# Жеке оралған дымқыл майлықтар өндіру жабдығы AF-B003
> Бизнес жақсы табыс әкелуі үшін өндіріс түрін таңдау өте маңызды.
Каталог: Қағазды қайта өңдеу
SKU: AF-B003
Жаңартылды: 2026-07-14

Бизнес жақсы табыс әкелуі үшін өндіріс түрін таңдау өте маңызды. Ал тұрақты тұтынылатын өнімді өндіру – ең жақсы таңдау деген сөз. Қазіргі таңда күнделікті тұтынысқа толық енген, басқаша айтқанда ең көп қолданылатын өнімдердің бірі – дымқыл майлықтар. Мұндай майлықтар өзінің гигиеналық артықшылығы мен әмбебаптығының арқасында күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Осыны ескере отырып, "AFEX-GROUP" LLC командасы Сіздерге дымқыл майлықтар шығаратын автоматты жабдықты ұсынады.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Өлшемі:** 1800\*1000\*1500 мм
- **Электр шығыны:** 3.5 кВт
- **Өнімділігі:** 40-200 дана/мин
- **Салмағы:** 850 кг
- **Материалы:** Тот баспайтын металл 304

## Сипаттамалар

### Қытайда өндірілген

| | |
|---|---|
| Өлшемі | 1800*1000*1500 мм (Ұ*Е*Б) |
| Электр шығыны | 3.5 кВт |
| Дайын өнімнің өлшемі | Ұ:60-220 мм Е:30-110 мм Б:5-55 мм |
| Өнімділігі | 40-200 дана/мин |
| Материалы | Тот баспайтын металл 304 |
| Салмағы | 850 кг |

## Сипаттама

Бір қарағанда кішкентай болып көрінетін бұл өнім шын мәнінде ең табысты бизнес түрлерінің бірі болып саналады. Себебі оны пайдаланушылар саны күннен-күнге артып келеді. Енді осы бизнесті не себепті бастау керектігіне тоқталайық:

- Үнемі сұранысқа ие өнімдер маусым таңдамайды. Оларға деген сұраныс жазда да, қыста да бірдей – жоғары. Дымқыл майлықтар – осындай өнімдердің бірі.
- Бұл бизнесті бастау үшін үлкен тәжірибенің болуы міндетті емес. Ал өз бизнесін енді бастап жатқан кәсіпкерлер үшін бұл дәл керегі.
- Біз ұсынатын жабдық толық автоматтандырылған және Сізден көп күш талап етпейді. Бұл жұмыс күшін үнемдей алатыныңызды білдіреді.
- Өнімді сату нарығы шектелмеген. Яғни Сіз оларды ірі дүкендерде, тамақтану орындарында және дәріханаларда да сата аласыз.
- Ірі мейрамханалармен, фаст-фуд нүктелерімен және басқа орындармен серіктестік жасап, тапсырыс негізінде де жұмыс істей аласыз.
- Сізде тапсырыс бойынша OEM негізінде, яғни тапсырыс берушінің логотипі мен атауын қойып жеткізу мүмкіндігі бар. Осылайша Сіз міндетті түрде тұрақты тапсырыстарға ие бола аласыз.
- Ең бастысы, бұл бизнесті бастау үшін өте үлкен инвестиция талап етілмейді
- Қосымша қаптау жабдығын (550$) алу арқылы Сіз 10-20-30... данадан қапталған дымқыл майлықтарды шығару мүмкіндігіне ие боласыз. Тек ішіндегі әр өнім де жеке қапталған күйде болады. Мұның жақсы жағы – сатып алушыларда оның кеуіп қалу қаупі мүлдем болмайды.

Жабдық тік қаптамада жеке оралған дымқыл майлықтар өндіруге арналған және майлықтар ішкі және сыртқы бүктеу арқылы орналасады. Жабдық әмбебап, өндірістен бастап қаптауға дейінгі процесті өзі орындайды.

Жабдықты алғаннан кейін кәсіпкерлердің ойлайтын алғашқы сұрағы: "Өнім үшін қандай шикізат қажет және оны қайдан алуға болады???"

Сонымен, дымқыл майлықтар өндіру үшін шикізат – тоқыма емес мата болып табылады және оны табуда "AFEX-Group" компаниясы сатып алушыларға жан-жақты көмек көрсетеді.

## Бейне

- https://youtu.be/cleLlqED4_g

Тегтер: даналық, қытай, қытайдан, майлық, өндіріс, ылғал майлық, Ылғал салфетка, ылғалды

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/jeke-oralgan-dymqyl-mailyqtar-ondiru-jabdygy-af-b003/
kk · [uz](https://afex.uz/product/donalik-nam-salfetka-ishlab-chiqarish-usukunasi.md) · [en](https://afex.uz/en/product/machine-for-the-production-of-granular-wet-wipes-af-b003.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/dan-pian-shi-jin-shengchan-shebei-af-b003.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/mashina-dlya-proizvodstva-granulirovannykh-vlazhnykh-salfetok-af-b003.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-istehsoli-dastmolchahoi-tari-yakkabasta-af-b003.md)
