# Кесек қант (рафинад) өндіру желісі AF-L33
> Кесек қант біздің халқымыз және басқа да халықтар ұзақ жылдардан бері тұтынып келе жатқан өнімдердің қатарына жатады.
Каталог: Азық-түлік
Жаңартылды: 2026-07-14

Кесек қант біздің халқымыз және басқа да халықтар ұзақ жылдардан бері тұтынып келе жатқан өнімдердің қатарына жатады. Әр салаға енгендей, кесек қант өндіру бизнесіне де заманауилық келді. Енді Сіз балалар сүйетін кесек қантты басқа пішіндерде, тіпті түсті етіп шығару мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар бұл жабдықтың көмегімен Сіз престелген кофе таблеткасын, таблетка түріндегі ас тұзын және басқа да өнімдерді өндіре аласыз. Бұл жабдықтың өндіріс жылдамдығының жоғары болуымен және аз орын қажет етуімен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Дәстүрлі жабдықтарға назар аударсаңыз, ұзын кептіру туннелін байқаған боларсыз, ал біздің желіде кесек қантты кептірудің қажеті жоқ, өйткені оған су қосылмайды және ол жоғары қысыммен пішінге келтіріледі. Сол себепті электр энергиясын үнемдеу есебінен өндіріс шығындары біршама төмен.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Кернеу:** 380 В
- **Өлшемі:** 600\*600\*900 мм
- **Электр энергиясын тұтыну:** 1,5 кВт/сағ
- **Ең үлкен диаметр:** 16-20 мм
- **Электр қозғалтқышы:** 1,5 кВт 1500 айн/мин
- **Сыйымдылығы:** 60 л

## Сипаттамалар

### ҚАНТ ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ДРОБИЛКА

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Сыйымдылығы | 60 л |
| Энергия түрі | Электр |
| Кернеу | 380 В |
| Электр энергиясын тұтыну | 1,5 кВт/сағ |
| Өлшемі | 600*600*900 мм |

### КЕСЕК ҚАНТ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҒЫ

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Престеу жылдамдығы | 9600-18000 дана/сағ |
| Энергия түрі | Электр |
| Кернеу | 380 В |
| Электр энергиясын тұтыну | 2,2 кВт/сағ |
| Қысым | 40 / 60 кН |
| Ең үлкен қалыңдығы | 6 мм |
| Ең үлкен диаметр | 16-20 мм |
| Өлшемі | 640*480*1100 мм |
| Материал | Тот баспайтын болат 304 |
| Салмағы | 260 кг |

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Модель | AF-SCM |
| Энергия түрі | Электр |
| Кернеу | 380 В |
| Электр энергиясын тұтыну | 2,5 кВт/сағ |
| Салмағы | 500 кг |
| Шикізат | Қант, тағамдық бояғыш, кофе, құрғақ сүт және басқа ұнтақ өнімдер |
| Материал | Тот баспайтын болат SUS304 |
| Өлшемі | 1100*800*1600 мм |
| Қозғалтқыш түрі | Инвертор |
| Электр қозғалтқышы | 1,5 кВт 1500 айн/мин |
| Жұмыс жылдамдығы | 15000-27000 дана/сағ |

## Сипаттама

Жабдық толығымен тот баспайтын металдан жасалған және азық-түлік талаптарына толық сай келеді. Жабдықтың жұмыс процесі өте қарапайым, бұл Сізден артық арнайы білімді талап етпейді. Жабдық ішіндегі торлы пластинаны ауыстыру арқылы шығатын өнімнің өлшемін өзгертуге болады.

### ҚАНТ ҰНТАҒЫНА АРНАЛҒАН МИКСЕР

Егер Сіз қант ұнтағына ештеңе қосуды жоспарламасаңыз, онда Сізге миксердің қажеті жоқ. Миксер негізінен кесек қантқа кофе, құрғақ сүт, бояғыш немесе басқа қоспалар қосу үшін қажет. Миксердің сыйымдылығы 60 л болғандықтан, оны үнемі пайдаланудың қажеті болмайды. Жабдық гигиеналық талаптарға толық сай келеді және тот баспайтын металдан жасалған. Металдың қалыңдығы жұмыс кезінде оның дірілдемеуін қамтамасыз етеді. Қалыптау жабдығы ұнтақ күйіне келтірілген қантты немесе оған басқа ұнтақ тәрізді қоспалар араластырылған қоспаны қажетті пішінде престейді. Жабдыққа тапсырыс беру барысында AFEX-GROUP компаниясының қызметкерлерімен қалыптардың түрін келісіп алуыңыз қажет. Жабдыққа тапсырыс беруші сұраған түрдегі бір жинақ қалып тегін беріледі, ал қосымша қалыптар ақылы. Жабдық серво қозғалтқышпен жабдықталған және жылдамдық реттегіші ретінде инвертор қолданылған.

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=BR0mpHkhx6c
- https://www.youtube.com/watch?v=cz8SCG5fvVc

Тегтер: ақ, ақ қант тәттісі, жаңалық, кәмпит, қант

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/kesek-qant-rafinad-ondiru-jelisi-af-l33/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/sugar-production-line-af-l33.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/fang-tang-shengchan-xian-af-l33.md) · [uz](https://afex.uz/product/oqqand-ishlab-chiqarish-uskunasi.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/proizvodstvennaya-liniya-af-l33.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-qandi-rafinad-af-l33.md)
