспейді және біркелкі күйде сақталады. Араластырғыш — қағаз массасын қозғалыста ұстап, оның тұнбауын және біркелкі араласқан күйде қалуын қамтамасыз етеді. Жалпы қуаты: 5.5 кВт Саны: 1 жинақ

### Ағартқыш

Атқаратын қызметі: Қағаз массасын бірнеше рет жуып, химиялық өңдеп, ақ түске келтіреді. Бұл жабдық қалдық қағаздан алынған қошқыл немесе сарғыш массаны жуу және ағарту арқылы сапалы, ашық ақ қағаз алуға дайындайды. Жалпы қуаты: 1.5 кВт Саны: 1 жинақ

### Массаны тасымалдайтын сорғы (масса сорғысы)

Атқаратын қызметі: Қағаз массасын бір жабдықтан екіншісіне беру және айналымда жүргізу (яғни барлық жүйелер арасында массаны тасымалдау). Бұл сорғылар қағаз массасын құбырлар арқылы қозғалтады және бүкіл өндіріс жүйесінде оның үздіксіз ағынын қамтамасыз етеді. 6 дюймдік сорғы – 7.5 кВт қуат – 1 дана 3 дюймдік сорғы – 3 кВт қуат – 3 дана

### Құмнан тазалағыш (десандер)

Атқаратын қызметі: Қағаз массасындағы жеңіл қоспалар мен құм бөлшектерін бөліп тастайды. Бұл жабдық масса ішінде қалған ұсақ құмды, топырақты және басқа жеңіл қалдықтарды айналдыру арқылы төмен түсіреді және массаны одан әрі тазартады. Көлемі: 400 л Саны: 2 дана

### Көлденең миксер

Атқаратын қызметі: пульпаны сумен толық араластыру, нәтижесінде өндірілген қағаздың қалыңдығының біркелкі болуын қамтамасыз ету. Қуаты: 3 кВт Саны: 2 дана

### Ортадан тепкіш електі жабдық (центрифуга)

Атқаратын қызметі: Жабдық жоғары жылдамдықпен айналып, қағаз массасындағы қалдықтарды (ластықтарды) арнайы тор арқылы бөліп тастайды. Ал таза қағаз массасы електен өтіп, келесі кезеңге жіберіледі. Жалпы қуаты: 5.5 кВт Көлемі: 0.35 м 2 Саны: 1 жинақ

### Диспергатор миксер (араластырғыш)

Атқаратын қызметі: Бұл — араластырғыш түріндегі жабдық, ол сұйықтық ішіндегі ұнтақты, пигментті немесе басқа заттарды ұсақ бөлшектерге бөліп, біркелкі таратады (диспергирлейді). Бұл процесс қоспаның сапасын жақсартады және оны тұрақты етеді. Жалпы қуаты: 0.75 кВт Саны: 1 жинақ

### Электр басқару қорабы

Саны: 2 жинақ Газбен жұмыс істейтін қазандық Атқаратын қызметі: ыстық бу өндіреді және бұл бу қағаз кептіргішке жіберіледі, осы арқылы қағазды кептіру процесі жүзеге асырылады. Саны: 1 дана

### Қағаз өндіру жабдығы

### Жабдық құрамы

1) Ылғал қағазды қалыптау бөлігі:

- Диаметрі 700 мм, ені 1100 мм тот баспайтын болаттан жасалған цилиндр пішінді қалып – 1 дана
- Диаметрі 200 мм, ені 1100 мм қысу білігі – 1 дана, каучукпен қапталған
- Каучуктың қаттылығы: 40 градус
- Қағаз талшығы қалқитын ваннаға бейімделген

2) Кептіру бөлігі:

- Диаметрі 1000 мм, ені 1100 мм ыстық кептіру барабаны – 1 дана
- Диаметрі 280 мм, ені 1100 мм басу білігі – 1 дана
- Ауа қысымымен қысу жүйесі, қағазды тазалайтын металл қырғыш
- Каучукпен қапталған, қаттылығы: 90 градус

3) Электр қозғалтқыштары:

- Кептіру барабаны үшін – қуаты 4 киловатт
- Қағазды орамға орау үшін – 0.75 киловаттық қозғалтқыш

4) Қозғалтқыш және басқару бөлігі:

- Жылдамдықты автоматты түрде реттейтін заманауи басқару жүйесі
- Әр бөлік жеке басқарылады

### Көмекші жабдықтар

- Қысымды су сорғысы: қағаз торы мен сүзгі матаны жуу үшін су қысымын арттырады
- Су бүріккіш құрылғы: мата мен торды тазалау үшін
- Вакуум сорғысы: ылғал қағаздан артық суды тартып алады
- Сору қорабы: вакуум сорғысымен бірге жұмыс істейді, қағаз өндіру процесінде ылғалды сорып алу үшін қолданылады.
- Кептіру бөлігіндегі бу жинайтын қақпақ: буды жинап шығарады
- 400 мм диаметрлі ауа шығаратын желдеткіш: кептіру кезінде буды шығарып жібереді
- Қағаз өндіру таспасы: ылғал қағазды жабдықта тасымалдау үшін
- Цилиндр қалыпқа арналған арнайы тор – 2 дана

### Дәретхана қағазын өндіру жабдықтары

Атқаратын қызметі: Үлкен орамдағы қағаз жабдыққа орналастырылады. Жабдық бұл қағазды 1–3 қабатты етіп, ұзын лента түрінде шағын орамдарға орайды. Сонымен қатар қағаз бетіне әшекей (embossing — бедерлі өрнек) де түсіріледі.

Бұл ара жоғарыдағы жабдық жасаған шағын орамдарды арнайы шағын көлемге бөлу үшін қызмет етеді. Егер Сіз дәретхана қағазын жасағыңыз келсе, ұзындығы 10-12 см етіп кесу керек, ал егер қағаз сүлгілер өндіргіңіз келсе, ұзынырақ етіп кесу қажет. Бұл жабдықты ішкі втулкасы бар және втулкасыз дәретхана қағаздары үшін де пайдалануға болады.

### Даналап қаптауға арналған арнайы үтіктеу жабдығы

Бұл жабдықтың көмегімен бізде әлі жасалмаған және адамдарға қажет болатын бір немесе екі дана дәретхана қағазын қаптауға болады. Ақыр соңында әр істе сұраныс ескерілуі тиіс. Даналап қапталған өнім тауға немесе басқа жерлерге саяхат кезінде пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл жабдық арқылы Сіз басқа өнімдерді (майлықтар, конверт тәрізді жабылатын басқа өнімдер) қаптауда да пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз.

### Жинақтап қаптау жабдығы

Соңғы кезең — әдеттегідей өнімді сатып алушыға ыңғайлы етіп жеткізу үшін блоктап қаптау жабдығы. Бұл ретте Сіз тұратын және өніміңізді сатуды жоспарлаған аймақтағы сатып алушылардың талаптарына қарай 2;4;6;8 данаға дейін қаптауға болады. Қаптама пакетіне тапсырыс бергенде, оған қолмен ұстауға ыңғайлы тесіктер қалдыруды ұмытпаңыз. Бұл өніміңізді алатын сатып алушыға қосымша ыңғайлылық жасайды. Қаптама пакеті дайын күйде және үш жағы жабық күйде болады. Содан кейін оған өнімді қолмен салып, төмендегі жабдықтың көмегімен жоғарғы бөлігі жақсылап жабылады.

### Дайын өнім

Тегтер: дәретхана, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын өндіру, дәретхана қағазын өндіру жабдығы, дәретхана қағазын өндіру желісі, қағаз желісі

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/makulaturadan-darethana-qagazyn-ondiru-jelisi-0-8-1-t-taulik/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/линия-по-производству-туалетной-бумаги-из-макулатуры-0-8-1-т-сутки.md) · [en](https://afex.uz/en/product/toilet-paper-production-line-from-waste-paper-0-8-1-t-day.md) · [uz](https://afex.uz/product/makulaturadan-hojatxona-qogozi-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-koghazi-hojatkhona-az-koghazpora-0-8-1-t-shabonaruz.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/fei-zhi-zaisheng-weisheng-zhi-shengchan-xian-0-8-1t-tian.md)
