# Компьютерлі өрнекті көрпе сыру жабдығы AF-L027
> Уақыт өте келе қол еңбегінің орнын роботтар мен ақылды жабдықтар басып келеді.
Каталог: Қоймада бар жабдықтар
SKU: 60b096bd0bd70c2cd87b5af9
Жаңартылды: 2026-07-15

Уақыт өте келе қол еңбегінің орнын роботтар мен ақылды жабдықтар басып келеді. Бүгінгі күні өмірімізге қарқынды түрде енген жаңалықтардың бірі – автоматты сыру жабдығы. Жабдық дизайндардың кең түрлерін пайдалана алады. Жабдықтың жадында 250-ден астам дизайн сақталған, дайын дизайндарды да еркін пайдалана аласыз. Жабдыққа компьютер арқылы өзіңіз қалаған басқа дизайндарды флеш-жад көмегімен енгізуге де болады. Жабдықтың көмегімен жазғы және қысқы көрпелерді сыра аласыз. Бұл бизнесті бастау үшін Сізге қосымша 2 түрлі жабдық қажет болады. Ең қызығы – жабдық шығарған көрпелер маусымды таңдамайтын бизнестер қатарына жатады. Себебі қыста суық ауа райына байланысты сұраныс жоғары болады, ал жаз маусымы, баршамызға белгілі, елімізде той маусымы да. Сондықтан ол тойға арналған киіт-сыйлықтың ең жақсыларының бірі болып саналады. Олай болса, бұл бизнес табысыңызға жақсы қызмет етеді деп сенеміз.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Өңдеу қуаты:** 25-50 кг/сағ
- **Тұтынатын қуаты:** 5,5кВт/сағ
- **Кернеу:** 380 В 50 Гц
- **Салмағы:** 550 кг
- **Сыру аумағы:** 2200мм\*2400мм
- **Тігіс аралық қашықтығы:** 2-7 мм

## Сипаттамалар

### СИНТЕПОН, МАҚТА ТҮТУ ЖӘНЕ ОРАУ ЖАБДЫҒЫ

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Қала | Сычуань |
| Өңдеу қуаты | 25-50 кг/сағ |
| Тұтынатын қуаты | 5,5кВт/сағ |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Салмағы | 550 кг |
| Қолданылу саласы | Мақта, синтепон, спанбонд және басқа осындай материалдар үшін |

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Қала | Чжэнчжоу |
| Сыру аумағы | 2200мм*2400мм |
| Тұтынатын қуаты | 1,5кВт/сағ |
| Кернеу | 220В 50 Гц |
| Салмағы | 2200 кг |
| Қозғалтқыш түрі | Заманауи қадамдық қозғалтқыш |
| Тігіс аралық қашықтығы | 2-7 мм |
| Ине түрі | MRS 18-22# |
| Сыру түрі | Бір басты |
| Ұсынылатын қалыңдық | 2-6 см |

### КӨРПЕ ШЕТІН ТІГУ ЖАБДЫҒЫ

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Қала | Чжэнчжоу |
| Жұмыс жылдамдығы | 5000 айн/мин |
| Тұтынатын қуаты | 1.5 кВт/сағ |
| Кернеу | 220В 50 Гц |
| Салмағы | 45 кг |
| Қозғалтқыш түрі | Сервоқозғалтқыш |

## Сипаттама

Бұл жабдық екі түрлі шикізатпен де жұмыс істей алатындықтан, оған сұраныс жоғары. Жабдық салыстырмалы түрде ықшам жасалған, оны шағын бөлмеге де орнатуға болады. Жабдық жұмыс істеген кезде ауа шығаратын (шаң шығаратын) құбырды басқа бөлмеге бағыттаған жөн. Бұл жабдықты пайдалану ыңғайлы әрі қарапайым болғандықтан, білікті қызметкерлерді талап етпейді. Жабдықтың корпусы толығымен металдан жасалған және Сізге ұзақ уақыт қызмет етеді.

### КОМПЬЮТЕРЛІ ӨРНЕКТІ СЫРУ ЖАБДЫҒЫ

Өрнекті сыруды қолмен орындау мүмкін болмағандықтан, біз Сізге тиімділігі жоғары сыру жабдығын ұсынамыз. Компьютердің көмегімен жеке дизайндарды өзіңіз жасап, оларды жабдықтың PLC басқару жүйесіне енгізуге болады. Бұл үшін Сізге қажетті бағдарламалық жасақтама және Corel Draw бойынша жеткілікті дағды қажет.

Жабдықтың келесі қырлары оны басқа жабдықтардан ерекшелейді

- Жабдық кең форматта жұмыс істей алады;
- Сыру үстелін кішірейтуге және кез келген өлшемге қоюға болады;
- LCD мониторы бар PLC басқару жүйелі басқару панелі
- Ыңғайлы болуы үшін 220 В кернеуде жұмыс істейді;
- Синхронды белдікті берілісі бар технология;
- Жіп үзілгенде автоматты тоқтау функциясы
- Электр тогы үзілгенде соңғы жұмысты жалғастыру, яғни жадта сақтап қалу функциясы;
- Қате орын алғанда ескерту шамдарының жануы;
- Көрпенің іші синтепонмен, мақтамен, қой жүнімен, түйе жүнімен және басқа жұмсақ материалдармен толтырылғанда да жұмыс істей алу қабілеті;
- Жоғары жылдамдықпен тігу 2200 айн/мин (стандартты өрнекпен сырғанда 3-4 минутта бір көрпені сыру мүмкіндігі бар)

Сыру жабдығы сырылған көрпелердің шетін тіге алмайтындықтан, Сізге арнайы тігін жабдығы қажет болады. Тігін жабдығы қарапайым жіппен немесе шетіне арнайы жиек (манжет) қойып тігу мүмкіндігіне ие. Өніміңіздің нарықта ерекшеленуі және жоғары сапаға ұмтылатын сатып алушылар үшін бұл тігін жабдығы өте маңызды,

Жоғарыдағы жабдықтарымыздың көмегімен Сіз 10 сағат ішінде 120 данаға дейін өнім өндіре аласыз. Кейін бизнесіңізді одан әрі дамыту үшін Сізге жастықтың ішін толтыратын және оны вакуумда престейтін жабдықтарды да жеткізе аламыз.

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=3xQBxfqDyl0
- https://www.youtube.com/watch?v=FdUHCvZxP_o

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, сырып тігу

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/kompyuterli-ornekti-korpe-syru-jabdygy-af-l027/
kk · [uz](https://afex.uz/product/kompyuterli-naqshli-korpa-qavish-uskunasi.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/kompyuterizirovannaya-stegalnaya-mashina-af-l027.md) · [en](https://afex.uz/en/product/computerized-quilting-machine-af-l027.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-kompyuterii-khiyobaduzii-naqshdori-kurpa-af-l027.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/diannao-hua-xing-beizi-hang-feng-ji-af-l027.md)
