# Кабельдерді қорғайтын гофрленген шланг өндіру желісі AF-L021
> Барлығымызға белгілі, сәулетшілер мен құрылысшылар тұрғын үйлер, әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды салуда ең алдымен ғимараттардың…
Каталог: Құрылыс жабдықтары
SKU: 60e2ae370bd70c4658477005
Жаңартылды: 2026-07-15

Барлығымызға белгілі, сәулетшілер мен құрылысшылар тұрғын үйлер, әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды салуда ең алдымен ғимараттардың жан-жақты қауіпсіз болуына басты назар аударады. Қазіргі таңда ғимараттарды электр-монтаждау жұмыстарында кабельдерді қорғайтын гофрленген шлангтар кеңінен қолданылады. Өйткені мұндай гофралар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, электр желісіндегі қысқа тұйықталулардың алдын алуда ең тиімді құрал болып саналады. ПВХ-дан жасалған мұндай гофрленген шлангтар серпімді әрі иілгіш қасиетке ие, монтаждау жұмыстарында ешқандай қиындық тудырмайды. Сондықтан мұндай гофраларға сұраныс жоғары. «AFEX-GROUP» ұжымы назарыңызға кабельдерді қорғайтын гофрленген шлангтар өндіру желісін ұсынады. Бұл желі арқылы сіз 16, 20, 25 және 32 мм өлшемдегі гофрленген шлангтар шығара аласыз. Желіні орналастыру үшін сізге кемінде 10x3 метр өлшемдегі, 3 фазалы электр тогы тартылған бөлме қажет болады. Кабельдерді қорғайтын гофрленген шлангтар өндіру желісі келесі жабдықтардан тұрады.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуаты:** 1,1 кВт
- **Модель:** AF-200
- **Қыздыру қуаты:** 4 кВт
- **Мотор қуаты:** 18,5 кВт Siemens
- **Өндірістік өнімділік:** 50-80 кг/сағ
- **Беру өнімділігі:** 200 кг/сағ

## Сипаттамалар

### Шикізат беретін жабдық

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-200 |
| Беру өнімділігі | 200 кг/сағ |
| Қуаты | 1,1 кВт |

### Бункерлі кептіру жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-200 |
| Бункер сыйымдылығы | 100 л |
| Қыздыру қуаты | 4 кВт |

### Бір шнекті экструдер

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-200 |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Мотор қуаты | 18,5 кВт Siemens |
| Шнек диаметрі | 65 мм |
| Өндірістік өнімділік | 50-80 кг/сағ |

### Қалыптау жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-200 |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Мотор қуаты | 2,2 кВт |
| Өнім өлшемдері | 16,20,25,32 мм |
| Жылдамдығы | 0-16 м/мин |
| Қалыптар саны | 50 жұп |

### Орау жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген жері | Қытай |
| Шығарылған жылы | 2019 |
| Модель | AF-200 |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Мотор қуаты | 2,2 кВт |
| Орау барабандарының саны | 2 дана |
| Орау жылдамдығы | 4-40 м/мин |

## Сипаттама

Бұл ықшам жабдық беру қызметін атқарады, яғни өнім шикізаты болып табылатын ПВХ түйіршіктерін экструдерге жеткізеді. Жабдық сағатына 200 килограмға дейін шикізат жеткізу қуатына ие.

Бункерлі кептіру жабдығы желінің негізгі бөлігі болып саналатын экструдерге қосылады. Жабдықтың негізгі міндеті — ПВХ түйіршіктерін кептіру. Осы бункерде кептірілген ПВХ түйіршіктерін экструдерде өңдеу жұмыстың едәуір тиімді болуын қамтамасыз етеді

Бір шнекті экструдер желінің негізгі бөлігі болып саналады. Экструдер Германияның Siemens моторымен жабдықталған. Басқару панелі электронды, процесті бақылау сіз үшін өте ыңғайлы. Экструдердегі қалыптарды ауыстыру арқылы сіз 16, 20, 25 және 32 мм өлшемдегі гофрленген шлангтарды шығара аласыз. Экструдер сағатына 50~80 килограмға дейін шикізатты өнімге айналдыру қуатына ие.

Экструдерден шыққан шлангтар қалыптау жабдығының көмегімен гофра пішініне келтіріледі.

Гофрленген шлангтар арқылы кабельдерді өткізуді жеңілдету үшін шлангтардың ішіне сым өткізу бөлігі де бар.

Өндірілген гофрленген шлангтар тасымалдау мен орналастыруға ыңғайлы болуы үшін орау жабдығында оралады.

Тегтер: гофра, қытай, қытайдан, шланг

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/kabelderdi-qorgaityn-gofrlengen-shlang-ondiru-jelisi-af-l021/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/cable-protection-corrugated-hose-production-line-af-l021.md) · [uz](https://afex.uz/product/kabellarni-himoyalovchi-gofra-shlang-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l021.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-gofrirovannykh-shlangov-dlya-zashchity-abeley-af-l021.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/dianlan-baohu-bowen-guan-shengchan-xian-af-l021.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-shlangi-gofrii-muhofizatkunandai-kabelho-af-l021.md)
