# Гипсокартон профилін өндіру желісі AF-L030
> Заманауи құрылыс индустриясына гипсокартон өнімдері қарқынды түрде еніп, өз кезегінде осы өнімді орнатуға қажетті аксессуарларға да сұраныс…
Каталог: Дайын желілер
SKU: 60a36a640bd70c3f6669389f
Жаңартылды: 2026-07-15

Заманауи құрылыс индустриясына гипсокартон өнімдері қарқынды түрде еніп, өз кезегінде осы өнімді орнатуға қажетті аксессуарларға да сұраныс едәуір артты. Сұраныс артуымен қатар нарықта ағаш рейкалардың орнын металл профильдер тез арада ала бастады. Бірақ нарықтағы гипсокартон профилін өндіру процесінде біздің ойымызша кейбір кемшіліктер бар:

## Негізгі көрсеткіштер

- **Қуат тұтыну:** 3 кВт/сағ
- **Кернеу:** 380 В 50 Гц
- **Қаңылтыр қалыңдығы:** 0,3-0,8 мм
- **Негіз қалыңдығы:** 16 мм
- **Кіретін қаңылтыр ені:** 600-1250 мм
- **Салмағы:** 600 кг

## Сипаттамалар

### Табақтарды бөліктерге көлденең кесу жабдығы

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Қала | Ботоу |
| Қаңылтыр қалыңдығы | 0,3-0,8 мм |
| Ролик материалы | 45# хромды металл |
| Жұмыс жылдамдығы | 8-12 м/мин |
| Негіз қалыңдығы | 16 мм |
| Кіретін қаңылтыр ені | 600-1250 мм |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Салмағы | 600 кг |
| Қуат тұтыну | 3 кВт/сағ |

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Қала | Ботоу |
| Қаңылтыр қалыңдығы | 0,3-0,8 мм |
| Ролик материалы | 45# хромды металл |
| Жұмыс жылдамдығы | 8-12 м/мин |
| Негіз қалыңдығы | 16 мм |
| Жабдық өлшемі | 5000*1000*1500 мм |
| Кернеу | 380 В 50 Гц |
| Салмағы | 2 т |
| Басқару жүйесі | PLC touch screen |

### ЛАЗЕРЛІК ТАҢБАЛАУ ЖАБДЫҒЫ

| | |
|---|---|
| Өндіруші | Қытай |
| Қала | Гуанчжоу |
| Салқындату әдісі | Ауа арқылы |
| Жұмыс бағдарламасы | EZCAD |
| Лазер қуаты | 20 Вт |
| Дәлдік дәрежесі | 0,02 мм |
| Таңбалау жылдамдығы | 0-7000 мм/с |
| Кернеу | 220 В 50 Гц |
| Қуат тұтыну | 500 Вт |

## Сипаттама

- Гипсокартон профилінің беті тегіс болғандықтан, оған бұрама шегені, яғни саморезді бекіту біршама қиындық туғызады және кейде Сіз белгілеген жерді емес, басқа жерді тесіп кетуге әкеледі;
- Гипсокартон профилінің стандартты ұзындығы бар және тұтынушыларда басқа ұзындықтағы өнімді таңдау мүмкіндігі жоқ. Бұл ірі көлемді құрылыс жұмыстарында біршама қиындық туғызады;
- Гипсокартон профильдерінде арнайы өлшеу сызықтары болмағандықтан, олармен жұмыс істегенде үнемі метрді пайдалануға тура келеді, бұл құрылыс барысында артық уақыт пен еңбек жұмсалуына әкелуде;
- Сіз бір рет жоғары сапалы гипсокартон профильдерін пайдаландыңыз, ал келесі жолы оны таба алмайсыз, өйткені өндірушілер профильдерге өз брендтерін басып шығармайды, бұл тұтынушылардың оларды танымауына әкеледі;
- Әр профильде оның өлшемі мен металл қалыңдығы туралы ақпарат болуы тиіс, бұл басқа шет мемлекеттерде бар, бірақ бізде бұл жолға қойылмаған;

Сіз нарыққа жаңа өнім алып кірген кезде, өніміңіздің нарықта тез арада өз орнын табуына қол жеткізуіңіз керек. Ол үшін нарықтағы бәсекелестеріңіздің өнімін терең талдаңыз және бәсекелестеріңізде жоқ немесе адамдарға сол өнім арқылы беруге болатын ыңғайлылықтарды оған қосыңыз, сонда Сіз тұтынушыларыңызды тез табасыз деп сенеміз. Сеніңіз, сапалы және брендтік өнімдерді таңдайтындар әрқашан табылады. Ал енді біз Сізге жоғарыдағы кемшіліктерді жоя отырып, жаңа түрдегі заманауи гипсокартон профильдеріне арналған жабдықты ұсынайық. AFEX-GROUP Сізге тек жабдық сатпайды, біз Сізге заманауи идеялар сатамыз. Сондықтан бізбен бастаған бизнесіңіз міндетті түрде өз нәтижесін береді. Біздің бұл желіміздің өзіне тән ыңғайлылықтары бар:

- Жабдық заманауи touch screen PLC басқару жүйесінде жұмыс істейді;
- Жабдық жоғары дәлдікпен жұмыс істеуі үшін ИНВЕРТОРМЕН қамтамасыз етілген;
- Жабдық командаларды жадта сақтай алады; (мысалы, жабдыққа 5 метрлік 200 профиль шығаруды бұйырсаңыз, ол Сіз берген бұйрықты орындайды);
- Жабдық шектеусіз ұзындықтағы профиль шығара алады;
- Жабдыққа қосымша көмекші лазерлік таңбалау жабдығы қосылған, ол профиль бетіне өлшеу үшін ұзындық сызықтарын түсіруде қолданылады, әр 10 см сайын арнайы сызық қалдырады. Сондай-ақ бұл жабдық өнім бетіне оның техникалық параметрлерін енгізеді.
- Жабдық боялған және мырышталған металл табақтармен жұмыс істей алады.
- Профильге шуруп бұрауды жеңілдету үшін бетінде арнайы кішкене тесік тәрізді ойық із қалдырады және бұл нүктелер профильдің беріктігін де арттырады.

### ПРОФИЛЬ ӨНДІРУ ЖАБДЫҒЫ

Профиль өндіру жабдығы Қытайдың озық компаниясы шығарған, роликтері тез тозбауы үшін CR12 шыңдалған металдан жасалған. Жаңаша сыртқы дизайн және басқару панелінің бөлек болуы пайдалануда Сізге көптеген ыңғайлылықтар береді. Жабдықта мынадай бөліктер беріледі:

- Орам қаңылтырды ұстап тұратын құрылғы
- Профильді қалыптау бөлігі
- Гидравликалық сорғы бөлігі
- PLC басқару панелі
- Дайын өнімге арналған арнайы үстел
- Қосалқы бөлшектер

Лазерлік таңбалау жабдығы профильге қажетті ақпаратты түсіру үшін қолданылады. Бұл ақпараттың ішінде профильге өлшем енгізу де бар. Жоғарыдағы мысал арқылы Сіз ұзындығы 1 метр, қалыңдығы 0,3 мм металл профильдің салмағын есептеу нәтижесін көріп отырсыз. Енді көтерме қаңылтыр сату орнынан бағаны анықтап, 1 метр профиліміздің қандай бағаға айналатынын есептеп көрейік. Әрине, бұл Сіз үшін маңызды. Кейін осы есепке қарап, нарыққа тауар шығарғанда баға ұсына аласыз. Әрине, салықты, электр энергиясын және жұмыс күшін қосуды ұмытпаңыз. Металл профильдің қолданылу салаларынан кейбір үлгілер:

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=iDOwYNpo620

Тегтер: Гипсокартон, қытай, қытайдан, Профиль

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/gipsokarton-profilin-ondiru-jelisi-af-l030/
kk · [uz](https://afex.uz/product/gipsakarton-profil-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l030.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-profilya-dlya-gipsokartona-af-l030.md) · [en](https://afex.uz/en/product/gypsum-board-profile-production-line-af-l030.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-profili-gipsokarton-af-l030.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/shigao-ban-qing-gang-longgu-shengchan-xian-af-l030.md)
