# Асбест шифер панельдерін өндіру желісі
> Ғимарат салынғанда оның жоғарғы бөлігі, яғни шатыры да өте маңызды, өйткені ол ғимаратты сыртқы әсерлерден сақтайтын күнқағар қызметін…
Каталог: Дайын желілер
Жаңартылды: 2026-07-14

Ғимарат салынғанда оның жоғарғы бөлігі, яғни шатыры да өте маңызды, өйткені ол ғимаратты сыртқы әсерлерден сақтайтын күнқағар қызметін атқарады. Еліміздің нарықтарында түрлі материалдардан жасалған шатыр түрлеріне көзіңіз түседі. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні – асбестцементтен жасалған шиферлер. Байқадыңыз ба, бұл шиферлер әрқашан болған және қолданыстан шықпаған. Мұның өзіне тән себептері бар және осы қасиеттерінің арқасында асбест шиферлер әрқашан тұтынылады және ең сұранысқа ие құрылыс материалы болып қала береді. Ал «AFEX Group» компаниясы Сіздерге дәл осындай АСБЕСТ ШИФЕР ӨНДІРУ ЖЕЛІСІН ұсынады. Бұл өнімнің неге әлі күнге дейін сұранысқа ие екенін білесіз бе? Өйткені:

## Сипаттама

- Төзімділігінің арқасында үлкен салмақты көтере алады;
- Металл черепица, профнастил материалдарынан айырмашылығы, күн сәулесінде қызу деңгейі баяу;
- Ұзақ мерзім пайдалану мүмкіндігі бар;
- Басқа металл материалдар сияқты тот баспайды;
- Өте жақсы электр оқшаулағыш қасиетке ие;
- Шуы аз, яғни қатты жаңбырлы және бұршақты ауа райында шуды дерлік өткізбейді;
- Жанғыш емес және өрт кезінде өзінен улы бу шығармайды;
- Шатырға арналған басқа материалдардан бірнеше есе арзан.
- Заманауи технология көмегімен әртүрлі түсте шығару мүмкіндігі бар

Біз ұсынып отырған жабдықтардың көмегімен Сіз осындай сапалы өнім өндіру мүмкіндігіне ие боласыз. Сеніңіз, «AFEX Group»-пен «ісіңіз алға басары анық»!

Жоба үшін:

Қажетті алаң: 1000 м2-ден кем емес жабық орын

Ғимарат биіктігі: 6 м-ден кем емес

Инфрақұрылым: техникалық су, кәріз жүйесі;

Электр тогымен қамтамасыз ету: 380 В 50 Гц

Қуат тұтыну: 210 кВт/сағ

Жұмысшылар саны: 6 адам

Өнімге арналған рецептура: беріледі

Асбест шифер өндіру үшін бірнеше шикізат қолданылады, жабдықты сатып алған тұтынушыларымызға шикізат концентраттары мен мөлшері үйретіледі.

Өндіріс бірнеше кезеңді қамтиды:

- Автоматты мөлшерлеу жабдығы шикізатты араластыру машинасына жеткізеді, ал араластыру жабдығы барлық шикізатты біркелкі араластырып, ерітіндіге айналдырады
- Қоспа сорғы арқылы арнайы блендерге өткізіледі және одан Hatschek жабдығына жіберіледі. Сусыздандыру жабдығында арнайы тор арқылы қоспа сусыздандырылады,

Желіні орналастыру үшін өлшемі 1000 м2, биіктігі 6 метрден кем емес орын қажет болады.

### ЖЕЛІ ҚҰРАМЫ МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ:

### I. БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІ:

### 1.Қайта өңдеуге арналған су ыдысы, цемент материалдарын сақтауға арналған ыдыс

### 2.Ағынды суларды араластыру құрылғысы

### 3.Қайта өңдеу, қоспаны тасымалдау жүйесі

### 4.Автоматты араластыру жабдығы

### 5.Қоспаға арналған блендер

### 7. КӨШІРУ ЖАБДЫҒЫ

### 8.Вакуумдық сусыздандыру жүйесі

### 9.Реттеу станогы

### 10.Жалпы тазалау жабдығы

### 11.Автоматты кесу жабдығы

### 12. Блок хост жүйесі

### 13.Қалдықтарды қайта өңдеу жабдығы

### 14. Қуатты басқару жүйесі

### II. ВАКУУМДЫҚ ҚАЛЫПТАУ БӨЛІГІ:

### 1.Қаттау жабдығы

### 2.Отын жүйесі

### 3.Гидравликалық көтергіш платформа

### 4.Беру станогы

### 5.Газ станциясы

### 6.Қалыптау жабдығы

Материалды силикат және фосфат бояулармен бояуға болады, ол күн сәулесіне, ылғалға және басқа әсерлерге одан да төзімді болады.

Жұмыс процесінен көріністер

## Бейне

- https://youtu.be/Bcr5ITAGUpM
- https://youtu.be/6SNjq0z97pc

Тегтер: қытай, қытайдан, өндіріс, шифер

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/asbest-shifer-panelderin-ondiru-jelisi/
kk · [uz](https://afex.uz/product/asbest-shifer-panellari-ishlab-chiqarish-liniyasi-af-l026.md) · [en](https://afex.uz/en/product/asbestos-slate-panel-production-line.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-asboshifernykh-paneley-af-l026.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-panelhoi-shiferi-asbesti.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/shimian-wa-shengchan-xian.md)
