# Гофра қораптар өндіру желісі AF-L028
> Кез келген өніміңіздің сатып алушыға сапалы жетуін қамтамасыз ету үшін негізінен гофра қораптар қолданылады.
Каталог: Қағазды қайта өңдеу
SKU: 60a65de00bd70c462762c7d1
Жаңартылды: 2026-07-15

Кез келген өніміңіздің сатып алушыға сапалы жетуін қамтамасыз ету үшін негізінен гофра қораптар қолданылады. Бұл бизнес XXI ғасырда бүкіл әлемде тренд деңгейіне көтерілді десек, қателеспейміз. Гофра қораптар өнім сапасына әсер етпей, оларды деформациядан сақтау үшін қолданылады. Гофра қораптар қолданылу саласына қарай 2, 3, 5 және 7 қабатты болуы мүмкін. Ең кең таралған түрлері – 2 және 3 қабатты түрлері. Төменде Сізге ұсынатын өндіріс желімізді көптеген кәсіпкерлер сатып ала алуы үшін оның жартылай автоматты нұсқасын ұсынуды жөн көрдік. Жабдықтың көмегімен Сіз бір жағы тегіс беттік гофра қораптар өндіре аласыз. Жабдық ені 1400мм крафт орамымен жұмыс істеуге арналған. Өндірісті одан әрі кеңейткісі келетін немесе ірі көлемде өндірісті ұйымдастырғысы келетін тұтынушыларымыз үшін толық автоматты өндіріс желілерін де әкелу мүмкіндігіміз бар.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Тұтынатын қуаты:** 3кВт/сағ
- **Кернеу:** 380В50Гц
- **Өлшемі:** 4300\*1600\*1700мм
- **Жұмыс ені:** 1400мм
- **Салмағы:** 1300кг
- **Басып шығару білігінің диаметрі:** 480мм

## Сипаттамалар

### Крафт қағаз орамына арналған беру жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 3кВт/сағ |
| Жұмыс ені | 1400мм |
| Максималды жүк көтергіштігі | 2т |
| Өлшемі | 4300*1600*1700мм |
| Салмағы | 1300кг |

### Крафт орамға гофрланған із түсіріп желімдеу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 3кВт/сағ |
| Жұмыс ені | 1400мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 30-40м/мин |
| Өлшемі | 2600*1300*1500мм |
| Салмағы | 3700кг |
| Кептіру түрі | Электрмен қызатын білік арқылы |
| Қағазды тасымалдау тәсілі | Вакуумдық технология арқылы |
| Автоматты майлау жүйесі | Бар |

### Гофра парақтарды кесетін компьютерлі жабдық

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 4кВт/сағ |
| Жұмыс ені | 1400мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 30-40м/мин |
| Өлшемі | 2500*4000*1800мм |
| Салмағы | 2500кг |
| Қағазды тасымалдау тәсілі | ПВХ таспа арқылы |
| Автоматты майлау жүйесі | Бар |

### Кескіш роликпен бірге 2 түсті флекс принтер

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 6кВт/сағ |
| Жұмыс ені | 1400мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 0-60дана/мин |
| Өлшемі | 3000*3700*1700мм |
| Салмағы | 7000кг |
| Басып шығару қателігі | 0,5мм |
| Басып шығару білігінің диаметрі | 480мм |
| Гофра парақтың ең кіші өлшемі | 350мм*500мм |
| Максималды басып шығару өлшемі | 1400*2300мм |

### Гофра қорапты степлерлеу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 0,3кВт/сағ |
| Жұмыс ені | 1200мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 250 қапсырма/мин |
| Өлшемі | 1700*400*1820мм |
| Салмағы | 350кг |
| Қорап қалыңдығы | 2, 3, 5, 7 қабатты гофра қораптар үшін |

### Гофра қораптарға арналған жартылай автоматты желімдеу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 4кВт/сағ |
| Жұмыс ені | 2600*1400мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 0-50 дана/мин |
| Өлшемі | 5500*1800;2000 |
| Салмағы | 1500лп |
| Қорап қалыңдығы | 2, 3, 5, 7 қабатты гофра қораптар үшін |
| Автоматты санау функциясы | Бар |

### ҚОРАПТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ КЕСУ ЖӘНЕ БҮГУГЕ ІЗ ТҮСІРУ ЖАБДЫҒЫ

| | |
|---|---|
| Өндірілген елі | Қытай |
| Кернеу | 380В50Гц |
| Тұтынатын қуаты | 2,2кВт/сағ |
| Жұмыс аумағы | 750*520мм |
| Жұмыс жылдамдығы | 0-30 дана/мин |
| Өлшемі | 1500*1400*1300мм |
| Салмағы | 2200кг |
| Қорап қалыңдығы | 1, 2, 3, 5, 7 қабатты гофра қораптар үшін |
| Автоматты санау функциясы | Бар |

## Сипаттама

### ЖЕЛІГЕ ҚАЖЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ғимарат: 150 м2-ден кем емес өндірістік алаң

Шикізат: крафт орамының ені 1400мм

Жұмыс күші: 5 адам

Кернеу: 3 фазалы 380 В 50 Гц

Газбен жабдықтау: қажет емес

Сумен жабдықтау: қажет емес

Кәріз: қажет емес

Бұл жабдық бір мезгілде екі орыммен жұмыс істеуге арналған. Крафт қағазды гофрлау және желімдеу бөлігіне шикізат беру үшін қолданылады. Жұмыс барысында орамды жерден өзі көтеріп алу мүмкіндігі бар. Бұл ауыр орамды көтеру қажеттілігін жояды.

Жабдықтың негізгі міндеті – кіретін орамға арнайы із түсіріп, екі қабатты желім көмегімен өзара біріктіру. Желім тез кебуі үшін жабдықты бумен емес, электр білікпен кептіру әдісін таңдадық. Бұл Сізге қосымша шығындарсыз және қосымша жабдықтарсыз жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Қандай өлшемдегі гофра парақтардың сұранысқа ие екенін өзіңіз анықтағаннан кейін, осы суретте көрсетілген өлшемдердің бірін таңдап, бізге тапсырыс бере аласыз. Ескертеміз, бұл өлшем – парағыңыздың бүгілетін бөлігіне түсірілетін іздердің өлшемдері, оларды өзгерту үшін қосымша білікке тапсырыс беру қажет болады. Жақсылап ойланып барып тапсырыс беруге кеңес береміз.

Бұл бөлік Сіздің тапсырысыңыз бойынша гофра орамнан қажетті өлшемде кесіп, гофра парақтарға бөлу үшін қолданылады. Кесу өлшемін оператор компьютерге енгізеді, қозғалып келе жатқан крафт орамы лазерлік датчиктердің көмегімен өлшенеді және кескіш барабанның көмегімен кесіледі. Сізге қажетті тік және көлденең кескіш пышақтар автоматты режимде жұмыс істейтіндіктен, Сізден жоғары тәжірибе талап етілмейді.

Бұл жабдықтың қағаз қабылдау функциясы жетілдірілген, қағазды бір-бірлеп принтерге беретін бөлігі бар. Гофра парақтарға бейне қалып түсірілген барабандар арқылы басылады. Жабдықта жоғары технологиялық процесс жүреді, ол қысқа уақытта кептіруге мүмкіндік береді. Егер Сіздің қорабыңыз тек жақтарын өзара біріктіру арқылы жасалса, бұл принтер Сізге іздерді түсіріп береді. Сондай-ақ жабдық парақ шеттеріне жалғасқан кесілетін бөліктерді кесу үшін де қолданылады. Мұндай жағдайларда Сізге басқа техниканың көмегі қажет болмайды. Бұл принтер қалыңдығы 0-12мм гофра қораптарға арналған.

Гофра қораптар қолданылу саласына қарай желіммен немесе степлермен біріктіріледі. Бұл ретте қораптың ішіне салынатын өнімнің салмағы мен қораптың көлемі маңызды рөл атқарады. Жабдық жылдам степлерлеуімен басқа түрлерінен ерекшеленеді. Гофра қалыңдығына қарай қапсырма ұзындығы реттеледі. Салынатын жүктің салмағына қарай қапсырмалардың орналасу аралығы реттеледі.

Степлермен біріктіру мүмкін емес немесе жеңілірек өнімдерге арналған қораптар желімделеді. Кейде желімделген қораптардың үстінен степлер басылғанын да көреміз, бұл қораптың сапасы жоғары екенін білдіреді. Желімдеу жабдығы алдымен қораптың ені бойынша реттеледі және желім қорапқа автоматты түрде құйылады. Желім тез кебуі үшін ол жылумен бірге беріледі.

Кейбір қораптарды принтердің көмегімен кесу мүмкін емес. Мұндай стандартты емес қораптар үшін арнайы кескіш жабдық бар. Жабдықты халық арасында тигель пресс деп атайды. Бұл жабдықты жеке пайдаланып та жақсы табыс табуға болады. Өйткені басып шығарылған бір қабатты түрлі тәттілерге және бір реттік ыдыстарға арналған қораптар дәл осы жабдықтың көмегімен кесіледі. Сізге жабдықтың стандартты өлшемдегі түрін ұсынып отырмыз. Бұдан үлкен және кіші түрлері де бар. Жабдық әр пішін үшін жеке қалыпты талап етеді. Қалыптарды қалай жасау және қайдан тапсырыс беру туралы біздің қызметкерлеріміз Сізге ақпарат береді. Жабдықты автоматты түрде және педаль арқылы қозғалысқа келтіруге болады.

Жабдықтың көмегімен бизнесіңіз одан әрі кеңейіп, табысыңыз артатынына сенеміз. Ең бастысы, бұл саланың бүгінгі талаптарға толық сай келетін жабдықтармен толығуына біздің де үлесіміз бар екенін мақтан тұтамыз.

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=HRknMy-oy40
- https://www.youtube.com/watch?v=vhfsa2IpPUY

Тегтер: гофра, қорап, қытай, қытайдан, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/gofra-qoraptar-ondiru-jelisi-af-l028/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/corrugated-box-production-line-af-l028.md) · [uz](https://afex.uz/product/gofra-qutilar-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l028.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-gofroyashchikov-af-l028.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-quttihoi-gofra-af-l028.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/wa-leng-zhixiang-shengchan-xian-af-l028.md)
