# Аграф (аспа) өндіру желісі
> Күн өткен сайын заманауи технологиялар өміріміздің әрбір бөлігіне, саласына еніп келеді.
Каталог: Металл өңдеу
SKU: 60a266bf0bd70c688c643abe
Жаңартылды: 2026-07-15

Күн өткен сайын заманауи технологиялар өміріміздің әрбір бөлігіне, саласына еніп келеді. Оларға деген сұранысымыз да азаймай, керісінше артып келеді. Бұларға мысал ретінде азық-түлік, автосервис, ағаш пен металл өңдеу, қаптау, сервис салаларын атауға болады. Осындай қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі, әрине, құрылыс саласы.

## Негізгі көрсеткіштер

- **Орамның сыртқы диаметрі:** 1200 мм
- **Қозғалтқыш:** 2 фаза
- **Электр қозғалтқышының қуаты:** 5.5 кВт
- **Материал қалыңдығы:** 2 мм
- **Ені ауқымы:** 450 мм-530 мм
- **Орам салмағының сыйымдылығы:** 2000 кг

## Сипаттамалар

### Металл орамын беру жабдығы

| | |
|---|---|
| Материал қалыңдығы | 2 мм |
| Ені ауқымы | 450 мм-530 мм |
| Орам салмағының сыйымдылығы | 2000 кг |
| Жылдамдығы | 15 м/мин |
| Орамның сыртқы диаметрі | Макс. 1200 мм |
| Орамның ең үлкен ені | 400 мм |
| Негізгі білік | 40Cr |
| Жабдық салмағы | 800 кг |
| Жабдық өлшемдері | 1500*1200*1300 |
| Қозғалтқыш | 2 фаза |

### Түзететін жабдық

| | |
|---|---|
| Ең жоғары жұмыс жылдамдығы | 400 мм |
| Ең үлкен өңдеу ұзындығы | 9999 мм |
| Материал қалыңдығы | 0.2-3.2 мм |
| Қалып биіктігі | 70-170 мм |
| Қозғалтқыш | AC1.3 |

### Механикалық пресс жабдығы

| | |
|---|---|
| Номиналды қысым | 400 кН |
| Соққы жиілігі | 45 рет/мин |
| Тік бағаналардың ұзындығы | 340 мм |
| Слайдер ортасы мен жабдық арасындағы қашықтық | 250 мм |
| Жұмыс үстелінің қалыңдығы | 65 мм |
| Электр қозғалтқышының қуаты | 5.5 кВт |
| Салмағы | 3600 кг |

| | |
|---|---|
| № | Бөліктер · Өндірілген елі · Конфигурация |
| 1 | Негізгі қозғалтқыш · Қытай · Стандарт |
| 2 | Электр бөлігі · Франция · Стандарт |
| 3 | Қауіпсіздік қоршауы · Франция · Стандарт |
| 4 | Механикалық майлау · Қытай · Стандарт |
| 5 | Педаль · Қытай · Қосымша |
| 6 | Фотоэлектрлік қорғаныс · Қытай · Қосымша |
| 7 | Негізгі қозғалтқыш · Германия · Қосымша |
| 8 | Майлау · Қытай · Қосымша |
| 9 | Қауіпсіздік стандарты · CE |

## Сипаттама

Артықшылықтары 1 Жеңіл 2 Өндіріс көп күш талап етпейді 3 Ыңғайлы 4 Төзімді 5 Көпфункциялы 6 Үнемді 7 Аз орын алады Көріп отырғаныңыздай, аграфтың артықшылықтары өте көп және құрылыс саласында оның орны да ерекше. Сондықтан да біз Сіздерге жоғары табыс әкелетін бизнесті ұсынамыз. Бұл бизнес арқылы халқымызды арзан әрі сапалы аспалармен қамтамасыз етесіз деп үміттенеміз, соның нәтижесінде өз табысыңызды қысқа мерзім ішінде едәуір арттыруға қол жеткізесіз. Төменде осы өндіріс желісі туралы толық мәліметтер ала аласыз. Бізге қажетті жабдықтар, шикізат және орын Аграф (аспа) өндіру үшін бізге мына жабдықтар жинағы қажет болады: 1 Металл орамын беру жабдығы 2 Металл орамын тегістейтін жабдық 3 Механикалық пресс Шикізат ретінде Сіз металды пайдаланасыз. Ол үшін металдың дөңгелек орам түрінде оралған болғаны жөн. Металл орамын Ташкентте орташа бағамен 1 тоннасын 10 миллион сумға таба аласыз. Ескерте кетейік, бұл баға орташа есеппен алынған. Шикізат сапасы мен сатып алу орнына қарай бағалар өзгеруі мүмкін. Бұл жабдықтар жинағы Сізден үлкен алаңды талап етпейді. Жабдықтарды бірінен соң бірін орналастырғанда шамамен 10 м орын алады. Сондықтан осы өлшемдерге сай бөлме дайындағаныңыз жөн. Жабдықтағы барлық процестер автоматтандырылғандықтан, жабдықтағы процестерді, шикізат пен өнімді бақылап отыру үшін 2 жұмысшы алу жеткілікті. Өндіріс процесі Келіңіз, Сіздермен бірге аграф (аспа) өндіру желісінің бүкіл процесімен толық танысып шығайық. Металл орамын беру жабдығы Бұл кезеңде біз дайын металл орамын беру жабдығына орналастырамыз. Бұл жабдық айналу арқылы металл орамын servo feeder-ге (тегістейтін жабдыққа) жеткізіп береді. Беру жабдығының барлық бөліктері болаттан жасалғандықтан, ауыр металдарды көтергенде де қиындықсыз, үздіксіз қызмет етеді. Функциясы: жабдықта орналасқан гидравликалық бөліктердің арқасында металл орамының диаметріне сүйене отырып, жабдыққа орнатылатын бөліктің диаметрін кеңейтуге, тарылтуға болады. Түзететін жабдық Келесі кезеңде металл орамы берілгеннен кейін servo feeder жабдығы металл орамын түзетіп-тегістеп, пресс машинасына дайын күйге келтіреді. Жабдыққа қосымша ретінде дисплей орнатылған. Заманауи дисплей арқылы баптауларды және процестің барысын өзгертуге және бақылауға болады Түзететін жабдықтың мынадай ерекшеліктері бар: 1 Әртүрлі қалыңдықтағы және ұзындықтағы өнімдерді пайдалануға болады 2 Жоғары жылдамдықпен және ұзақ уақыт жұмыс істей алады, жетілдірілген жылдамдық пен дәлдік 3 Панельді басқару, оңай әрі дәл 4 Пневматикалық процесс, қатесіз 5 Сатып алушының талабы бойынша механикаландыруға да болады 6 Ең жоғары жылдамдығы 20 м/мин Түзететін жабдықтың құрылымы: 1 Ең соңғы үлгідегі серво қозғалтқыш қолданылған. Бұл өз кезегінде процеске қажетті алаң мен сынақ уақытын барынша азайтады 2 Жоғары сезімталдықты декодер 3 Шуы төмен, аз май қажет етеді 4 Қозғалтқыш жабдықтың ішінде орналасқандықтан, жеткізу кезінде орын алуы мүмкін әртүрлі зақымданулардың алдын алады. 5 Жабдықта YASKAWA брендті қозғалтқыш қолданылған Механикалық пресс жабдығы Ал соңғы кезеңде дайын орамда механикалық пресс жабдығының көмегімен алдын ала енгізілген өлшемдерге сүйене отырып, металда саңылаулар жасап, кеседі. Жабдық престеу механизмі бойынша жұмыс істейді. Бұл пресс жабдығы металл конструкциядан жасалған. Ауыр салмағы мен арнайы дизайнының арқасында жабдық 40 тоннаға дейінгі қысыммен престей алады. Өнім қалыңдығы: 0.3-1.0 мм Өнім ұзындығы: 300 мм Өнімділігі: минутына 70-80 дана Жабдық механизмдері құйма болаттан жасалған, механизм тістері де дәл солай. Жабдық дискісі де қатты болаттан жасалған. Бұл жабдықтағы процестердің бірқалыпты, оңай әрі жылдам жүруіне қызмет етеді. Механикалық қуат қысымы жоғары сұрыпты шойыннан жасалады және қысу жұмыстары үшін жеткілікті қуатты сақтау және босату үшін теңестірілген. Майлау жүйесі жабдық үшін арнайы әзірленген және жабдықтың сырғымалы беткі бөліктерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

## Бейне

- https://youtu.be/ExUpnu-_Jcc
- https://youtu.be/EKphM_BKn6I

Тегтер: аспа, аспа, жабдықтар, өндіріс, Профиль

**Баға:** Жеткізу, монтаж, кепілдік — бағасын сұраңыз.

---
Бет (HTML): https://afex.uz/kz/product/agraf-aspa-ondiru-jelisi/
kk · [en](https://afex.uz/en/product/agraf-podves-production-line.md) · [uz](https://afex.uz/product/agraf-podves-ishlab-chiqarish-liniyasi.md) · [zh-CN](https://afex.uz/cn/product/diao-ding-diao-jian-diaogua-jian-shengchan-xian.md) · [ru](https://afex.uz/ru/product/liniya-po-proizvodstvu-agrafa-podvesa.md) · [tg](https://afex.uz/tj/product/khati-istehsoli-agraf-oveza.md)
