# Ас үй губкасын өндіру жабдықтары
> "AFEX-GROUP" тұтынушылары үшін табысты бизнестер мен жоғары сапалы өндіріс технологияларын ұсынуды жалғастырамыз!
Каталог: Дайын желілер
SKU: 60e589190bd70c209517d520
Жаңартылды: 2026-07-15

"AFEX-GROUP" тұтынушылары үшін табысты бизнестер мен жоғары сапалы өндіріс технологияларын ұсынуды жалғастырамыз! Ас үй губкаларын өндіру бизнесі – нарықтың үздіксіз сұранысын қанағаттандыратын бизнестердің бірі. Бүгінгі таңда ас үй губкаларын өндіруде жарамдылық деңгейі жоғарылаған ең заманауи материалдар қолданылуда. Губкалардың алуан түрлілігі санаттарға бөлінеді. Мысалы: күйген тағамды кетіруге арналған металл губкалар. Шыны ыдыстарды, жиһазды, плиткаларды, пештерді және басқа ыдыстарды тазалауға арналған көбік түзетін талшықты жұмсақ губкалар. Көбік түзетін губкалардың да әртүрлі түрлері бар. Сауда дүкендері мен базарларда Сіз сыртқы дизайны бойынша да ерекшеленетін көбік түзетін поролон және синтетикалық талшықты губка түрлерін кездестіресіз.

## Сипаттама

Ас үй губкасын дайындау – кезең-кезеңімен жүретін, технологиялық тұрғыдан күрделі емес процесс. Бұл өнімді үй жағдайында да өндіруге болады. Негізгі компоненттер – қажетті қалыңдықтағы абразивті синтетикалық талшық және ұсақ немесе ірі көпіршікті поролон. Біз Сізге ұсынып отырған өнімде поролон тазалағыш құралмен әрекеттескенде көбік шығарады, ал абразивті талшықтар тазалайды. Бұл ыдыстарды тазалаудың ең тиімді жолы. Күнделікті өмірде бұл өнімді сатып алғанда оның сапасына көп мән бере бермейміз. Өнімнің сапалы болуы уақытыңызды үнемдейді және судың ысырап болуын азайтады. Сапалы өнім өндіру үшін біз Сізге жарамдылық деңгейі жоғары әрі сыртқы дизайны әдемі синтетикалық талшықты губкаларды өндіру технологияларын ұсынамыз. Өнімді өндіру технологияларымен танысып шығайық.

### Бізге қажетті жабдықтар.

1) Нейлон мата тоқу машинасы. 2) Поролонды матаға салу жабдығы. 3) Ультрадыбыстық кесу жабдығы. 4) Ауа компрессоры

### 1) Нейлон мата тоқу машинасы.

Бұл машинаның көмегімен Сіз сымды және синтетикалық абразивті талшықтарды тоқи аласыз. Матаға әртүрлі көріністегі әшекейлер мен өрнекті гүлдер тоқуға болады. Бұл тоқу машинасы бір сағат ішінде 17-20 метр дайын мата тоқу мүмкіндігіне ие. Тоқылған матаның диаметрі 102мм құрайды. Губкаларды үздіксіз өндіру үшін машина жоғары деңгейде автоматтандырылған, сенсорлы экранмен басқарылады, маталарды тоқуға арналған 10 түрлі формуланы сақтай алады және формуланы кез келген уақытта баптауға болады. ⚠️Ескерту: Өндіріс көлемін арттыру мақсатында қосымша тоқу машиналарын сатып ала аласыз. Бұл басқа жабдықтардың өндірістік қуатына қолайсыздық туғызбайды. Тоқу машинасының көмегімен дайын болған маталарды келесі жабдыққа жібереміз.

### 2) Поролонды матаға салу жабдығы.

Поролонды матаға салу – бұл кезең қол еңбегімен салыстырғанда технологиялық тұрғыдан күрделі емес, бірақ тиімділігі жоғары жабдықтың көмегімен орындалады. Жабдық өлшемге кесілген поролондарды матаның ішіне орналастырады. ⚠️Ескерту: Бұл жабдық пневматикалық жұмыс механизміне негізделген, яғни компрессордың көмегімен жұмыс істейді. Бұл жабдықтың электр тогымен жұмыс істейтін түрлері де бар, егер Сіз электр тогымен жұмыс істейтін түрін сатып алғыңыз келсе, ол өз кезегінде көрсетілген жалпы сомадан 1000$ арзан болады. Жабдықтың көмегімен дайын болған жартылай фабрикаттарды келесі жабдыққа жібереміз.

### 3) Ультрадыбыстық кесу жабдығы.

Жабдық губкаларды автоматты түрде өлшемге қарай дәнекерлеп, содан кейін кеседі. Компьютерлік басқару жүйесінің көмегімен Сіз қажетті өлшемдегі өнім өндіре аласыз. Дайын өнімді 3-5 данадан тұратын жиынтықтарда, кәсіпорныңыздың атауы жазылған байламдарда базар мен дүкен сөрелеріне сатуға шығара аласыз.

### 4) Ауа компрессоры.

Ауа компрессоры – поролонды матаға салу жабдығы мен ультрадыбыстық кесу жабдығына арналған көмекші құрылғы.

## Бейне

- https://youtu.be/EzkTpsheJuY
- https://youtu.be/FBb0pOBPY9c
- https://youtu.be/K-_v6Jsx6EY

Тегтер: ас үй жабдықтары, губка, жабдықтар, қытайдан, өндіріс

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/as-ui-gubkasyn-ondiru-jabdyqtary/
kk · [ru](https://afex.uz/ru/product/oborudovaniye-dlya-proizvodstva-kukhonnykh-gubok.md) · [en](https://afex.uz/en/product/kitchen-sponge-production-equipment.md) · [uz](https://afex.uz/product/oshxona-gubkasi-ishlab-chiqarish-uskunalari.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/tajhizoti-istehsoli-isfanji-oshkhona.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/chufang-haimian-ca-shengchan-shebei.md)
