# Балмұздаққа арналған вафли өндіру желісі AF-L31
> Күндер жылына бастағанда балмұздақ бизнесінің маусымы басталады.
Каталог: Азық-түлік
SKU: 60dc5f630bd70c1b417b510a
Жаңартылды: 2026-07-15

Күндер жылына бастағанда балмұздақ бизнесінің маусымы басталады. Жалпы алғанда балмұздақ пен оған қажетті өнімдерді өндіру әрқашан рентабельділігі жоғары салалардың бірі болып келген. Бүгін біз Сізді онша үлкен емес сомадағы, бірақ өте табысты бизнеспен таныстырамыз.

## Сипаттама

Біздің бұл жабдығымыз балмұздаққа арналған оралған вафли шығарады, сонымен қатар шар тәрізді балмұздаққа арналған жаңа түрдегі тәрелке пішінді вафли және вафлиді түтікше де өндіре аласыз. AFEX-GROUP компаниясы әрдайым Сіздерге ең таңдаулы бизнестерді таныстырып келеді, бұл жолы да дәл солай. Ал енді алдымен жабдығымыздың жұмыс істеуі үшін қажетті ресурстарға тоқталып өтейік.

- Ғимарат немесе өндіріс орны: 50 м2-ден кем емес бір бөлме
- Жұмыс күші: 2 адам
- Электр қоректендіру және шығыны: 380 В 50 Гц 18 кВт/сағ
- Газбен қамтамасыз ету: Жоқ
- Шикізат: 100% жергілікті шикізат
- Қолдану саласы: Азық-түлік
- Тәуліктік өнім өндіру көлемі: 10 сағатта 10000-12000 дана өнім

Нарықты жақсылап зерттеген кезде назар аударуыңыз қажет жалғыз жайт — өңіріңізде сұранысқа ие вафли өлшемін анықтау. Ол үшін оралған вафлидің жоғарғы бөлігінің диаметрін және оның ұзындығын өлшеуіңіз қажет болады.

### СҰЙЫҚ ҚАМЫР ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МИКСЕР 60 Л

Ең алдымен балмұздақ вафлиін дайындау үшін миксерге қажетті өнімдерді (ұн, қант, су және т.б.) кезекпен салып, жақсылап дайындайды. Жабдықтың негізгі міндеті — өнімдерді жақсылап араластырып, қажетті сұйық күйге келтіру. Жақсы араласпаса, арнайы құю жабдығынан өту барысында қиындыққа тап болуы мүмкін.

СҰЙЫҚ ҚАМЫРҒА АРНАЛҒАН ҚҰЮ ЖАБДЫҒЫ

Бұл жабдық миксерде дайындалған сұйық қамырды пісіру бөлігіне бірдей салмақта құйып отыру үшін қолданылады. Жабдықтың жұмыс істеуі үшін компрессор қажет, ол арнайы датчик команда берген кезде іске қосылады.

### ҮЗДІКСІЗ ВАФЛИ ДАЙЫНДАУ ЖАБДЫҒЫ, 15 ҚАЛЫПТЫ

Біздің бұл жабдығымыз электр тогымен жұмыс істейтін 15 вафли пісіру қалыбынан тұрады және олар шеңбер бойымен орналасқан. Жабдықтың айналу жылдамдығын және әрбір вафли пісіру бөлігінің қызу деңгейін жеке бақылауға болады. Пісіру қалыптарын ауыстыру арқылы вафли бетіндегі өрнектерді өзгертуге болады. Жабдықтың жұмысы гигиеналық талаптарға толық жауап беруі үшін ол тот баспайтын металдан жасалған. Құю жабдығы сағатына 1000-1200 дана өнім шығара алады.

### ВАФЛИДІ КОНУС ПІШІНІНДЕ ОРАЙТЫН ЖАБДЫҚ

Бұл жабдықтың көмегімен дөңгелек пішінді вафлилер конус тәрізді күйге келтіріледі. Жабдықта екі орау бөлігі бар, бұл жабдықтың жұмыс жылдамдығы жоғары екенін көрсетеді. Жабдыққа тұтынушының талабы бойынша қалып тапсырыс беріледі және ол соңғы өнімнің өлшемін анықтайды.

### АУА КОМПРЕССОРЫ 30 Л

Ауа компрессоры өнімді құю және оны қалыптау процесінде цилиндрлерге ауа беру үшін қолданылады.

## Бейне

- https://www.youtube.com/watch?v=x8qj2J00-nI

Тегтер: Балмұздақ, вафли, қытай, қытайдан, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/balmuzdaqqa-arnalgan-vafli-ondiru-jelisi-af-l31/
kk · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/bingqilin-dan-tong-shengchan-xian-af-l31.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-vafel-dlya-morozhenogo-af-l31.md) · [en](https://afex.uz/en/product/waffle-production-line-for-ice-cream-af-l31.md) · [uz](https://afex.uz/product/muzqaymoq-uchun-vafli-ishlab-chiqarish-uskunasi-af-l31.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-vafli-baroi-yakhmos-af-l31.md)
